Ювентус

Италия Ювентус
Толық атауы

«Ювентус» футбол клубы

Лақап аттары

Vecchia Signora

Құрылған жылы

1897

Стадионы

Ювентус Стэдиум

Сыйымдылығы

41 000

Иесі

АҚ "Exor"

Президенті

Италия Андреа Аньелли

Бас жаттықтырушы

Италия Массимилано Аллегри

Капитаны

Италия Джорджо Кьеллини

Сайты

[1]

Жарыс

А Сериясы

2023/24

3 орын

Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Форма
Резервтік
Футболдан Италия чемпионаты 2019/20

«Ювентус» (итал. Juventus Football Club [ju.ˈvɛn.tus]; лат. iuventus — жастық), сонымен қоса «Туриндік Ювентус», ФК «Ювентус» немесе жай «Юве» аттарымен белгілі - Туриннің футбол клубы, Италияның ең ескі және атақты клубы. Клуб Италияның чемпионаты мен бәйгелерінің ұтысы бойынша рекордшы болып табылады. XX ғасырдың ең үздік клубтарының бірі. 1985 жылы «Ювентус» УЕФА чемпиондар кубогын, УЕФА кубогын, УЕФА кубоктарының иегерлері кубогын ұтып алған алғашқы клуб.

2006 жылғы жанжалдың әсерінен В Сериясына жіберілді.

Тарихы

Ювентустың құрылуы

Клубтың негізін қалаушылар (1898)

1897 жылдың 1 қазанында футболды ұнататын бір топ достар Туринде кездесе отырып, тарихта өз атын қалдыратын клуб құруға келісті. Олар "Maссимо Д'Aцeльo" лицейінде оқитын еді. Достардың арасындағы ең үлкені 17 жаста.Сондықтан, олыр клубты «„Ювентус“ Спорт клубы», яғни «жастар клубы» деп атайды. Осылай Италияның ең беделді клубы құрылды. Клубтың құрылуына ат салысқандар: Эудженио Канфари, Энрико Канфари, Джоаккино Армано, Альфредо Армано, Луиджи Джибецци, Умберто Мальвано, Витторио Варетти, Умберто Савоя, Доменико Донна, Карло Ферреро, Франческо Дапра, Луиджи Форлано, Энрико Пьеро Молинатти, кейін оларға Пия Крея, Карло Фаверо, Джино Рокка, Гуидо Ботто және Эудженьо Секко қосылды. Команданың бірінші президенті—Энрико Канфари, алаңы—Пьяцца Д’Aрми болды. Ал формасы қызғылтым түсті болды. Клубтың штаб-пәтері Умберто 42 көшесінде орналасты. 1898 жылы клуб Пьяцци 4 көшесіне көшеді.15 наурызда Италия футбол федерациясы құрылады. Сол жылы алғаш Италия чемпионаты өтеді. Бірақ «Ювентус» бұған қатыспайды.

1899 жылы «„Ювентус“ Спорт клубы» атын «„Ювентус“ Футбол клубына» ауыстырады.«Ювентус» өз алаңында «Алессандрия», «Милан», «Дженоа» сияқты клубтармен ойындар өткізеді. Сонымен қоса, «Ювентус» шетел клубтарымен ойнаған алғашқы команда болады. Кейін, клубқа «Мотовелодромо Умберто I» алаңында ойын өткізуге мүмкіндік беріледі. Клубтың формасы негізі-алқызыл түсті. Бірақ тапсырыстарды жеткізетін уақытта қателік кездесіп, «Ювентус» ақ жейде мен ақ шолақ шалбарда өнер көрсетуге мәжбүр болады.

1900—1909

1903 жылдағы «Ювентус»

1900 жыл 11 наурызда «Ювентус» ұлттық чемпионатта дебют жасайды. Сол жылы «Юве» Ағарту Министрлігі Кубогын ұтып алады. Өзінің екінші чемпионатында «Ювентус» «Химнастика» командасын 5:0 есебімен ұтып, алғашқы жеңісіне жетеді. Бірақ, «Ювентус» жартылай финалда «Миланнан» ұтылады. Соған қарамастан, Ағарту Кубогын екінші рет ұтып алады. 1902 жылы командаға университет студенттері қосылады және жаңа президент—Карло Фавале келді.

1902 жылы күзде «Ювентус» өзінің алғашқы, Турин кубогы жарысын өткізеді. Финалда «Миланды» ұтып, кубокты жеңіп алады.

1903 жылы клуб қызғылтым формадан бас тартып, Ноттингем қаласынан жіберілген қара-ала формаларды кие бастайды. Ал клубың штаб-пәтері тағы да өзгереді, енді ол Пастренго көшесінде орналасады. Бұл жылы «Юве» Италия чемпионатының финалына дейін жетіп, «Дженоадан» 3:0 есебімен ұтылады.

1904 жылы «Ювентус» президенті швейцариялық ағайынды-бизнесмендер Марсан болады. Олар «Умберто I» алаңын толық жалдап, алаңға орындықтар орнатады. Сол жылы «Ювентус» алғаш рет шетелге, Лозаннаға футбол ойнауға барады. Ал Италия чемпионатында тағы да финалда «Дженоадан» 1:0 есебімен ұтылады. Бірақ, жыл соңында университеттік кубокты ұтып алады.

1905 жылы «Ювентусқа» швейцариялық Альфредо Дик президент болды. Ол клубты өзінің отандастары: Фредерик Дик, Паул Арнольд Вальти және Людвиг Вебером, Джек Димент, Хельскот және англиялық Джеймс Сквире мен Гудлимен күшейтті. Президент клубқа Донати көшесінен жаңа кеңсе сатып алып берді. «Ювентус» Италия чемпионатына дайын болды. Ал чемпионат болса, өткізілу формасын өзгертеді: ол үш кіші және бір үлкен айналымнан тұрады. Ал үздік екі команда финалдық ойын өткізеді. Осы жылы «Ювентус» керемет өнер көрсетіп, алғаш рет Италияның үздік командасы атанады.

1905/06 маусымды «Ювентус» Луиджи Боцино жарысында жеңіспен бастайды. Чемпионаттың алғашқы үлкен айналымында «Ювентус» «Миланмен» бірдей ұпай жинайды. Бірінші орын үшін күрес 1:1 есебімен тең аяқталды. Италия футбол федерациясы финалдық ойынды «Миланезе» клубының алаңында өткізуді ұсынады. Бірақ, «Ювентус» бұдан бас тартты. Осылай, чемпионатта «Милан» жеңіске жетті.

1906/07 маусымды «Ювентус» тағы да Боцино жарысында жеңіспен бастайды. Бірақ чемпионатта тек үшінші орын алады. Сол жылы Альфредо Дик команданы шетелге көшіруді және команда атын «Jugend Fussballverein»-ге ауыстыруды ойластырады, бірақ команда мүшелері бұған қарсы болды. Ал Альфредо Дик болса командадан кетіп, «Торино» атты жаңа клуб құрады. «Ювентустың» көптеген шетелдік футболшылары сонда кетеді. Диктің кетісімен «Ювентус» ешқандай қаражатсыз қалады. Тіпті, «Умберто I» алаңын жалдай алмайды. Клубтың келесі президенті Карло Витторио Варетти болады.

Қаржы мәселесімен «Ювентус» қайтадан Д’Арми алаңында өнер көрсетеді. 1908 жылғы Италия чемпионатында «Ювентус» «Андреа Дория» клубынан ұтылып қалады. Сол жылы «Ювентус» екі жарыста жеңіске жетеді—Пабло Даблес және Пионеристика. 1909 жылы «Ювентус» Италияның федералдық біріншілігінде жеңіске жетеді. Ал Италиялық біріншілікте өз тобында үшінші орын алады.

1910—1919

1909-1910 маусымда «Ювентус» Италия чемпионатында 3-ші орын алды, келесі жылы чемпионатқа Италияның солтүстік-шығыс бөлігінен жаңа командалар қосылуы әсерінен «Ювентус» чемпионатта тек 8-ші орын алды, ал келесі жылы 9-шы орын алады. Ал 1912/1913 маусымда тағы да нашар өнер көрсетіп, «Ювентус» өз тобында соңғы орын алды.

Ал 1913 жылы «Ювентусқа» клубтың бұрынғы футболшысы Джузеппе «Бино» Хесс келеді, сол жылы «Ювентус» чемпионатта 4-ші орын алады.

Келесі чемпионат Бірінші дүниежүзілік соғыс әсерінен аяқталмай қалды. «Ювентустың» 170 мүшесі соғысқа кетіп қалды, ал қалғандары «Италия Федералды кубогына» қатысып, өз тобында 2-ші орын алады.

1920—1930

Джампьеро Комби

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін команда жарысқа оралады: «Ювентус» қақпашысы Джаконе мен қорғаушысы Ново мен Бруна «Бьянконери» қатарында Италия құрама командасына шақырту алған алғаш футболшылары болады. Сол кездегі клуб президенті поэт, жазушы—Коррадино Коррадини 60-шы жылдарға дейін қолданыста болған гимн жазады. 1923 жыл клуб үшін ерекше жыл болды: Джампьеро Комби командада дебют жасап, болашақта клубтың ұлы қақпашыларының бірі болады. 24 шілдеде акционерлер жиналысында, атақты FIAT атомобильдер маркасының негізін қалаушы - Джованни Аньеллидің баласы Эдоардо Аньелли клуб президенті атанды. «Ювентус» осы жылы Стадио Корсо Марсилья алаңына көшеді. Қатарында Комби, Розетта, Мунерати, Бигатто және Грабби сияқты футболшылары бар «Ювентустың» жанкүйерлер санымен қоса, Италия футболындағы орны да арта бастайды. Команда тренері бұрынғы венгерлік футболшы, тәжірибелі маман Йенё Карой болады. Сонымен қоса, клуб қатарына сол кездегі атақты сол жақ вингер Ференц Хирцер қосылады.

1925/26-шы маусым «Ювентус» үшін өте сәтті өтті. Себебі, команда барлық 9 ойында бірде-бір доп жібермей, финалда «Болоньяны» ұтып, екінші Скудеттоны ұтып алады. Ал команданың үздік мергені Ференц Хирцер сол маусымда 35 гол соқты.

1926/27-шы жылдары «Ювентус» үшінші болды. Ал 1928 жылы билікке Муссолини бастаған фашистер келуінің әсерінен, Италияда шетел футболшыларына ойнауға тыйым салынатын заң шығарылды. Cоның әсерінен командадан Виола кетті, ал «Ювентус» В тобында тек үшінші орын алды. Кеткендердің орнына Раймундо Орси, Калигарис, Комби және Розетта сатып алынды.

1928/29-шы маусымда «Ескі Синьора» В тобында екінші орын алды. Осы жылы «Ювентус» алғаш рет Митропа кубогына қатысып, ширек финалға дейін жетті.

1930—1950

Карло Каркано

1930-шы жылдары «Ювентус» Джордж Эйткен басшылығында чемпионатта 3-ші орын алды. Ал келесі жылы клубқа жаңа маман Карло Каркано келіп, тарихтың жарқын беттерін ашты. Карло Каркано кезінде «Ювентус» чемпиондық титулды бес рет қатарынан ұтты. Ал Митропа кубогында төрт рет қатарынан жартылай финалға жетті. Бұл дәуір «Ювентус» тарихында «Алтын бесжылдық» деп аталды.

1935 жыл «Ювентус» тарихында клуб президентінің өлімі ретінде тарихта сақталады. 14-ші шілдеде Эдуардо Аньели Генуе қаласында авиакатастрофа әсерінен өледі. Бұл клубқа әсер етіп, «Ювентус» 1935/36 жылдары тек 5-ші орын алды. 1940-шы жылдары клуб оңалып, тіпті екі рет Италия кубогын ұтып алды.

1942/43 маусымда «Рома» мен «Виченцеден» ұтылып қалғаны үшін «Ювентус» ойыншыларына бірайлық жалақы төленбеді. «Ювентус» Италияда 1946 жылы 3-ші, 1947 жылы 2-ші, 1948 жылы 3-ші, 1949 жылы 4-ші орын алды.

1950—1970

Жанкүйерлер қолдауымен «Ювентус» Скудеттоны 1950 және 1952 жылдары ұтып алды. 1953 жылы Джованни Аньелли отставкаға кетті. Екі жылдан кейін оның інісі Умберто 22 жасында клубтың ең жас президенті болды. 1957 жылы клубқа Джон Чарльз бен «Алтын доптың» болашақ иегері Омар Сивори келді. Бұл екеуі «Ювентусты» 1957/1958 жылы 1-ші орынға шығарды. Бұл жетістіктің арқасында клуб таңбасының үстінде 1-ші жұлдыз пайда болды.

1959/60 жылы «Ювентус» Италия тарихында чемпионат пен кубокты ұтып алған алғаш клуб атанды. Келесі жылы «Юве» чемпионатта тағы да жеңіске жетті. Ал келесі Скудеттоны команда тек 1967 жылы ұтып алды.

1970—1990

1971 жылдың 13-ші шілдеде Бониперти клубтың жаңа президенті болды. Бониперти дәуірі қатарынан екі чемпионаттағы жеңіспен басталды (1971/72 және 1972/73). Бұл тоғыз Скудетто, 1977 жылы алғашқы УЕФА кубогындағы, 1984 жылы кубок иегерлері Кубогындағы жеңістің және Чемпиондар Лигасындағы жеңістің бастамасы болды.

1980 жылы Фабио Капеллоның орнына «Арсеналдың» ирландиялық жартылай қорғаушысы Лиам Брэйди келді.

1985 жылы 29 мамырда Эйзелдегі УЕФА кубогының финалдық ойынында әлемдік футбол тарихындағы ең үлкен трагедиялардың бірі болды. Ойын басталар алдында белгісіз себептерден 39 жазасыз адам қаза тапты. Бұған қарамастан «Ювентус» УЕФА кубогын ұтып, Токиода өтетін Интерконтиненталды кубокқа қатысуға мүмкіндік алды. Финалдық ойында аргентиналық «Боканы» ұтып, Әлем Чемпионы атанды.

1990—2013

Алессандро Дель Пьеро

1990 жылы Витторио Кайззотти Кьзано Джанпьеро Бонипертидің орнына «Ювентус» президенті болды. Үш жылдан кейін клуб өзінің үшінші УЕФА кубогын ұтып алды, бірақ чемпионатта клубтың жолы болмайды. Команданың бас жаттықтырушысы Марчелло Липпи болды, ал құрамда Чиро Феррара, Пауло Соуза, Дидье Дешам, Джанлука Виалли, Роберто Баджо сияқты футболшылар пайда болды. Сонымен қоса клубқа «Падова» командасынан, болашақта клубтың рекордтарының көбін өз атына жазған ойыншы—Алессандро Дель Пьеро келді. 1994/95 жылы «Ювентус» Италия чемпионаты мен кубогын ұтып алды. Чемпионаттағы жеңіс клубқа келесі жылғы Чемпиондар Лигасына жолдама берді. Ширекфиналда Мадридтік «Реал», жартылай финалда «Нант» жеңілді, ал Римде өткен финалдық ойынның негізгі уақытында «Аякспен» 1:1 есебімен теңбе-тең ойнады.

«Ювентус» ойыншылары он бір метрден барлық доптарын соқты, ал команда қақпашысы Перуцци қарсыластың екі добын қақты. Сонғы голды Югович салып, команда Чемпиондар Лигасын ұтып алды.

Эдгар Давидс және Алессио Таккинарди

Келесі жылдары клубта Зинедин Зидан, Филиппо Инзаги, Эдгар Давидс сияқты жаңа ойыншылар пайда болды. Токиода өткен Континентаралық кубокта жеңіске жеткеннен кейін «Ювентус» әлемдік шыңға қайта оралды. «Ювентус» 1996/97 және 1997/98 жылдары Скудеттоны екі жыл қатарынан ұтып алды. Ал Чемпиондар Лигасында клуб екі рет финалдық ойында жеңіліске ұшырап, жолы болмады. 1998 жылдың 8-ші қарашасында Дель Пьеро «Удинеземен» болған ойында өте ауыр жарақат алды. Ал Марчело Липпи болса өз орнын Карло Анчелоттиға босатты.

«Ювентуста» өткізген екі жылында ешқандай жетістікке жетпеген Анчелоттидың орнына қайтадан Марчело Липпи келді. Бұл кезде команда Зидан мен Индзагисіз болды. Зидан «Реалға» рекордты 75 миллион евроға көшті. Ал Индзагиді «Ювентустың» бас бапкері қызметін атқарған, «Миланның» жаттықтырушысы Карло Анчелотти өз құрамында осы футболшыны көруді талап етті. Кейін ол «Миланға» 31 миллион евроға көшті. Бірақ командаға Буффон, Тюрам және Недвед сияқты жаңа ойыншылар келді. Марчело Липпи «Ювентусты» 2001/2002 және 2002/2003 жылдары чемпионатта жеңіске алып келді. Сонымен қоса финалға дейін жетіп, финалда «Миланнан» ұтылып қалды. 2004 жылы Липпи «Ювентустан» кетіп, Италия ұлттық құрамасының тренері болды.

Марчело Липпидің орнына «Романың» жаттықтырушысы Фабио Капелло келді. Онымен бірге клубқа Эмерсон, Фабио Каннаваро және Златан Ибрагимович келді. Фабио Капелло кезінде «Ескі Синьора» чемпионатта екі жыл қатарынан жеңіске жетті, ал Чемпиондар Лигасында клубтың жолы болмады.

2006 жылы мамырда Туриндік прокуратураның тергеуі италиялық футболдағы жемқорлық туралы хабарлады. Бұл іс баспасөзде «Кальчополи» деген атпен танымал болды. Нәтижесінде «Ювентус» 2004/2005 жылы 2005/2006 жылы ұтып алған барлық кубоктарынан айырылды және 30 ұпаймен В Сериясына жіберілді. Осындай қиын кезде клубтың жаңа тренері болып Дидье Дешам келді.

В Сериясында өнер көрсетуді қаламаған алты ойыншы басқа клубтарға кетіп қалды: Эмерсон, Фабио Каннаваро, Джанлука Дзамбротта, Лилиан Тюрам, Патрик Виейра және Златан Ибрагимович. Көптеген ойыншыларынан айырылған «Ювентус» енді құрамын жас ойыншылармен толтырды. Клубқа кейін бүкіл Италияға танылған Федерико Бальцаретти, Клаудио Маркизио мен Раффаэле Палладино қосылды. «Ювентус» В Сериясында жеңіске жетіп, А Сериясына жолдама алды. Дидье Дешам клуб басшылығымен келіспеушіліктен кейін клубтан кетіп қалды.

2007 жылы маусымда Клаудио Раньери клубтың жаңа тренері болып келді. Ол клубта екі жыл болды. Бірінші жылы ол бірден чемпионатта үшінші орын алды. Ал келесі жылы чемпионат бітуге 2 тур қалғанда клубтан кетіп, оның орнына келген Чиро Феррара соңғы 2 турда жеңіске жетіп, клуб 2-ші орын ады.

«Ювентус Стэдиум»

2009/2010 жылдарда «Ювентус» нашар өнер көрсеткендіктен Чиро Феррараның орнына Альберто Дзаккерони келді. Бірақ ол клубты үлкен жетістіктерге алып келе алмады. Оның кезінде «Ювентус» Еуропа Лигасынан 1/8-ші финалда ұтылып, шығып кетті. Ал Италия чемпионатында 7-ші орында табан тіреді.

2010/11 жылы клубқа жаңа президент Андреа Аньелли келді. Ал клубтың тренері болып, бұрынғы «Сампдория» клубының тренері Луиджи Дель Нери келді. Дель Нери басшылығында да клуб чемпионатта 7-ші орын алып, ал Еуропа Лигасында өз тобында 6-ойындада тең нәтиже көрсетіп, сайысты аяқтауға мәжбүр болды.

2011 жылы мамырда клубқа Дель Неридың орнына Антонио Конте келді. «Ювентусқа» сонымен қоса жаңа алаң берілді. Ол «Ювентус Стэдиум» деп аталды. Осы жылы керемет өнер көрсетіп, бірде-бір рет ұтылмай «Ювентус» «Кальчополи» кезінен кейінгі алғашқы Скудеттоны ұтып алды. Бұл маусым Дель Пьеро үшін соңғы маусым болды. Ол карьерасын Австралияның «Сидней» клубында жалғастырды.

Келесі Скудеттоны «Ювентус» 2012/2013 жылы ұтып алды.

Жетістіктері

Ұлттық жетістіктері

  • Италия чемпионаты:
    • Италия чемпионы:1905, 1925/26, 1930/31, 1931/32, 1932/33, 1933/34, 1934/35, 1949/50, 1951/52, 1957/58, 1959/60, 1960/61, 1966/67, 1971/72, 1972/73, 1974/75, 1976/77, 1977/78, 1980/81, 1981/82, 1983/84, 1985/86, 1994/95, 1996/97, 1997/98, 2001/02, 2002/03, (2004/05, 2005/06), 2011/12, 2012/13, 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2018/19, 201/20
  • Италия кубогы: 10
    • 1937/38, 1941/42, 1958/59, 1959/60, 1964/65, 1978/79, 1982/83, 1989/90, 1994/95, 2014/15
  • Италия Суперкубогы: 6
    • 1995, 1997, 2002, 2003, 2012, 2013
  • B Сериясы: 1
    • 2006/07

Халықаралық жетісіктері

  • Чемпиондар Лигасы: 2
    • 1985, 1996
  • УЕФА кубогының иегелері Кубогы: 1
    • 1984
  • УЕФА Кубогы: 3
    • 1977, 1990, 1993
  • УЕФА Суперкубогы: 2
    • 1984, 1996
  • Интертото Кубогы: 1
    • 1999
  • Жоан Гампер Кубогы: 1
    • 2005
  • Альп Кубогы: 1
    • 1963
  • Турин Кубогы: 2
    • 1902, 1903

Континентаралық жетістіктері

  • Континентаралық кубок: 2
    • 1985, 1996

Клуб тренерлері

Клуб президенттері

Президент Уақыты Жетістіктері
Эудженио Канфари 1897
Энрико Канфари 1898 - 1901
Карло Фавале 1901 - 1902
Джакомо Парвопассу 1903 - 1904
Альфред Дик 1905 - 1906 1 Скудетто
Карло Витторио Варетти 1907 - 1910
Аттилио Уберталли 1911 - 1912
Джузеппе Хесс 1913 - 1915
Армано - Ницца - Дзамбелли 1915 - 1918
Коррадо Коррадини 1919 - 1920
Джино Оливетти 1920 - 1924
Эдуардо Аньели 1924 - 1934/35 6 Скудетто
Кравери - Маццонис 1935/36
Эмилио Де ла Форест 1936/37 - 1940/41 1 Италия Кубогы
Пьеро Дузио 1941/42 - 1946/47 1 Италия Кубогы
Джованни Аньели 1947/48 - 1953/54 2 Скудетто
Кравери - Краветто - Джустиниани 1954/55
Умберто Аньели 1955/56 - 1961/62 3 Скудетто

1 Италия Кубогы

Витторе Кателла 1962/63 - 1970/71 1 Скудетто

1 Италия Кубогы

Джампьеро Бониперти 1971/72 - 05.02.1990 9 Скудетто

2 Италия Кубогы 1 Чемпиондар Лигасы 1 УЕФА кубок иегерлері Кубогы 1 УЕФА Кубогы 1 Еуропа Суперкубогы 1 Межконтиненталды Кубок

Витторио ди Кьюзано 05.02.1990 - 30.07.2003 5 Скудетто

2 Италия Кубогы 3 Италия Суперкубогы 1 Чемпиондар Лигасы 2 УЕФА Кубогы 1 Еуропа Суперкубогы 1 Межконтиненталды кубок 1 Интертото Кубогы

Францо Гранде Стивенс 30.07.2003 - 29.06.2006 1 Италия Суперкубогы
Джованни Коболли Джильи 29.06.2006 - 27.10.2009 В Сериясында 1-ші орын
Жан-Клод Блан 27.10.2009 - 19.05.2010
Андреа Аньелли 19.05.2010 - қ.д. 1 Скудетто

Әйгілі футболшылары

A Сериясының үздік бомбардирлері

Мишель Платини
  1. 1925/1926 — Ференц Хирзер (35)
Джампьеро Бониперти
  1. 1932/1933 — Феличе Борель (29)
  2. 1933/1934 — Феличе Борель (31)
  3. 1947/1948 — Джампьеро Бониперти (27)
Джанлуиджи Буффон
  1. 1951/1952 — Джон Хансен (30)
  2. 1957/1958 — Джон Чарльз (28)
  3. 1959/1960 — Энрике Омар Сивори (27)
  4. 1979/1980 — Роберто Беттега (16)
  5. 1982/1983 — Мишель Платини (16)
  6. 1983/1984 — Мишель Платини (20)
Зинедин Зидан
  1. 1984/1985 — Мишель Платини (18)
  2. 2000/2001 — Давид Трезеге (24)
  3. 2007/2008 — Алессандро Дель Пьеро (21)

B Сериясының үздік бомбардирлері

  1. 2006/2007 — Алессандро Дель Пьеро (20)

«Алтын Доп» иегерлері

  1. 1961 — Энрике Омар Сивори
  2. 1982 — Паоло Росси
  3. 1983 — Мишель Платини
  4. 1984 — Мишель Платини
  5. 1985 — Мишель Платини
  6. 1993 — Роберто Баджо
  7. 1998 — Зинедин Зидан
  8. 2003 — Павел Недвед
  9. 2006 — Фабио Каннаваро

Әлем Чемпиондары

Әлем Чемпионатын ұтып алған «Ювентус» ойыншылары:

УЕФА нұсқасы бойынша жыл ойыншылары

УЕФА нұсқасы бойынша жыл ойыншысы атанған «Ювентус» ойыншылары:

  1. 2003 — Джанлуиджи Буффон

Еуропа чемпиондары

Еуропа чемпионы атанған «Ювентус» ойыншылары:

Дереккөздер

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!