Галатасарай

Түркия Галатасарай
Толық атауы

Galatasaray Spor Kulübü

Лақап аттары

Turkish Barcelona (Түріктің Барселонасы),
Aslanlar (Арыстандар), Cimbom,
Avrupa Fatihi (Еуропа жаулаушысы),
Sarı-Kırmızılılar (Сары-Қызылдар)

Құрылған жылы

1905

Стадионы

Түрік Телеком Арена, Ыстамбұл

Сыйымдылығы

52,652

Атқарушы директоры

Түркия Унал Айсал

Бас жаттықтырушы

Италия Че́заре Пранделли

Капитаны

Түркия Инан Сельчук

Жарыс

Супер Лига

2023/24

1

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Форма
Резервтік


Галатасарай футбол клубы (түр. Galatasaray Spor Kulübü) — Түркия біріншілігінде өнер көрсететін Ыстамбұл қаласының кәсіби футбол клубы.

1905 жылы құрылған клуб өз елінің 46 трофейін оның ішінде 19 дүркін Түркия чемпионатын,14 дүркін Түркия кубогын ,13 дүркін Түркия суперкубогын,УЕФА кубогын және УЕФА суперкубогын ұтқан.1959 жылдан бастау алатын Түрік Супер Лигасының барлық 55 сезонында ойнаған үш команданың бірі.2000 жылы УЕФА Кубогын және УЕФА Суперкубогын ұтып, Еурокубокты ұтқан алғашқы түрік клубы болып табылады.Айта кетерлігі, УЕФА кубогын турнирде еш жеңіліссіз жеңген болатын.Супер лиганың қатарынан 4 мәрте (1997, 1998, 1999 және 2000) ұтқан жалғыз футбол клубы.1999/00 сезонында клуб Супер лиганы, Түрік кубогын, УЕФА кубогын және TSYD кубогын ұтып алып сирек кездесетін жетістікке қол жеткізді.2001 жылдың қаңтарында «Әлемнің ең үздік клубы» атағын иеленген жалғыз түрік кубогы болып табылады.

Галатасрайдың жергілікті стадионы — Түрік Телеком Арена — 52,695 жанкүйерді сыйдыра алатын,«Гиннесс рекордтар кітабына» сәйкес футбол әлеміндегі ең шулы стадион (131.76dBA).,[1]

Галатасарайдың Ыстамбұл қаласынан шыққан ежелден бері келе жатқан бақталастары атап айтқанда: Бешикташ және Фенербахче бар, ал соңғысымен болатын дерби (Құрлықаралық дерби(түр. Kıtalar Arası Derbi)) футбол әлеміндегі ең үлкендерінің бірі болып табылады.

Галатасарай — Туиттер және Фейсбук әуелметтік желілерінде 10 миллионнан астам жанкүйерлері бар үш клубтың бірі.Клубтың шамамен 25 миллион (38% Түркиядан басқа елдер) жанкүйері бар.

Тарихы

100 жылдан астам тарихы бар Галатасарай футбол клубы Түркияның ең табысты клубы болып табылады. 1905 жылдың қазанында Галатасарай лицейінің оқушылары Галатасарай атты жаңа футбол клубын құруға бей байлады. Бұл ойды бастаған және жүзеге асыруға атсалысқан Али Сами Йен бастаған Емин Булент, Бекир Сіткі,Решат Чирвани, Желал Ибрахим, Тахсин Нихат, Абидин Давер және Резик Жевдет есімді сол кездегі лицейде оқитын жасөспірім балалар болатын.Алғашқы ойынын Кадыкөй (түр. Cadi-Keuy) әуесқой футбол командасына қарсы ойынында 2-0 есебімен жеңіске жетті.

Клубтың атауына келгенде біреулер Gloria(жеңіс) деп қою керек десе, енді біреулері Audace(ерлік) болуы керек деген, алайда клубқа Галатасарай лицейінен бастау алатын Галатасарай(Галата-Ыстамбұлдағы тарихи аудан,Сарай-сарай) атауын беру керек деп шешті.

Галатасарайдың алғышқы фотосуреті (1905)
Біздің мақсатымыз — ағылшындар секілді доп теуіп, атымыз бен түсімізді паш ету.Түркияның сыртындағы командаларды тізе бүктіру.

—Али Сами Йен

Түркия футболын зерттеуші— Жем Атабейоглуның ойынша грек клубына қарсы алғашқы ойындардың бірінде 2-0 есебімен жеңіске жеткен Галатасарайды көрермендер Галатасарайының мырзалары деп атаған. Осы оқиғадан кейін клубтың есімі Галатасарай атаныпты-мыс.

1905 жылы Осман империясының тұсында бірде-бір футбол ассоциациясы туралы заң болмады.1912 жылы ғана футбол ассоциациясы туралы заң қабылданып, клуб заңды түрде тіркелген болатын.[2]

Клубтың алғашқы президенті Али Сами Йен болып табылады.Алғашында Галатасарай Түркия байрағын дәріптейтін қызыл және ақ түсті киім киген, алайда мемлекет басқару органдары ойыншыларға күдікпен қарап, қадағалауға кіріскен соң, клуб басшылары клуб түсін ауыстыруға мәжбүр болған.

Аңыз бойынша 1481 жылдың қысында Сұлтан Баязид Галата төңірегінде аң аулап жүріп, раушандармен безендірілген жақсы күйдегі бір лашық үйге кездеседі.Осы жерде тынығып алған сұлтан лашықтың қожасы — Гүл Бабамен кездесіп оған өзіне көрсеткен құрметі үшін сый беретінін айттады.Гүл Баба падишаға сары және қызыл түсті екі раушан беріп, бұл жерге мектеп және аурухана салуын тілейді.Осылайша Галатасарай лицейі құрылғандықтан, клуб басшылары клубтың түсін Гүл Бабаның Сұлтан Баязитке берген раушандарының түстеріне, яғни қызыл және сарыға ауыстырды.

Түркия футбол дамып келе жатқан кезде 1952 жылға дейін Галатасарай 10 мәрте Ыстамбұл лигасының, алты мәрте Ыстамбұл сенбі лигасының, үш мәрте Ыстамбұл жұма лигасының жеңімпазы атанды.

1952 жылы Түркиядағы алғашқы кәсіби бірақ ұлттық емес лига - Ыстамбұл кәсіби лигасы құрылды.1952 және 1959 жылдар аралығында ойнатылған лиганың Галатасарай үш мәрте жеңімпазы болды.

2000 УЕФА Кубогының финалындағы Арсеналға қарсы құрама, 17 тамыр 2000.
2000 УЕФА Суперкубогының финалындағы Реал Мадридка қарсы құрама, 25 тамыз 2000.

1959 жылы Түркиядағы алғашқы кәсіби лига - Түркия кәсіби 1. лигасы(түр. Türkiye Profesyonel 1. Ligi) немесе Ұлттық лига (түр. Milli lig) құрылды.Қазіргі таңда Супер лига атауымен аталатын бұл лига Түркиядағы ең танымал бәсеке болып табылады.Барлық сезонына қатысқан Галатасарай осы уақытқа дейін 18 мәрте жеңімпаз болды.

1962 жылы Түркия футбол федерациясы түрік футбол клубтарын УЕФА бәсекелерінде ойнауға үлес қосу үшін «Түркия кубогын» ұйымдастыруға бел байлады.Бұл Түркиядағы жалғыз ұлттық деңгейдегі кубок болып табылады.Галатасарай барлық сезонына қатысып, оның 14-ін қанжығасына байлады.[3]

Галатасарайдың табысты кезеңі 90 жылдың аяғы болатын.2000 жылы Фатих Терим басқарған клуб УЕФА Кубогында жеңіске жетіп(Финалда лондондық Арсеналды жеңді), содан кейін УЕФА Суперкубогына таласқан мадридтік Реалды тізе бүктірген.

Командаға Георге Хаджидің келуі сәтті болды:2005 жылы Түркия Кубогынын иегері атанды.

2008 жылы Түркия біріншілігінде жеңіске жеткенмен, командадан аты аңызға айналған Хакан Шукюр футболдық карьерасын аяқтады.

Клубтың тарихында бұрын болмаған сәтсіздіктен (2010/2011 жылғы сезонда 8 орын) кейін, Галатасарайдың құрамы түгел дерлік өзгеріп, тренер ретінде атақты Хакан Шукюр келді.

2013 жылдың қысында клубтың құрамы футбол әлемінің жұлдыздары — Весли Снейдер және Дидье Дрогбамен толықты.УЕФА Чемпиондар Лигасының 2012/13 сезонында Галатасарай 1/4 финалға дейін барды.

Галатасарайда ойнап, Түрік футболында өшпес із қалдырған табысты ойыншылар жетерлік. Атап айтқанда: 30 жылдардағы атақты ойынша — Ешфак Айкаш[4]; небары 21 жысында қайтыс болған — Бодури[5]; Жалғыз ғана ойында қарсылас қақпасына 14 гол соққан — Мечмет Леблеби;[6] Бапкер болып та ойыншы болып та өз жұмысын жақсы атқарған — Гүндүз Кылыш[7]; 1954 жылғы әлем чемпионатында хет-трик жасаған — Суан Мамат[8]; Өз өмірін Галатасарайға арнаған — Жошкун Өзарі[9]; «Берлин пантері» атағына ие болған қақпашы — Тургай Шерен[10]; Галатасарай және Түркия ұлттық құрамасының капитаны, бапкер ретінде УЕФА кубогын ұтқан — Фатих Терим[11]; 6 дүркін Супер лиганың бомбардирі — Метин Октай[12]; Пенальти тіреудің шебері — Зоран Симович[13]; Галатасарай үшін 342 ойын өткізген — Жунейт Танман[14]; Әлем чемпионы—Бразилияның қақпашысы — Таффарел[15]; Әлі күнге дейін Түркияда ең үздік ойнаған шетелдік азаматтардың бірі,Румыниялық — Георге Хаджи[16]; 2000 жылы УЕФА суперкубогының финалында мадридтік Реалға қарсы ойынында екі голдың авторы,жанкүйерлер Супер Марио деп атап кеткен бразилиялық — Марио Жардел және Түркия Супер лигасында ең көп гол(249 гол) соққан — Хакан Шюкюр.[17]

Клуб формасының түсі, формасы, эмблемасы

Клубтың түсі және формасы

Бастапқыда Галатасарай қызыл және ақ,содан соң 1907/08 жылғы сезонда сары және көк түсті киім киген.1908 жылдың 8 желтоқсанынан бастап клуб Али Сами Йен таңдаған от және күштің символы ретінде қызыл және сары түсті киім кие бастаған.[18]

Киім тарихы

Киім спонсоры

Кезең Шығарушы Спонсор
1977–1978 Жоқ Volvo / PeReJa
1978–1979 Çamlıca / Adidas None
1979–1980 Umbro / Adidas Halı Fleks
1980–1981 Puma/ Umbro / Adidas Telefunken / Alo]/ THY
1981–1982 Umbro / Adidas Borsaş / Meban
1982–1983 Umbro Meban
1983–1984 Жоқ Telefunken
1984–1985 Fatih / Adidas Modells / Denizbank
1985–1986 Adidas Denizbank
1986–1991 TürkBank
1991–1992 Umbro ADEC Saat / Show TV
1992–1995 Show TV/ Emek Sigorta
1995–1997 Adidas VakıfBank
1997–1998 Bank Ekspres
1998–2000 Marshall
2000–2001 Telsim
2001–2002 Lotto Avea
2002–2004 Umbro
2004–2005 Avea
2005–2009 Adidas
2009–2014 Türk Telekom
2011–2024 Nike[19]
2014–2015 Turkish Airlines және HUAWEI

Клуб эмблемасы

1923 жылы салынған алғашқы эмблема
Галатасарайдың қазіргі эмблемасы

Галатасарайдың алғашқы эмблемасын 1923 жылы Шефки Еге салған болтын.Бұл эмблемада бүркіт және оның тұмсығындағы доп бейнеленген.Алайда,1925 жылы Айетуллаһ Емин салған кәзіргі эмблемаға ауысқан болатын.[20]

Стадион

Али Сами Ен стадионы

Галатасарай құрылған кезде түрік командаларының бірде-біреуінде өз алаңы болмаған.Ыстамбұл Футбол Лигасындағы барлық ойындар Папазын Чайыры(түр. Papazın Çayırı)—қазіргі Фенербахченің Шюкрю Саражоглу стадионында(түр. Şükrü Saracoğlu Stadium) ойналған.1921жылы Ыстамбұлдағы алғаш футбол стадионы—Таксим Стадион салынған болатын.Ыстамбұлдағы барлық футбол клубтары осы алаңда өнер көрсеткен.Алайда, стадион 1940 жылы стадион бұзылып, оның орнына саябақ саллынды.Осы уақытта Галатасарай үлкен, заманға сай стадион салуға бел байлады.Бірақ, екінші дүниежүзілік соғысына байланысты, құрылыс екі онжылдыққа созылды.Осы кезде Галатасарай ойындарын Шереф(түр. Şeref Stadi) және Долмабахче(түр. Dolmabahçe Stadi) стадиондарында өткізді.

1964 жылы 20 желтоқсанда Али Сами Ен стадионы ашылды.[21] Сол кезде стадионның сыйымдылығы 35000 болды.1996 жылдан бастап барлық орын отыруға арналған болып өзгертілді.2000 жылы Ыстамбұлдағы Олимпиада ойындарына байланысты Ататүрк Олимпиада стадионы салынғанда, Галатасарай УЕФА Чемпиондар лигасының ойындарын сол жерде өткізді.Али Сами Ен стадионы Галатасарай жанкүйерлеріне тарихи маңызды болғанымен сыйымдылығы аз және ескі болды.[22] Сондықтан 2011 жылы жаңа Түрік Телеком Арена стадионы салынды.

Түрік Телеком Арена стадионы

Галатасарай футбол клубының жаңа стадионы-Түрік Телеком Арена 2011 жылдың 15 қаңтарында ашылды.52695 жанкүйерді сыйдыра алатын стадион Түркиядағы ең үлкен стадиондардың бірі болып табылады.Ең алғашқы ойын Галатасарай және Аякс командаларының арасындағы ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.Ең алғашқы гол Сивасспормен болған ойында Серват Четинның атына жазылды.[23]

Түрлі түсті перфоманс
Галатасарайдың Түрік Телеком Аренадағы алғашқы ойыны
Гадатасарайдың 19 мәрте жеңімпаз болуына байлынысты жасалған перфоманс
# Стадион Кезең[24]
1 Папазын Чайыры(түр. Papazın Çayırı) 1905–1921
2 Таксим(түр. Taksim Stadı) 1921–1940
3 Шерев(түр. Şeref Stadı) 1940–1948
4 Долмабахче(түр. Dolmabahçe Stadı) 1948–1966
5 Али Сами Ен(түр. Ali Sami Yen Stadı) 1966–1972
6 Долмабахче(түр. Dolmabahçe Stadı) 1972–1980
7 Али Сами Ен(түр. Ali Sami Yen Stadı) 1980–1984
8 Долмабахче(түр. Dolmabahçe Stadı) 1984–1986
9 Али Сами Ен(түр. Ali Sami Yen Stadı) 1986–2003
10 Ататүрк Олимпиадиа стадионы(түр. Atatürk Olimpiyat Stadı) 2003–2004
11 Али Сами Ен(түр. Ali Sami Yen Stadı) 2004–2011
12 Түрік Телеком Арена(түр. Türk Telekom Arena) 2011–
# Стадион Жыл ойнады
1 Али Сами Ен(түр. Ali Sami Yen Stadı) 34
2 Долмабахче(түр. Dolmabahçe Stadı) 28
3 Таксим(түр. Taksim Stadı) 18
4 Папазын Чайыры(түр. Papazın Çayırı) 17
5 Шерев(түр. Şeref Stadı) 8
6 Түрік Телеком Арена(түр. Türk Telekom Arena) 3
7 Ататүрк Олимпиадиа стадионы(түр. Atatürk Olimpiyat Stadı) 1

Жанкүйерлер

Еурапалық ойындар

Еуропа жаулаушысы атанған Галатасарайдың жанкүйерлері Еуропалық ойындарға көп көңіл боледі.Бұл лақап ат 1999/20 сезонында Галатасарайдың қанжығасына байланған УЕФА кубогы мен УЕФА суперкубогының маңыздылығына көңіл аударады.Галатасарай — әлемдегі қызу қолдайтын жанкүйерлері бар клубтардың бірі екендігі еуропалық клубтардың арасында кеңінен танымал.Манчестер Юнайтед клубының жыртылай қорғаушысы Райан Гигс бір сөзінде: Мен өмірімде мұндай кереметті бірінші рет көруім.Галатасарайға қарсы ойын басталмастан 2 сағат бұрын алаңға шықсақ алаңда алма түсер орын жоқ!Клуб әнұраны тіпті керемет — бір жақ бастады, екіншісі қостады, сәлден соң тыныштық және барлық стадион қосылып әнұран шырқады!Ойыншылар рахатқа бөленді.Басы тәтті, бірақ аяғы өкінішке орай қатты болды.[25][26]

Рекорд

Галатасрайдың жергілікті стадионы — Түрік Телеком Арена — 52,695 жанкүйерді сыйдыра алатын,«Гиннесс рекордтар кітабына» сәйкес футбол әлеміндегі ең шулы стадион (131.76dBA).[27]

Галатасарайдың Түркиядағы әйгілігі

2000 жылдан бергі БАҚ өкілдерінің сауалнамасына сәйкес, Галатасарай — футбол жанкүйерлері арасында Түркиядағы ең әйгілі клуб болып табылады.2012 жылдың маусымында өткізілген соңғы сауалнамаға сәйкес, Галатасарай 41.8%-бен көш бастап келеді.Тиісінше, екінші орында — Фенербахче (35.9%), үшінші орында — Бешикташ (16.3%) және төртінші орында — Трабзонспор (4.7%) орналасқан.[28][29][30][31]

Ыстамбұлдағы дербилер

Фенербахче және Галатасарай футбол клубтары 1913–1914

Ыстамбұлдан шыққан Бешикташ, Фенербахче және Галатасарай футбол клубтары ғасырдан астам уақыт бойы бір-біріне бәсекелестік көрсетуде.Галатасарай-Фенербахче арасындағы ойын-Ыстамбұлдағы және Түркия футболындағы ең басты дерби болып табылады.Жанкүйерлердің пікірінше Супер лиганының дербиді ұтпай жеңімпазы болу — құр бекершілік.

Клуб жетістіктері

Халықаралық

  • УЕФА Суперкубогы
Жеңімппаз (1): 2000
Жеңімпаз (1): 1999–2000
Жартылай финал (1): 1988–1989
Ширек финал (5): 1962–1963, 1969–70, 1993–1994, 2000–2001, 2012–13
1/16 финал (2): 2001–02, 2013–14
  • УЕФА Кубок Иегерлер Кубогы
Ширек финал (1): 1991–1992
  • Эмират Кубогы
Жеңімпаз (1): 2013
  • Turkish Airlines Antalya Cup
Жеңімпаз (1): 2014

Ұлттық

  • Супер Лига
Жеңімпаз (24): (рекорд) 1961–62, 1962–63, 1968–69, 1970–71, 1971–72, 1972–73, 1986–87, 1987–88, 1992–93, 1993–94, 1996–97, 1997–98, 1998–99, 1999–2000, 2001–02, 2005–06, 2007–08, 2011–12, 2012–13, 2012/13, 2014/15, 2017/18, 2018/19, 2022/23, 2023/24
  • Түркия Кубогы
Жеңімпаз (15): (рекорд) 1963, 1964, 1965, 1966, 1973, 1976, 1982, 1985, 1991, 1993, 1996, 1999, 2000, 2005, 2014
  • Түрік Суперкубогы
Жеңімпаз (13): (рекорд) 1966, 1969, 1972, 1982, 1987, 1988, 1991, 1993, 1996, 1997, 2008, 2012, 2013

Басқа да

  • Ұлттық Лига:
    • Winners (1): 1938–39
  • Әуесқой Чемпионат:
    • Winners (1): 1953
  • Түркия Премьер-министр кубогы:
    • Winners (5): 1975, 1979, 1986, 1990, 1995
  • TSYD Кубогы:
    • Winners (12): 1963, 1966, 1967, 1970, 1977, 1981, 1987, 1991, 1992, 1997, 1998, 1999
  • Ататүрік Кубогы:
    • Winners (1): 1928
  • 50 жылдық кубогы:
    • Winners (1):1973
  • Ыстамбұл Футбол Лигасы:
    • Жеңімпаз (15): 1908–09, 1909–10, 1910–11, 1914–15, 1915–16, 1921–22, 1924–25, 1925–26, 1926–27, 1928–29, 1930–31, 1948–49, 1954–55, 1955–56, 1957–58
  • Ыстамбұл Футбол Кубогы:
    • Жеңімпаз (2): 1942, 1943
  • Ыстамбұл Кубогы:
    • Winners (1): 1932–33
  • Одақ кубогы:
    • Winners (1): 1909

УЕФА рейтингі

Үлгі:Updated[32]

Орын Ел Комада Ұпай
31 Ресей ЦСКА 49.799
32 Испания Севилья 48.799
33 Португалия Спортинг 48.726
34 Түркия Галатасарай 47.980
35 Украина Динамо Киев 47.166
36 Нидерланд АЗ Алкмаар 45.612
37 Италия Лацио 45.568

Қазіргі ағымдағы құрам

No. Позиция Ойыншы
1 Уругвай Фернандо Муслера
3 Бразилия Фелипе Мело
4 Түркия Хамит Алтынтоп
5 Түркия Гёкхан Зан
6 Швейцария Блери́м Джема́йли
7 Түркия Айдын Йылмаз
8 Түркия Cельчук Инан (Капитан)
9 Түркия Умут Булут
10 Нидерланд Уэсли Снайдер (Вице-капитан)
11 Португалия Брума
13 Бразилия Алекс Теллес
17 Түркия Бурак Йылмаз
18 Германия Синан Гумуч
19 Солтүстік Македония Горн Пандев
20 Түркия Фуркан Өзчал
21 Камерун Орелье́н Шеджу́
No. Позиция Ойыншы
22 Түркия Хакан Балта
23 Түркия Йсын Өзтекин
26 Түркия Семих Кайа
28 Германия Корай Гунтер
29 Түркия Олжан Адын
35 Түркия Йекта Куртулуч
38 Түркия Синан Болат
40 Түркия Эмре Жан Жочкун
43 Түркия Бирхан Ватансевер
52 Түркия Эмре Чолак
67 Түркия Эрай Ишджан
68 Түркия Алперен Уйсал
77 Түркия Тарык Чамдал
88 Түркия Вейсел Сары
90 Түркия Умут Гүндоган

Академия және Резервшілер

Бүкіл жыл бойы ашық Галатасарай футбол академиясы 7 және 15 жас аралығындағы балаларды дайындап қана қоймай, үйренгенін іс жүзінде асыруға көңіл бөледі.Түркия ұллтық құрамасында 300-ден астам шәкірттері ойын көрсеткен академия Түркиядағы табысты академиялардың бірі болып табылады. Бұл ұйым 75 футбол академияларынан құралады.Академиялар тек қана Түркияда емес, сонымен қатар Аустралия, Нидерланд, Ұлыбритания және Германия мемлекеттерінде орналасқан.

Галатасарай резервтік командасы (Галатарай А2) Түркиядағы резервіліктерге арналған лигада (А2 лига) өнер көрсетеді.Клуб құрамасы негізінен 23 жасқа толмаған ойыншылардын құралады.А2 лигасының 8 мәрте 1989-90, 1993–94, 2004–05, 2005–06, 2006–07, 2010-11 жылдары жеңімпазы болды.[33]

Клуб капитаны

Аты Кезең
Түркия Адиль Гирай 1920–24
Түркия Нихат Бекдик 1924–36
Түркия Гундуз Кылыч ?–1953
Түркия Булент Екен 1953–54
Түркия Жочкун Өзары 1954–60
Түркия Тургай Черен 1960–67
Түркия Метин Октай 1967–69
Түркия Талат Өзкарслы 1969–71
Түркия Угур Көкен 1971–73
Түркия Музаффер Сипахи 1973–75
Түркия Нихат Акбай 1975–78
Түркия Мехмет Огуз 1978–79
Түркия Угур Көкен 1971–73
Түркия Гөумен Өзденак 1979–80
Түркия Фатих ТЕрим 1980–1985
Түркия Жунейт Танман 1985–1991
Түркия Ердал Кесер 1991–1994
Түркия Тугай Керимоглу 1994–1995
Түркия Булент Коркмаз 1995–2005
Түркия Ханан Шукюр 2005–2008
Түркия Умит Каран 2008–2009
Түркия Арда Туран 2009–2011
Түркия Айхан Акман 2011–2012
Түркия Сабри Сарыоглу 2012–2014
Түркия Селчук Инан 2014–

Техникалық қызметкерлер

Қызметі Аты
Бас жаттықтырушы Италия Роберто Манчини
Бас жаттықтырушы ассистенті Италия Габриэле Пин
Бас жаттықтырушы ассистенті Италия Ренцо Каселлато
Қақпашылар жаттықтырушысы Бразилия Клаудио Таффарел
Қақпашылар жаттықтырушысы Италия Винченцо ди Палма
Физикалық дайындық жаттықтырушысы Италия Джиамбаттиста Вентурати
Бас скаут Түркия Эмре Уткужан

Клуб президенттері

Аты Кезең
Түркия Фарук Сурен 1996–01
Түркия Мехмет Жансун 2001–02
Түркия Өзхан Жанайдын 2002–08
Түркия Аднан Полат 2008–11
Түркия Унал Айсал 2011–

Бас жаттықтырушылар

Кезең Аты
1996–00 Түркия Фатих Терим
2000–02 Румыния Мирча Луческу
2002–03 Түркия Фатих Терим
2003–04 Түркия Фатих Терим
Румыния Георге Хаджи
2004–05 Румыния Георге Хаджи
2005–07 Бельгия Ерик Геретс
2007–08 Германия Карл-Хейнз Фелдкамп
Түркия Жеват Гулер
2008–09 Германия Скиббе Михаэль
Түркия Бюлент Коркмаз
2009–10 Нидерланд Франк Райкард
2010–11 Нидерланд Франк Райкард
Румыния Георге Хаджи
Түркия Бюлент Юндер
2011–13 Түркия Фатих Терим
2013-14 Үлгі:Flagicom Фатих Терим
Италия Роберто Манчини
2011–13 Италия Че́заре Пранделли

Демеушілері

Атауы Демеушілік түрі
Түрік Телеком Басты демеуші
Nike Техникалық демеуші
General Motors Ресми демеуші
Ülker Ресми демеуші
Avea Ресми демеуші
HCL Me Ресми демеуші
Opel Ресми демеуші
Turkish Airlines Ресми демеуші
Medical Park Ресми демеуші
Атауы Демеушілік түрі
Hedef Filo Hizmetleri Ресми демеуші
MNG Kargo Ресми демеуші
HDI-Gerling Ресми демеуші
Bilyoner Ресми демеуші
W Collection Ресми демеуші
JohnsonDiversey Ресми жеткізуші
GNC Ресми жеткізуші
Power plate Ресми жеткізуші
Yandex Ресми жеткізуші

Ең көп гол соққан ойыншылар тізімі

Аты Ойын Гол
1 Түркия Метин Октай 324 294
2 Түркия Хакан Шюкур 392 228
3 Түркия Ариф Ердем 292 120
4 Түркия Танжи Чолак 107 116
5 Түркия Гүндүз Кылыш 129 104
6 Түркия Гөкмен Өзденак 306 101

Ең көп матч ойнаған ойыншылар тізімі

Аты Ойын Кезең
1 Түркия Булент Коркмаз 613 1987-2005
2 Түркия Хакан Шюкур 549 1992-2008
3 Түркия Жунейт Танман 535 1973-1991
4 Түркия Ариф Ердем 499 1991-2005
5 Түркия Ергүн Пенбе 438 1994-2007
6 Түркия Фатих Терим 435 1974-1985

Дереккөздер мен тораптар

  1. Loudest crowd roar at a sports stadium  (ағыл.). Guinnessworldrecords.com (18 наурыз 2011).
  2. How was Galatasaray formed  (түрік.). Galatasaray.org.
  3. Türkiye Kupası Tarihçesi  (түрік.). tff.org.
  4. EŞFAK AYKAÇ (1918-2003)  (түрік.). galatasaray.org.
  5. BODURİ (1921-1942)  (түрік.). galatasaray.org.
  6. MEHMET LEBLEBİ (1908-1972)  (түрік.). galatasaray.org.
  7. GÜNDÜZ KILIÇ (1919-1980)  (түрік.). galatasaray.org.
  8. SUAT MAMAT (1930- )  (түрік.). galatasaray.org.
  9. COŞKUN ÖZARI (1931- )  (түрік.). galatasaray.org.
  10. TURGAY ŞEREN (1932- )  (түрік.). galatasaray.org.
  11. FATİH TERİM (1953- )  (түрік.). galatasaray.org.
  12. METİN OKTAY (1936-1991)  (түрік.). galatasaray.org.
  13. ZORAN SİMOVİÇ (1954- )  (түрік.). galatasaray.org.
  14. CÜNEYT TANMAN (1956- )  (түрік.). galatasaray.org.
  15. ANDRE CLAUDİO TAFFAREL (1966- )  (түрік.). galatasaray.org.
  16. GHEORGHE HAGİ (1965- )  (түрік.). tff.org.
  17. HAKAN ŞÜKÜR (1971-)  (түрік.). galatasaray.org.
  18. Story of the Colours  (ағыл.). galatasaray.org.
  19. http://www.galatasaray.org/futbol/futbol_as/haber/20531.php
  20. The Birth of the Galatasaray Logo  (ағыл.). galatasaray.org.
  21. History of Ali Sami Yen Stadium  (ағыл.). galatasaray.org.
  22. Zulümpiyat!  (орыс.). Fotomaç.
  23. STAD BİLGİLERİ  (түрік.). turktelekomarena.com.
  24. TRT Website
  25. Minshull, Phil Goodbye to Hell. BBC. Тексерілді, 9 қараша 2011.
  26. Tozar, Türker Galatasaray depart Ali Sami Yen stadium with win. UEFA. Тексерілді, 9 қараша 2011.
  27. Loudest Crowd Roar At A Sport Stadium, Guinness World Records, 22 наурыз 2011, http://www.guinnessworldrecords.com/world-records/1/loudest-crowd-roar-at-a-sports-stadium 
  28. En fazla taraftar kimde?. Internethaber.com (3 ақпан 2000 / 12 қазан 2006).
  29. Taraftarın gerçek yüzü!. Ligtv.com.tr (15 желтоқсан 2008).
  30. En çok taraftar hangi takımda? İŞTE CEVABI. Samanyolu Haber (6 сәуір 2010).
  31. Türkiye'de En Çok Taraftara Sahip Takım Hangisi?. Sabah Gazetesi Spor Sayfası (13 маусым 2012).
  32. UEFA coefficients. UEFA.com. UEFA. Тексерілді, 19 мамыр 2014.
  33. A2 ve PAF Lig Arşiv Sayfası  (түрік.). Turkish Football Federation.

Әдебиеттер

  • Birand, M. A., & Polat, M. M. (2006). Passion that continues for 100 years. İstanbul: D Yapım. OCLC 164788939
  • Turagay, U., Özgün, G., Gökçin, B., Ahunbay (2006). 17 мамыр: The story of a championship. İstanbul: D Yapım. OCLC 169899400
  • Hasol, D. (2004). Dreams/realities in Galatasaray. İstanbul: Yapı Yayın. ISBN 978-975-8599-44-8
  • Tuncay, B. (2003). Galatasaray with European Success and Notable Players. Yapı Kredi Kü̈ltü̈r Sanat Yayıncılık. ISBN 978-975-08-0427-4
  • Yamak, O. (2001). Galatasaray: Story of 95 years. Sinerji. OCLC 59287768
  • Çakar, A. (1995). 90 questions about history of Galatasaray SK. Cağaloğlu, İstanbul: Demir Ajans Yayınları. OCLC 42434622
  • Tekil, S. (1986). History of Galatasaray, 1905–1985. Galatasaray Spor Kulübü. OCLC 25025508
  • Tekil, S. (1983). Galatasaray 1905–1982: Memories. Arset Matbaacılık Koll. Şti. OCLC 62614035
  • İsfendiyar, F. (1952). History of Galatasaray. İstanbul: [Doğan Kardeş yayınları]. OCLC 27753643


Read other articles:

1986 studio album by Earl Thomas ConleyToo Many TimesStudio album by Earl Thomas ConleyReleasedSeptember 18, 1986GenreCountryLength36:44LabelRCAProducerNelson Larkin, Earl Thomas Conley, Mark WrightEarl Thomas Conley chronology Greatest Hits(1985) Too Many Times(1986) The Heart of It All(1988) Too Many Times is the sixth studio album by American country music artist Earl Thomas Conley. It was released on September 18, 1986, via RCA Records. The album includes the singles Too Many Time...

 

  Dendromus Dendromus mystacalisTaxonomíaReino: AnimaliaFilo: ChordataClase: MammaliaOrden: RodentiaFamilia: NesomyidaeSubfamilia: DendromurinaeGénero: DendromusSmith, 1829Especie tipo Mus mesomelasBrants, 1827Especies Véase texto [editar datos en Wikidata] Dendromus, es un género de ratones trepadores africanos de la familia Nesomyidae, aunque este término se utiliza para describir a todos los miembros de la subfamilia Dendromurinae . El género se limita actualmente al ...

 

Victor Pálsson Victor Pálsson bei Hibernian Edinburgh (2011) Personalia Voller Name Guðlaugur Victor Pálsson Geburtstag 30. April 1991 Geburtsort Reykjavík, Island Größe 186 cm Position Mittelfeld Junioren Jahre Station Fjölnir Reykjavík 2004–2007 Fylkir Reykjavík 2007–2009 Aarhus GF 2009–2010 FC Liverpool Herren Jahre Station Spiele (Tore)1 2010–2011 FC Liverpool Reserves 20 (1) 2010–2011 → Dagenham & Redbridge (Leihe) 2 (0) 2011–2012 Hibernian...

Artikel ini perlu diwikifikasi agar memenuhi standar kualitas Wikipedia. Anda dapat memberikan bantuan berupa penambahan pranala dalam, atau dengan merapikan tata letak dari artikel ini. Untuk keterangan lebih lanjut, klik [tampil] di bagian kanan. Mengganti markah HTML dengan markah wiki bila dimungkinkan. Tambahkan pranala wiki. Bila dirasa perlu, buatlah pautan ke artikel wiki lainnya dengan cara menambahkan [[ dan ]] pada kata yang bersangkutan (lihat WP:LINK untuk keterangan lebih lanjut...

 

Chelsea Green Kanada Chelsea Green im Februar 2020. Personalia Geburtsname Chelsea Anne Green Geburtstag 4. April 1991 Geburtsort Victoria, Kanada Karriereinformationen Ringname(n) Chelsea GreenLaurel Van Ness Körpergröße 170 cm Kampfgewicht 57 kg Angekündigt aus Victoria, Kanada Promotion WWE Trainiert von Lance StormWWE Performance Center Debüt 31. Mai 2014 Chelsea Anne Green (* 4. April 1991 in Victoria, Kanada) ist eine kanadische Wrestlerin. Sie steht seit 2023 erneut bei ...

 

Cet article est une ébauche concernant la métropole de Lyon. Vous pouvez partager vos connaissances en l’améliorant (comment ?) selon les recommandations des projets correspondants. Consultez la liste des tâches à accomplir en page de discussion. Portes de LyonLa porte de Pierre-Scize au XVIIIe siècle sur l'actuel quai Pierre-Scize, en bordure de la Saône.LocalisationPays  FranceRégion Auvergne-Rhône-AlpesCommune Lyonmodifier - modifier le code - modifier Wikidata La...

Artikel ini sebatang kara, artinya tidak ada artikel lain yang memiliki pranala balik ke halaman ini.Bantulah menambah pranala ke artikel ini dari artikel yang berhubungan atau coba peralatan pencari pranala.Tag ini diberikan pada Desember 2022. Alchemical SymbolsJangkauanU+1F700..U+1F77F(128 titik kode)BidangSMPAksaraCommonTerpakai116 titik kodeTak terpakai12 titik kode kosongRiwayat versi Unicode6.0116 (+116) Catatan: [1] Alchemical Symbols adalah blok Unicode yang mengandung simbol...

 

Tennis at the Olympics Men's singlesat the Games of the VIII OlympiadVincent Richards (1922)VenueStade de ColombesDates13–20 July 1922Competitors82 from 27 nationsMedalists Vincent Richards  United States Henri Cochet  France Uberto De Morpurgo  Italy← 19201988 → Men's singlesTennis at the 1924 Summer OlympicsEvents Singles men women Doubles men women mixed ← 1920 · Summer Olympics · 1988 → 1924 tennis event re...

 

2015 studio album by Troy AveMajor Without a DealStudio album by Troy AveReleasedJune 5, 2015 (2015-06-05)Recorded2014–2015GenreHip hopLength60:07LabelBSB RecordsEmpire DistributionProducerTha BiznessChase N. CasheJohn ScinoKid CapriRoofeoRubirosaTed SmoothTroy AveYankeeYaiquabTroy Ave chronology New York City: The Album(2013) Major Without a Deal(2015) Major Without a Deal is the second studio album by American rapper Troy Ave. The album was released on June 5, 2015,...

1981 video game This article is about the 1981 video game. For other uses, see Frogger (disambiguation). 1981 video gameFroggerDeveloper(s)KonamiPublisher(s)JP/EU: Konami/Sega[5][4]NA: Sega/GremlinSeriesFroggerPlatform(s)Arcade, Apple II, Atari 8-bit, Atari 2600, Atari 5200, Intellivision, ColecoVision, Commodore 64, TI-99/4A, VIC-20ReleaseJP: August 1981[3]NA: September 1981[1][2]EU: October 1981[4]Genre(s)ActionMode(s)1-2 players alternating t...

 

American biologist and conservationist (born 1957) Mamie ParkerParker in 2020BornOctober 14, 1957Alma materUniversity of Arkansas (BS)University of Wisconsin-Green Bay (MS, PhD)AwardsPresidential Rank AwardArkansas Outdoor Hall of FameUniversity of Arkansas-Pine Bluff Hall of FameEmmeline Moore PrizeUSFWS Ira Gabrielson Leadership AwardWilliam K. Reilly Environmental Leadership Award2020 John L. Morris Award by the Association of Fish and Wildlife AgenciesScientific careerFieldsBiologyCo...

 

Ruler of Sardhana (c. 1753–1836) Begum SamruPortrait of Begum SamruBornFarzana Zeb-un-Nissac. 1753Kutana,[1] Meerut, IndiaDied27 January 1836 (aged 82–83)Sardhana, near Meerut, IndiaBurial placeBasilica of Our Lady of Graces, SardhanaOther namesJoanna Nobilis SombreOccupation(s)Nautch girlRuler of SardhanaSpouseWalter Reinhardt Sombre Joanna Nobilis Sombre (c. 1753– 27 January 1836), popularly known as Begum Samru (née Farzana Zeb un-Nissa),[2][3...

Mahakuta pillar InscriptionEarly Western Chalukya inscription of MangalesaMaterialDeep red sandstoneWritingSanskritCreated602 CEDiscovered15°55′59″N 75°43′22″E / 15.932953°N 75.722656°E / 15.932953; 75.722656PlaceMahakuta, KarnatakaPresent locationGol Gumbaz Museum, Vijayapura (16°49′37″N 75°44′08″E / 16.827048°N 75.735603°E / 16.827048; 75.735603)MahakutaMahakuta (India) [Interactive fullscreen map + nearby articles] Loc...

 

Metropolis in Uttar Pradesh, India This article is about the city in Uttar Pradesh, India. For its namesake district, see Jhansi district. Metropolis in Uttar Pradesh, IndiaJhansiMetropolisNight view of JhansiNicknames:  City of Rani Lakshmibai Gateway of Bundelkhand Crossroads of India(The Square of India) : North-south corridor and East-west corridor JhansiShow map of Uttar PradeshJhansiShow map of IndiaCoordinates: 25°26′55″N 78°34′11″E / 25.44862°N 78....

 

2005 single by Beyoncé Check on ItUS and Japanese editions cover[1]Single by Beyoncé featuring Slim Thug and Bun Bfrom the album #1's ReleasedDecember 13, 2005 (2005-12-13)Recorded2005StudioSony (New York City)The Jim Henson Company (Los Angeles)GenreR&Bhip hopLength3:30LabelColumbiaMusic WorldSongwriter(s)Beyoncé KnowlesKasseem DeanBernard FreemanSean GarrettAngela BeyincéStayve ThomasProducer(s)Swizz BeatzBeyoncé singles chronology Wishing on a Star (2005...

|автор видів= Ємельянов Ігор Георгійович Ємельянов Ігор Георгійович — член Ради та в.о. голови УТТ (фото 2007 року) Ємельянов Ігор Георгійович — член Ради та в.о. голови УТТ (фото 2007 року)Народився 4 грудня 1947(1947-12-04) (75 років)Київ, УРСРКраїна  УкраїнаДіяльність зоолог,&#...

 

National flag This article's tone or style may not reflect the encyclopedic tone used on Wikipedia. See Wikipedia's guide to writing better articles for suggestions. (April 2021) (Learn how and when to remove this template message) Republic of GhanaUseNational flag, civil and state ensign Proportion2:3Adopted6 March 1957; 66 years ago (1957-03-06)DesignA horizontal triband of red, gold, and green, charged with a black star in the centreDesigned byTheodosia Okoh UseCivil...

 

Shen DeqianShen Deqian's portraitVice-Minister of Rites of the Qing DynastyIn office1747-1748MonarchQianlong Emperor Personal detailsBorn1673SuzhouDied1769 (aged 96)Suzhou Shen Deqian (Chinese: 沈德潜; pinyin: Shěn Déqián; 1673-1769), courtesy name Queshi (Chinese: 碻士; pinyin: Quèshì), pseudonym Guiyu (Chinese: 歸愚; pinyin: Guīyú) was a Chinese scholar, official, poet, critic and anthologist of the Qing dynasty. Born in Suzhou, Shen achieved popularity...

Questa voce sull'argomento cestisti statunitensi è solo un abbozzo. Contribuisci a migliorarla secondo le convenzioni di Wikipedia. Segui i suggerimenti del progetto di riferimento. James Silas Nazionalità  Stati Uniti Altezza 185 cm Peso 82 kg Pallacanestro Ruolo Playmaker Termine carriera 1982 Carriera Giovanili McCall High School1968-1972 SFA Lumberjacks Squadre di club 1972-1973 Dallas Chaparrals78 (1071)1973-1981 San Antonio Spurs540 (9219)1981-1982 Clevel...

 

Biogeographic region This article is about the biogeographical region. For the island, see Papua. Papuasia as defined by the WGSRPD Papuasia is a Level 2 botanical region defined in the World Geographical Scheme for Recording Plant Distributions (WGSRPD).[1] It lies in the southwestern Pacific Ocean, in the Melanesia ecoregion of Oceania and Tropical Asia. It comprises the following geographic and political entities: Aru Islands (Indonesia; treated as part of Western New Guinea in the...

 

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!