КСРО Ұлттық футбол құрама командасы — 1923-91 жылдары Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) атынан Халыаралық футбол жарыстарында сынға түскен құрама команда. 1991 жылы КСРО тарап кеткен соң құрама команда да тарады. Құрама 1992 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алып қойғандықтан, аталмыш турнирге оның орнына ТМД құрамасы қатысты.
Жетістіктері
Екі дүркін Жазғы Олимпиада чемпионы (1956, 1988)
Үш дүркін Жазғы Олимпиада қола жүлдегері (1972, 1976, 1980)