Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы

Қазақстан Қазақстан
Логотип
Лақап аты

Қаршығалар[1]

Конфедерация

УЕФА

Федерация

Қазақстан футбол федерациясы

Бас бапкері

Станислав Черчесов

Капитаны

Асхат Тағыберген

Ең көп
ойын саны

Самат Смақов (76)

Үздік
бомбардир

Бақтияр Зайнутдинов (14)

Үй стадионы

Астана Арена
Орталық стадион (Алматы)

ФИФА рейтингі

109 (18.07.2024)[2]

Жоғарғы көрсеткіш

83 (қыркүйек 2016)

Төменгі көрсеткіш

166 (мамыр 1996)

ФИФА коды

KAZ

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Форма
Резервтік
Бірінші ойын

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Қазақстан 1:0 Түркіменстан Түрікменстан
(Алматы, Қазақстан; 1 маусым 1992)

Ең ірі жеңіс

Пәкістан Пәкістан 0:7 Қазақстан Қазақстан
(Лахор, Пәкістан; 11 маусым 1997)

Ең ірі жеңіліс

 Франция 8:0 Қазақстан Қазақстан
(Париж, Франция; 13 қараша 2021)

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы — халықаралық матчтарда өнер көрсететін Қазақстан футбол құрамасы. Қазақстан футбол федерациясының бақылауында. 1994 жылы ФИФА және АФК-ға мүше болды. Кейін 2002 жылы УЕФА-ға ауысты.

Құрама үшін ең көп ойын өткізген Самат Смақов — 76 ойын. Ал ең үздік бомбардир — Бақтияр Зайнутдинов (14 гол).

2024 жылғы 4 сәуірде ұлттық құрама ФИФА рейтингінде 103-ші орында.

Тарихы

АФК-да

Тарихтағы тұңғыш кездесуін 1992 жылы 1 маусым күні Алматыда Түрікменстан құрамасына қарсы өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Құрама 1995 жылға дейін тек Орта Азия құрамаларымен ойнады, тек 1997 жылы 16 шілде күні Ливия құрамасымен бақ сынасты.

Ең алғашқы ресми кездесуін Қазақстан құрамасы 1996 жылғы Азия Кубогының іріктеу турнирінде өткізді. 7-ші топта Сирия және Катар құрамаларымен бір топқа түсіп, алғашқы кездесуінде Катар құрамасын 1-0 есебімен жеңді. Бұл осы іріктеудегі құраманың соққан жалғыз добы болатын. Одан кейін олар қалған үш кездесудеде бірде-бір доп соға алмай, қақпасына барлығы алты доп жіберіп алып, жеңіліп қалды.

1998 жылғы ӘЧ-ның іріктеуінде Қазақстан Ирак және Пәкістан құрамаларымен 9-шы топқа түсті. Алғашқысын 2-1, 3-1 есебімен жеңсе, екіншісін 3-0, 7-0 есебімен жеңді. Екінші раундта Оңтүстік Корея, Жапония, БАӘ, Өзбекстанмен бірге В тобына түсіп соңғы орын алды. Біреуінде жеңіп, үшеуінде тең түсіп, төртеуінде жеңіліп қалды.

2000 жылғы Азия Кубогының іріктеуінде Катар, Иордания, Палестина, Пәкістан құрамаларымен бір топқа түсіп екінші орын алды. Топ жеңімпазы Катардан 1 ұпай қалып қойды.

2002 жылғы Әлем Чемпионатына іріктеуде Ирак, Непал және Макао құрамаларымен бір топқа түскен Қазақстан Ирак құрамасымен ұпайы тең түсіп, қосымша көрсеткіші бойынша қалып қойды.

УЕФА-да

2000 жылы ҚФФ Азиялық аймақтағы футболдың даму перспективасы төмен деген көзқараспен Еуро аймаққа өтудің жолдарын іздеді. Қазақстанның географиясындағы Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстары Еуропаға кіріп тұрғандықтан, 2002 жылы Қазақстан УЕФА-ға қабылданды. Сондықтан Қазақстан өту кезеңінде болғандықтан 2004 жылғы Азия Кубогы мен Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне қатысқан жоқ.

2006 жылғы ӘЧ-на іріктеуде Қазақстан тұңғыш рет Еуро аймақта өнер көрсетті. Украина, Түркия, Дания, Грекия, Албания және Грузия құрамаларымен бір топқа түсіп, 12 ойында 1 ғана ұпай жинап соңғы орын алды.

2006 жылдың басында құраманы голландиялық маман Арно Пайперс баптады. ЕУРО-2008 іріктеуінде 14 матчтың екеуінде жеңіске жетіп, 4 матчта тең түсті. Нәтижеде 8 құраманың арасында 6-ші орын алды.

2010 жылғы әлем чемпионатының іріктеуін Қазақстан құрамасы сәтсіз бастады. Осының салдарынан Арно Пайперс қызметінен кетті де, орнына неміс маманы Бернд Шторк келді. Шторк та құраманы көтере алмады. Пайперстің кезінде алаңға тұрақты шығып жүрген футболшылардың көбін құрамадан шеттетті, соның кесірінен Максим Жалмағамбетов, Егор Азовский, Қайрат Әшірбеков, Александр Кучма сынды футболшылар Шторктың тұсында құрамамен бір жола қоштасты. Сол уақытта Қазақстан чемпионатында жасындай жарқылдап жүрген Мұрат Тілешевті "менің басқару мәнеріме сай емес" деп құрамаға мүлде шақырмады. Тіпті Нұрбол Жұмасқалиев та ұзақ уақыт бойы құрамаға іліне алмады. Есесіне Таңат Нөсербаев, Жамбыл Көкеев сынды жастарға есік ашылды, алайда нәтиже сол баяғыша қалды, Қазақстан үнемі жеңілумен болды.

Құрама бірнеше рет ірі жеңіліске ұшырап, 2011 жылы Мирослав Беранек келді. Беранек келісімен құраманың ойыны аздап болса да жүйеге түсіп, шамалы дұрысталды. Бірақ 2013 жылы құрамадан ол да кетті. Одан кейін келген Юрий Красножан, Талғат Байсуфинов, Александр Бородюк секілді бапкерлер де айтарлықтай табысқа жете алмады.

2018 жылдың 1 наурызында құрамаға болгариялық маман Станимир Стоилов келді. Стоиловтың кезінде құрама қатысқан жалғыз ресми турнир УЕФА Ұлттар Лигасы болды. Андорра, Грузия, Латвия құрамаларымен Д лигасында бір топқа түсіп, екінші орында қалды. Бұл нәтижеге өзінің де көңілі толмаған болса керек, 2019 жылдың басында Стоилов қызметтен өз еркімен кетті. Оның орнына чехиялық маман Михал Билек келді.

Билектің тұсында есте қаларлықтай бірер матчтар болды, мәселен, ЕУРО-2020 турнирін жеңіспен бастады, алғашқы турда Шотландияны 3:0 есебімен ойсыратты. Бірақ кейін топта үшінші орынға шығу мүмкіндігін бос жіберіп алды, өз алаңында күтпеген жерде Кипрден ұтылып қалды. Соңғы турдың алдында сырт алаңда Сан-Мариноны ұтқаны көмектеспеді, бесінші орында қалды.

2020/21 жылғы Ұлттар лигасында Қазақстан тіпті нашар ойнады, Албания, Беларусь, Литва құрамаларымен бір топқа түсіп, соңғы орында қалды.

2020 жылы 14 желтоқсанда құрама бапкері боп қайтадан Талғат Байсуфинов тағайындалды. 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде де Қазақстан үш ұпаймен соңғы орында қалды. Турнир барысында Байсуфинов құрамды жиі ауыстыра берді, ресми ойындарды сынақ ойындарына айналдырып жіберді, бір сөзбен айтқанда, нақты оптималды құрамды таба алмады. Нәтижесінде 2021 жылы 13 қарашада сырт алаңда Франциядан 0:8 есебімен ұтылып, тарихтағы ірі жеңілістер антирекордың жаңартты.

2022 жылы наурыз айында Андрей Карпович бапкер қызметін атқарушы боп тағайындалды. Ол 2 ойын өткізгеннен кейін, оның орнына ресейлік маман Магомед Адиев келді. Адиев Қазақстан құрамасы тарихындағы ең табысты бапкер атана бастады: Сол жылы УЕФА Ұлттар лигасының С дивизионында төрт кездесуде жеңіске жетіп (Словакияны екі рет, Әзірбайжан мен Беларусті 1 реттен), В дивизионына жолдама алды. Құрама бұрын-соңды УЕФА қарамағындағы турнирлерде топ жарған емес. Жыл соңында құрамамен келісім шартты 2024 жылға дейін созды.

2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуінде де Қазақстан жақсы ойнады. Алғашқы төрт турдың үшеуінде қарсыластарын ұтты (сондай-ақ қатарынан үш кездесуде, бұл УЕФА туы астында бұрын соңды болмаған жетістік). Жеңілген құрамалар қатарында Сан-Марино, Дания, Солтүстік Ирландия болды.

2024 жылдың 3 маусымында, Магомед Адиев кеткен соң, құраманың бас бапкері болып Станислав Черчесов тағайындалды.

Жетістіктері

Аймақтық турнирлер

УЕФА

  • Ұлттар лигасының С3 тобының жеңімпазы: 2022

Құрамы

Ағымдағы құрам

2024 жылы 6, 9 қыркүйекте Норвегия, Аустрия құрамаларына қарсы ойынға шақырылған футболшылар

Футболшы Туған күні Клуб Дебют Әзірше

соңғы матч

Ойын Гол
Қақпашылар:
№12 - Игорь ШАЦКИЙ 11.05.89 Қазақстан "Ақтөбе" 21.02.19 7.06.24 29 –38
№1 - Стас ПОКАТИЛОВ 8.12.92 Қазақстан "Тобыл" 31.03.15 13.11.21 26 –46
№16 - Александр ЗАРУЦКИЙ 26.08.93 Қазақстан "Астана" 11.06.24 11.06.24 1 –1
№ - Темірлан АНАРБЕКОВ 14.10.2003 Қазақстан "Жеңіс"
Қорғаушылар:
№2 - Сергей МАЛЫЙ 5.06.90 Қазақстан "Ордабасы" 5.03.14 14.03.24 68 1
№21 - Абзал БЕЙСЕБЕКОВ 30.11.92 Қазақстан "Астана" 13.10.14 21.03.24 49
№22 - Александр МАРОЧКИН 14.07.90 Қазақстан "Астана" 8.06.19 11.06.24 45
№11 - Ян ВОРОГОВСКИЙ 7.06.96 Қазақстан "Астана" 10.06.17 11.06.24 44 5
№3 - Нұралы ӘЛІП 22.12.99 Ресей "Зенит" 26.03.18 11.06.24 33
№23 - Марат БЫСТРОВ 19.06.92 Қазақстан "Астана" 21.02.19 11.06.24 30
№16 - Еркін ТАПАЛОВ 3.09.93 Қазақстан "Тобыл" 4.06.21 7.06.24 16
№16 - Михаил ГАБЫШЕВ 2.01.90 Қазақстан "Елім-ай" 4.06.21 11.06.24 12 1
№5 - Роман АСРАНКУЛОВ 30.07.99 Қазақстан "Тобыл" 14.03.24 11.06.24 3
№ - Лев СКВОРЦОВ 2.02.2000 Ресей "Шинник" 26.03.23 17.11.23 6
№ - Әлібек ҚАСЫМ 27.05.98 Қазақстан "Ақтөбе" 4.06.21 11.06.24 4
№ - Асхат БАЛТАБЕКОВ 6.11.93 Қазақстан "Жетісу"
Жартылай қорғаушылар:
№8 - Асхат ТАҒЫБЕРГЕН 9.08.90 Қазақстан "Ордабасы" 7.06.14 11.06.24 54 2
№10 - Бауыржан ИСЛАМХАН 23.02.93 Қазақстан "Ордабасы" 29.02.12 11.06.24 52 4
№19 - Бақтиёр ЗАЙНУТДИНОВ 2.04.98 Түркия "Бешиктеш" 23.03.18 26.03.24 36 14
№20 - Рамазан ОРАЗОВ 30.01.98 Дания "Силькеборг" 31.03.21 11.06.24 27 1
№7 - Елхан АСТАНОВ 21.05.2000 Қазақстан "Астана" 28.03.21 7.06.24 15 1
№6 - Айбол ӘБІКЕН 1.06.96 Қазақстан "Ордабасы" 9.09.19 29.03.22 14 1
№9 - Ислам ЧЕСНОКОВ 21.11.99 Қазақстан "Тобыл" 7.09.23 26.03.24 7 3
№ - Арман КЕҢЕСОВ 4.09.2000 Қазақстан "Ақтөбе" 16.06.23 11.06.24 4
№ - Андрей УЛЬШИН 18.04.2000 Қазақстан "Қайрат" (Алматы)
Шабуылшылар:
№17 - Абат АЙЫМБЕТОВ 7.08.95 Түркия "Адана Демирспор" 8.06.19 11.06.24 39 9
№11 - Айбар ЖАҚСЫЛЫҚОВ 24.07.97 Қазақстан "Қайсар" 11.10.20 19.11.22 9
№ - Оралхан ӨМІРРТАЕВ 16.07.98 Беларусь "БАТЭ" 19.11.18 13.11.19 5 1
№ - Рамазан КӘРІМОВ 5.07.99 Қазақстан "Астана" 28.03.21 31.03.21 2

Бапкерлер

Жаттықтырушылар штабы

2023 жылғы 19 қарашадағы жағдай бойынша[3]

Қызметі Бапкер
Бас бапкер Ресей Станислав Черчесов
Бас бапкердің көмекшісі Қазақстан Евгений Коструб
Бас бапкердің көмекшісі Қазақстан Руслан Балтиев
Қақпашылардың жаттықтырушысы Украина Валерий Ситало
Дене даярлығы жаттықтырушысы Қазақстан Ерлан Ибраим
Дене даярлығы жаттықтырушысы Қазақстан Амаль Сыздықов
Сарапшы бапкер Қазақстан Эльшад Хинизов

Бас бапкерлер

2023 жылғы 21 қарашадағы жағдай бойынша[4]

Жылдар бойынша ФИФА рейтингі

1994 1995 1996 1997 1998 1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023
153 163 156 107 102 123 120 98 117 136 147 137 135 112 137 125 138 138 142 128 139 132 98 137 119 118 118 122 114 100

Дереккөз: FIFA/Coca-Cola Men's Ranking  (ағыл.)

Рекордшылар

2023 жылғы 21 қарашадағы жағдай бойынша[5]

Жуан жазумен жазылған ойыншылар Қазақстан құрамасында әлі де белсенді.

Самат Смақов Ұлттық құрама сапында ең көп ойын өткізген футболшы (76 матч).
Ең көп ойын өткізгендер
# Футболшы Ойын Гол Жылдар
1 Самат Сымақов 76 2 2000–2017
2 Руслан Балтиев 73 13 1997–2009
3 Сергей Малый 67 1 2014–
4 Исламбек Қуат 61 6 2015–
5 Нұрбол Жұмасқалиев 58 7 2001–2014
Юрий Логвиненко 58 5 2008–2022
7 Андрей Карпович 55 3 2001–2014
8 Сергей Хижниченко 52 8 2009–2020
9 Бауыржан Исламхан 50 3 2012–
Асхат Тағыберген 50 2 2014–
Бақтияр Зайнутдинов 14 гол соққан Қазақстанның үздік бомбардирі.
Үздік бомбардирлер
# Футболшы Гол Ойын Арақатынас Жылдар
1 Бақтияр Зайнутдинов 14 34 0,41 2018–
2 Руслан Балтиев 13 73 0,18 1997–2009
3 Виктор Зубарев 12 18 0,67 1997–2002
4 Абат Айымбетов 9 35 0,26 2019–
5 Дмитрий Бяков 8 33 0,24 2000–2008
Сергей Хижниченко 8 52 0,15 2009–2020
7 Нұрбол Жұмасқалиев 7 58 0,12 2001–2014
8 Игорь Авдеев 6 27 0,22 1996–2005
Олег Литвиненко 6 28 0,21 1996–2006
Сергей Остапенко 6 42 0,14 2007–2014
Исламбек Қуат 6 61 0,10 2015–
  • Ең кеш дебют: Юрий Ишутин, туғанына 37 жас, 20 күн болғанда 1996 жылы 12 маусымда құрамадағы алғашқы кездесуін өткізген.
  • Ең ерте дебют: Жамбыл Көкеев, туғанына 17 жас, 4 ай, 27 күн болғанда 2006 жылы 14 ақпанда Иордания құрамасымен болған ойында алғашқы кездесуін өткізген.

Матчтар санағы

Төменде Қазақстан ұлттық құрамасының басқа елдердің құрама командаларына қарсы шығу статистикасы келтірілген. Деректер 2024 жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша түзетілген.[6]

Халықаралық турнирлер санағы

Жыл Турнир раунды Орын Ойын Ұтыс Тең ойын Жеңіліс Ұпай Соққан добы Жіберген добы
Франция 1998 Квалификациядан өте алмады 5 12 5 3 4 18 22 21
ЖапонияКорея Республикасы 2002 Квалификациядан өте алмады 2 6 4 2 0 14 20 2
Германия 2006 Квалификациядан өте алмады 7 12 0 1 11 1 6 29
Оңтүстік Африка Республикасы 2010 Квалификациядан өте алмады 5 10 2 0 8 6 11 29
Бразилия 2014 Квалификациядан өте алмады 5 10 1 2 7 5 6 21
Ресей 2018 Квалификациядан өте алмады 6 10 0 3 7 3 6 26
Қатар 2022 Квалификациядан өте алмады 5 8 0 3 5 3 5 20
Жыл Турнир раунды Орын Ойын Ұтыс Тең ойын Жеңіліс Ұпай Соққан добы Жіберген добы
АустрияШвейцария 2008 Квалификациядан өте алмады 6 14 2 4 8 10 11 21
ПольшаУкраина 2012 Квалификациядан өте алмады 5 10 1 1 8 4 6 24
Франция 2016 Квалификациядан өте алмады 5 10 1 2 7 5 7 18
Еуропа одағы 2020 Квалификациядан өте алмады 5 10 3 1 6 10 13 17
Германия 2024 Квалификациядан өте алмады 4 10 6 0 4 18 16 12
Жыл Турнир раунды Орын Ойын Ұтыс Тең ойын Жеңіліс Ұпай Соққан добы Жіберген добы
Біріккен Араб Әмірліктері 1996 Квалификациядан өте алмады 3 4 1 0 3 3 1 6
Ливан 2000 Квалификациядан өте алмады 2 4 3 0 1 9 8 3
Жыл Лига Топ Орын Матч Жеңіс Тең Ұтылыс Доп Ұпай
2018/2019 D 1 2 6 1 3 2 8-7 6
2020/2021 C 4 4 6 1 1 4 5-9 4
2022/2023 C 3 1 6 4 1 1 8-6 13

Форма

Жылдар Жеткізуші
1994–1996 Германия Adidas
1996–1998 Германия Puma
1998–1999 Тайланд Grand Sport
1999–2000 Германия Adidas
2000–2002 Америка Құрама Штаттары Nike
2002–2003 Ұлыбритания Umbro
2003–2004 Америка Құрама Штаттары Nike
2004–2005 Германия Puma
2005–2008 Италия Diadora
2008–2012 Ұлыбритания Umbro
2012–2023 Германия Adidas
2023– Италия Erreà

Дереккөз: FootballShirtsVoltage.com[7]

Дереккөздер

Сілтемелер