Лотар Маттеус

Лотар Маттеус Футбол
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Лотар Герберт Маттеус

Туған күні

21 наурыз 1961 (1961-03-21) (63 жас)

Туған жері

Эрланген, ГФР

Азаматтығы

 Германия

Бойы

174

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

мансабын аяқтады

Жастар клубы
1971—1978 Германия Херцогенаурах
Клуб карьерасы[* 1]
1978—1979 Германия Херцогенаурах 22 (20)
1979—1984 Германия Боруссия (М) 162 (36)
1984—1988 Германия Бавария 113 (57)
1988—1992 Италия Интернационале 115 (40)
1992—2000 Германия Бавария 189 (28)
2000 АҚШ Нью-Йорк Метро Старз 21 (0)
Ұлттық құрамы[* 2]
1980—2000 Германия ГФР/Германия 150 (23)
Бапкерлік карьерасы
2001—2002 Аустрия Рапид (Вена)
2002—2003 Югославия Партизан
2003—2005  Мажарстан
2006 Бразилия Атлетико Паранаэнсе
2006—2007 Аустрия Ред Булл Зальцбург
2008—2009 Израиль Маккаби (Нетания)
2010—2011  Болгария
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Лотар Херберт Маттеус (нем. Lothar Herbert Matthäus, 21 наурыз 1961 жыл, Эрланген қалашығы, Германия) — Германия футболшысы, жартылай қорғаушы. Германия ұлттық құрамасының сапында 150 ойын өткізіп, 23 гол соққан; Жиырма жыл (1980-2000) ішінде ГФР құрамасының жейдесін 150 рет киген Л. Маттеус кейінгі жылдары өзін бапкер ретінде танытып жүр. 2003-2005 жылдары ол Венгрия құрамасын жаттықтырса, кейін Израильдің «Маккаби» клубымен жұмыс істеді.

Бес әлем чемпионатына барып (1982, 1986, 1990, 1994, 1998), финалдық турнирлерде жалпы саны 25 ойын өткізіп, 6 гол соққан;

Әлемнің және Еуропаның 1990 жылғы үздік футболшысы;

«Боруссия», Менхенгладбах (1979-1984), «Бавария» (1985-1988, 1993-2000), «Интер», Италия (1988-1992), «Нью-Йорк Метростарз», АҚШ (2000) клубтарында өнер көрсеткен;

Әлем чемпионы (1990), Еуропа чемпионы (1980), УЕФА кубогының 2 дүркін иегері (1991, 1996).

Футбол тарихында өзіндік орны бар футболшыларға әсіресе неміс жері бай екені мәлім. Сондай сайыпқырандардың бірі – жасыл алаңнан 40 жасына дейін кетпеген әйгілі жартылай қорғаушы Лотар Маттеус.

Мансабы

Ең кішкентай, ең әлжуаз

Әсіресе әлемдік доп додасының рекордтары туралы сөз қозғалғанда, Маттеусті айналып өту мүмкін емес. Финалдық турнирлерде ең көп (25) ойын өткізген де – сол, бес әлем чемпионатына қатысқан алаңдағы жалғыз ойыншы да – сол (дәл осындай көрсеткішке ие мексикалық Антонио Карбахал – қанша дегенмен, қақпашы ғой).

Әрине, спорт тауарлары дүкені бар ерлі-зайыпты кәсіпкерлер Хайнц пен Катарина Маттеустер кіші ұлдарының болашақта атақты футболшы болатынын болжай қоймаған шығар. Олар Лотарды да ағасы Вольфганг секілді осы кәсіпке бейімдегісі келді. Алайда, балақайдың басындағы ой басқаша еді. Азаннан ақшамға дейін ала доптың соңында алаөкпе болатын ол қалайда футболмен кәсіби түрде айналысуды армандады. Мектепте сыныбындағы ең бойы кішкентайы да, ең әлжуазы да өзі болғандықтан, кейде қатарластарының артықшылығына қызығып, «мама, мені неге мұнша құйтақандай ғып тудың?» деп шешесіне жылап келетін. Дегенмен, тынбай жаттығу мен тұрақты футбол ойнаудың нәтижесінде ол кәмелетке толарда сымбаты көз тоярдай көркем атлет боп шықты.


Лотар кәсіпқой футболдағы алғашқы келісім-шартты Менхенгладбахтың «Боруссиясымен» жасасты. Бұл кезде ол небәрі 18 жаста еді. 1980 жылдың көктемінде «Боруссия» УЕФА кубогының финалына шықты, ал Маттеус ойлы ойынымен ұлттық құраманың жаттықтырушысы Юпп Дервальдің назарын аударды. Сол жылғы Еуропа біріншілігінде алаңда тек 16 минут қана ойнағанымен, өзге әріптестерімен бірге құрлық чемпионы атанған оның әлемдік доп додасындағы дебюті 1982 жылы болды. Испанияға да қосалқы құрам ойыншысы есебінде барған жас талант небәрі екі ойынға ғана қатысып, жасыл алаңда ұзын-ырғасы 50 минут қана өткізді.

Марадонамен жекпе-жек

Ол кезде ГФР (Германия Федеративтік Республикасы) деп аталған елдің ұлттық құрамасының тізгінін Франц Беккенбауэр алған соң ғана ол негізгі құрамға тұрақты іліге бастады. 1986 жылғы әлем чемпионатында Маттеус команданың тұтқалы жартылай қорғаушысына айналған болатын. Лотардың өз міндетіне аса жауапты ұқыптылығы мен шаршау білмес төзімділігін айрықша бағалайтын бапкер оны шабуылға көбірек көңіл бөлетін Феликс Магаттың ту сыртына орналастырып, қорғаныс шебінің басты көмекшісі есебінде пайдаланды. Алайда, мақтаулы жартылай қорғаушы Уругваймен болған алғашқы кездесудің 4-минутында-ақ масқара қателік жасады: өз қақпашысына асырмақ болған ол допты абайламай Антонио Алсамендидің алдына салды да берді – 0:1. Әбүйір болғанда Клаус Аллофс 85-минутта әрең дегенде таразы басын теңестіріп, команданы күтпеген жеңілістен сақтап қалды.

Бұдан қорытынды шығара білген Маттеус сақ та сауатты ойнап, құраманың негізгі көшбасшыларының біріне айналды. 1/8 финалда ГФР футболшылары марокколықтар қақпасының кілтін еш таба алмай қойғанда, көмекке Лотар келіп, 88-минутта 35 метрдей жерден айып добын дәл орындап, команданы ширек финалға алып шықты. Мексиканы пенальти арқылы 4:1, Францияны негізгі уақытта 2:0 есебімен ұтқан немістер финалда Аргентинамен кездесті. Беккенбауэр бұл жолы өзінің сенімді шәкіртіне әлемнің үздік футболшысы – Диего Марадонаны көзден таса қылмауды тапсырды. Маттеус міндетін адал атқарды: осыған дейінгі матчтарда 5 доп соққан даңқты аргентиналықтың бұл жолы қанжығасы майланған жоқ. Алайда, Лотар оны ең шешуші сәттерде назардан тыс қалдырды: 23-минутта одан оңбай алданған жартылай қорғаушы Марадонаны шалып жығуға мәжбүр болды (айып добынан соң Хосе Браун есеп ашты). Сосын таразы басы теңесіп, қуаныштан жүрек өрекпіп тұрған 85-минутта ол бір сәт «уһ» деп тыныстауға мүмкіндік алды. Бірақ алаңда Ұлы Мәртебелі Диего тұрған кезде бір мезет тыныс алу мүмкін бе?! Бір минут бақылаусыз қалған оның допты 40 метрдей жерден Хорхе Бурручаганың алдына дәл тастағаны сондай, гол болмауы мүмкін емес еді…

Ақыры құлаған рекорд

Мексикадағы салыстырмалы түрдегі сәтсіздік (қалай дегенмен, күміс жүлде ғой) Беккенбауэр-бапкердің Маттеуске деген сенімін сетінете алған жоқ. Керісінше, кезекті, 1990 жылғы әлемдік доп додасы қарсаңында «Кайзер Франц» Лотармен жеке әңгіме өткізді. «Бізге ешқашан ерік-жігері мұқалмайтын, жігіттерді соңынан ерте алатын көшбасшы керек, – деді ол. – Бұл сенің қолыңнан келетініне сенемін. Сондықтан да капитан етіп тағайындаймын. Енді сен тылға көп қарайлама. Ол міндетті Гвидо Бухвальд атқарады. Ал сен шабуылға дем бер, команданың бүкіл ойынын ұйымдастыр. Менің идеямды алаңда іске асырушы басты диспетчер өзің бол. Сонда осы чемпионатта сенің де жұлдызың жанады, Отаныма бапкер ретінде алтын кубокты алып беріп, менің де жаным жай табады».

Маттеус ұстазының талабын бұлжытпай орындады. Бапкер сенімі оған қанат бітіргендей болды. Бұл чемпионатта одан артық ойнаған ешкім болған жоқ. Біріншіліктің үздік футболшысы атағын 6 гол соққан итальяндық шабуылшы Сальваторе Скиллачи ап кеткенімен, доданың басты жұлдызы Маттеус екенін елдің бәрі мойындады. Жыл соңында «Франс футболдың» «Алтын добы» да осы бір шаршау білмес неміс футболшысына бұйырды. Ал финалда ол баяғы Марадонамен қайта кездесті. Бұл жолы аргентиналық ештеңе істей алмады. Керісінше, Маттеус бастаған ГФР құрамасы айқын басымдықпен ойнады. Қарсыластары Лотарды көзден қанша таса қылмаса да, ол командасын алға сүйреп, жеңіс үшін ерен еңбек сіңірді.

1994 жылғы дода біздің кейіпкеріміз үшін де, Германия үшін де аса сәтті бола қойған жоқ. Ширек финалда олар Болгариядан ұтылып қалды. Бұл – Маттеустің финалдық турнирлердегі 21-ойыны еді. Қызық болғанда, бұған дейінгі үш рекордшы да осы көрсеткішке кеп тоқтаған болатын. Неміс шабуылшысы Уве Зеелер 1958, 1962, 1966 және 1970 жылдары 21 ойын өткізді. Үш әлем чемпионатында 20 рет алаңға шыққан поляк қорғаушысы Владислав Жмуда 1986 жылы бір-ақ рет ойнады да, Зеелерден оза алмады. Диего Марадонаның 1994 жылғы Нигериямен ойыны да оның 21-матчы-тұғын. Кездесуден кейін оның тыйым салынған дәрі – эфедрин ішкені анықталды да, чемпионатты әрі қарай жалғастыру құқынан айрылды. Сөйтіп, осы төрт футболшы да бір цифрға – 21-ге кеп тоқтады.

Беккенбауэрдің орнын басқан бас бапкер Берти Фогтспен тіл табыса алмаған Маттеус 1994 жылдың күзінен бастап құрамаға шақырылмайтын болды. Алайда, жаттықтырушы «ардагер футболшының бай тәжірибесі әлі де қажет» десе керек, 1998 жылғы доп додасы басталар сәтте 37 жастағы Лотарды қайта есіне алды. Футболдың статистикасын сүйетін жанкүйер қауым қалам-қағазын әзірлей бастады. Әлемдік рекорд көп күттірген жоқ: Югославиямен ойынның екінші таймда алаңға Маттеус шықты! Бұл – оның финалдық турнирлердегі 22-матчы еді (кейін тағы үш матчқа қатысты). Бұған қоса ол бес чемпионаттың дәм-тұзын татқан әйгілі мексикалық қақпашы Антонио Карбахалды қуып жетті.

Мақаланың авторы — Сәкен Сыбанбай

Жетістіктері

Ойыншы ретінде

Бавария

  • Германия чемпионы (7): 1985, 1986, 1987, 1994, 1997, 1999, 2000
  • Германия кубогы (3): 1986, 1998, 2000
  • УЕФА кубогы: 1996
  • Германия суперкубогы: 1987
  • Германия лига кубогы (3): 1997, 1998, 1999

Интернационале

  • Италия чемпионы: 1989
  • Италия суперкубогы: 1989
  • УЕФА кубогы: 1991

Германия

  • Әлем чемпионы: 1990
  • Еуропа чемпионы: 1980

Сілтемелер

Read other articles:

Asosiasi Asistensi untuk Pemerintahan Kekaisaran 大政翼賛會Taisei YokusankaiPresidenFumimaro Konoe (1940–1941)Hideki Tojo (1941–1944)Kuniaki Koiso (1944–1945)Kantarō Suzuki (1945)Wakil PresidenHeisuke Yanagawa (1941)Kisaburō Andō (1941–1943)Fumio Gotō (1943–1944)Taketora Ogata (1944–1945)Dibentuk12 Oktober 1940Dibubarkan13 Juni 1945Digabungkan dariRikken SeiyūkaiRikken MinseitōKokumin DōmeiShakai TaishūtōKantor pusatMarunouchi, Chiyoda, Tokyo, Kekaisaran JepangS...

 

Partido Comunista de la República Socialista Soviética de KazajistánКоммунисти́ческая па́ртия Казахстанской ССР (ruso) Қазақ КСР Коммунистік партиясы (kazajo) Primer Secretario Levón Mirzoyán (primero)Nursultan Nazarbayev (último)Fundación 1936Disolución 7 de septiembre de 1991Escisión de PCUSEslogan ¡Proletarios de todos los países, uníos! (Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңде...

 

Sri Lanka Railways Class S12Class S12 No. 925ManufacturerCSRBuilt atSifang, ChinaFamily nameD 22 (KV Set)Constructed2012Number built22 trainsetsNumber in service22FormationMCG + 3xTC + 3xSC + 1xFC + 1xRC + MCG (Main Line Set), MCG + 5xTC + DDCG (KV Set)Capacity44 (AFC) + 66*3 (TC) + 52 (TCBU) + 44*3 (SC) = 426Operator(s)Sri Lanka RailwaysSpecificationsCar body constructionManufactured In Stainless steelCar length50 ft (15.24 m)Maximum speed100 km/h (62 mph) (De-rated 80...

High school in Union County, New Jersey, United States Union High SchoolAddress2350 North Third StreetUnion Township, Union County, New Jersey 07083United StatesCoordinates40°42′15″N 74°17′01″W / 40.704229°N 74.283639°W / 40.704229; -74.283639InformationTypePublic high schoolSchool districtUnion Public School DistrictNCES School ID341650005742[1]PrincipalAlthea Bossard (interim)Faculty169.0 FTEs[1]Grades9-12Enrollment2,270 (as of 2021–22)&...

 

Austrian cinema company CineplexxTypeGmbHIndustryEntertainment (movie theatres)Founded1993HeadquartersVienna, AustriaNumber of locations61 (2021)Area servedAustria, Albania, Bosnia and Herzegovina, Croatia, Greece, Italy, Kosovo, Montenegro, North Macedonia, Romania, Serbia, SloveniaKey peopleChristian LanghammerRevenue€150 million (2019)Number of employees1,600 (2019)Websitewww.cineplexx.at Cineplexx in Zagreb, Croatia Cineplexx is a cinema company based in Vienna, Austria, owned by Consta...

 

球状トカマク(Spherical Tokamak)は超高温のプラズマを閉じこめる磁気閉じ込め方式であるトカマク型の一形式。 概要 プラズマ直径とプラズマの太さの比(縦横比)が1に近いトカマク型でプラズマが球形状になる[1]。 理論上はプラズマを太くするだけでプラズマの閉じ込めや長時間維持などの安定性が向上するので、低磁界でも高温高密度なプラズマを閉じ込めること...

Dam in York County, New BrunswickMactaquac DamMactaquac Dam in January 2005 seen from west bank of Saint John River on downstream side.Mactaquac Dam in New Brunswick.Official nameMactaquac Generating StationCountryCanadaLocationBright Parish / Kingsclear Parish, York County, New BrunswickCoordinates45°57′15.2″N 66°52′5.8″W / 45.954222°N 66.868278°W / 45.954222; -66.868278StatusOperationalConstruction began1965Opening date1968Owner(s)NB PowerDam an...

 

1997 studio album by Benny CarterSongbook Volume IIStudio album by Benny CarterReleased1997RecordedJune 26 – July 28, 1995Studio Group IV Studios, Los Angeles Master Sound Astoria, New York City GenreJazzLength75:22LabelMusicMastersProducer Danny Kapilian Ed Berger Benny Carter chronology New York Nights(1997) Songbook Volume II(1997) Songbook Volume II is an album by American saxophonist and composer Benny Carter, released in 1997 by MusicMasters Records.[1][2] Rece...

 

Mixed-use buildings in Turkey Trump Towers IstanbulGeneral informationStatusCompletedTypeMixed-useLocationMecidiyeköy, Şişli, Istanbul, TurkeyCoordinates41°4′3″N 28°59′33″E / 41.06750°N 28.99250°E / 41.06750; 28.99250Opening2012[1]HeightRoof155 m (509 ft) and 145 m (476 ft)Technical detailsFloor count39 and 37Design and constructionArchitect(s)Brigitte Weber Architectural Office[2][3]DeveloperAdi Chabli Trump T...

SMA Negeri 1 SawahluntoInformasiDidirikan15 Oktober 1959JenisNegeriAkreditasiANomor Pokok Sekolah Nasional10303691Kepala SekolahDrs. Jafrizal, M.Pd.Jumlah kelas7 kelas setiap tingkatJurusan atau peminatanIlmu alam, Ilmu sosial dan Ilmu bahasaRentang kelasX-XIIKurikulumKurikulum Tingkat Satuan PendidikanStatusNegeri (Rintisan SMA Kategori Mandiri)AlamatLokasiJalan Sudirman No. 7, Kubang Sirakuak Selatan, Lembah Segar, Sawahlunto 27417, Sumatera Barat, IndonesiaTel./Faks.(0754) - 6100...

 

Artikel ini sebatang kara, artinya tidak ada artikel lain yang memiliki pranala balik ke halaman ini.Bantulah menambah pranala ke artikel ini dari artikel yang berhubungan atau coba peralatan pencari pranala.Tag ini diberikan pada September 2016. Stanislaus SandarupaLahir(1956-10-09)9 Oktober 1956Makale, Sulawesi Selatan, IndonesiaMeninggal18 Januari 2016(2016-01-18) (umur 59)Kota Makassar, Sulawesi Selatan, IndonesiaKebangsaanIndonesiaAlmamaterUniversitas HasanuddinUniversitas ChicagoPe...

 

American journalist, writer, author and TV producer Kim OsorioBorn (1974-06-14) June 14, 1974 (age 49)The Bronx, New York, United StatesOther namesKim OsorioOccupationEditor/Writer/TV PersonalityKnown forThe Source magazine lawsuitTitleAuthor/Editor In Chief of The Source (magazine)Children3Websitekimosorio.com Kim Osorio (born June 14, 1974 in The Bronx, New York City) is an American journalist, writer, author, TV producer and personality. She was also a cast member on the Ame...

Solution concept of a non-cooperative gameNash equilibriumA solution concept in game theoryRelationshipSubset ofRationalizability, Epsilon-equilibrium, Correlated equilibriumSuperset ofEvolutionarily stable strategy, Subgame perfect equilibrium, Perfect Bayesian equilibrium, Trembling hand perfect equilibrium, Stable Nash equilibrium, Strong Nash equilibrium, Cournot equilibriumSignificanceProposed byJohn Forbes Nash Jr.Used forAll non-cooperative games This article needs additional citations...

 

Konsonan geser tekak nirsuaraχNomor IPA142Pengkodean karakterEntitas (desimal)χUnikode (heks)U+03C7X-SAMPAXKirshenbaumXBraille Gambar Sampel suaranoicon sumber · bantuan Artikel ini mengandung simbol fonetis. Tanpa dukungan perenderan yang baik, Anda mungkin akan melihat tanda tanya, kotak, atau simbol lain, bukan simbol fonetis. Konsonan desis tekak nirsuara adalah jenis dari suara konsonan tekak yang digunakan dalam berbagai bahasa. Simbol IPAnya adalah ⟨χ⟩....

 

This name uses Bhutanese naming customs. Bhutanese people have two given names, neither of which is a surname or family name unless they are descended from royal or noble lineages. Druk Gyalsey of Bhutan Jigme Namgyel WangchuckDruk Gyalsey of BhutanBorn (2016-02-05) 5 February 2016 (age 7)Lingkana Palace, Thimphu, BhutanHouseWangchuckFatherJigme Khesar Namgyel WangchuckMotherJetsun PemaReligionBuddhism Bhutanese royal family The Druk Gyalpo (Dragon King)The Druk Gyaltsuen (Dragon Queen) ...

                                            الثقافة الأعلام والتراجم الجغرافيا التاريخ الرياضيات العلوم المجتمع التقانات الفلسفة الأديان فهرس البوابات مقدمة تفاصيل للوحة ليوناردو دافينشي موناليزا المرسومة بأسلوب سفوماتو الفن أو...

 

Río Chico Osnovni podaci Država  Meksiko Savezna država Nayarit Opština Del Nayar Stanovništvo Stanovništvo (2014.) 9[1] Geografija Koordinate 21°50′58″N 104°40′02″W / 21.84944°N 104.66722°W / 21.84944; -104.66722 Vremenska zona UTC-7, leti UTC-6 Nadmorska visina 311[1] m Río ChicoRío Chico na karti Meksika Río Chico je naselje u Meksiku, u saveznoj državi Nayarit, u opštini Del Nayar. Prema proceni iz 2014. godine u naselju...

 

This article does not cite any sources. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: 1998 Motorola 300 – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (February 2012) (Learn how and when to remove this message) 1998 GatewayRace detailsRace 6 of 19 in the 1998 CART seasonGateway International RacewayDateMay 23, 1998Official name1998 Motorola 300LocationGateway...

Wollmatingen Stadt Konstanz Ehemaliges Wappen von Wollmatingen Koordinaten: 47° 42′ N, 9° 9′ O47.6925689.14684422Koordinaten: 47° 41′ 33″ N, 9° 8′ 49″ O Höhe: 422 m ü. NHN Fläche: 10,26 km² Einwohner: 6232 (31. Dez. 2011) Bevölkerungsdichte: 607 Einwohner/km² Eingemeindung: 1. August 1934 Karte Lage des Stadtteils Wollmatingen in der Stadt Konstanz Wollmatingen ist eine ehemals selbstst...

 

Potret Kaisar Guangxu, dengan lukisan Naga Kuning yang dibordir di jubahnya. Naga Kuning (Hanzi Tradisional: 黃龍; Hanzi Sederhana: 黄龙; Pinyin: Huánglóng; Alih aksara Yale: Wong4 Lung4; bahasa Jepang: Kōryū or Ōryū; bahasa Korea: Hwang-Ryong; bahasa Vietnam: Hoàng Long) adalah titisan Dewa Kuning berwujud hewan, pusat alam semesta dalam kepercayaan tradisional Tionghoa dan mitologi Tiongkok.[1] Kaisar Kuning atau...

 

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!