Монтсеррат Ұлттық футбол құрамасы (ағыл. Montserrat national football team) — халықаралық футбол жарыстарында Монтсерраттың намысын қорғайтын құрама. Басқарушы ұйым - Монтсеррат Футбол Қауымдастығы.
Тарихы
1994 жылы КОНКАКАФ-қа, 1996 жылы ФИФА-ға мүше болды. Әзірше әлем чемпионаттары мен КОНКАКАФ Алтын Кубогының финалдық турнирлеріне қатыспаған. Тіпті Кариб елдері кубогына да қатыспаған. Әлем чемпионатының іріктеуіне алғаш рет 2002 жылы қатысты. Сондан бері ӘЧ іріктеулерінде 9 ойын өткізіп, біреуінде ғана тең ойнады (2015 жылы 31 наурызда ӘЧ-2018 іріктеуінде Кюрасао құрамасымен 2:2 есебімен тең түсті, бірақ сыртта 1:2 есебімен ұтылғандықтан, жарысты жалғастыра алмады).
Әлемдегі аутсайдер құрамалардың бірі. ФИФА рейтингісіндегі ең жоғары көтерілген сатысы 165-ші орын (2014 жылы тамыз айында). Құраманың ең мықты деген футболшысы Джуниор Мендес Шотландияның үшінші дивизионында доп тепкен.
2002 жылы Бутан құрамасымен жолдастық кездесу өткізді. Бұл олардың жалғыз ғана солтүстік америкалық емес қарсыласы. Қалған қарсыластарының бәрі КОНКАКАФ өкілдері.
Қызықты фактілер
2002 жылы өткізілген Бутан - Монтсеррат жолдастық кездесуі жайлы "Басқа финал" атты көркем фильм түсірілді.
Соңғы кездесулері
Мерзімі
|
Location
|
Қарсылас
|
Есеп
|
Жарыс
|
Attendance
|
Montserrat Goalscorers
|
27 наурыз 2015
|
Ergilio Hato Stadium, Виллемстад
|
Кюрасао
|
1–2
|
ӘЧ-2018 іріктеуі
|
|
Л Тэйлор
|
31 наурыз 2015
|
Blakes Estate Stadium, Сент Джонс
|
Кюрасао
|
2–2
|
ӘЧ-2018 іріктеуі
|
|
Уиллер, Вудс-Карнесс
|
8 қыркүйек 2018
|
Blakes Estate Stadium, Сент Джонс
|
Сальвадор
|
1–2
|
КОНКАКАФ Ұлттар Лигасы 2019/20 іріктеуі
|
|
Л Тэйлор
|
14 тамыз 2018
|
Blakes Estate Stadium, Сент Джонс
|
Белиз
|
1–0
|
КОНКАКАФ Ұлттар Лигасы 2019/20 іріктеуі
|
|
Уир Дэйли
|
16 қараша 2018
|
Ergilio Hato Stadium, Виллемстад
|
Аруба
|
2–0
|
КОНКАКАФ Ұлттар Лигасы 2019/20 іріктеуі
|
|
Уир Дэйли, Вудс-Карнесс
|
22 наурыз 2019
|
Ed Bush Stadium, Вест Бай
|
Қаймандар
|
2–1
|
КОНКАКАФ Ұлттар Лигасы 2019/20 іріктеуі
|
|
Клуфтон, Вудс-Карнесс
|
Дереккөздер
Сілтемелер