Сауд Арабиясы Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол турнирлерінде Сауд Арабиясының атынан сынға түсетін ұлттық құрама. Басқарушы орган - Сауд Арабиясы футбол федерациясы. АФК және ФИФА мүшесі. Әлем чемпионатына 5 рет қатысқан - 1994, 1998, 2002, 2006, 2018 жылғы әлем чемпионатына.
Тарихы
Азияның үш дүркін чемпионы - 1984, 1988, 1996. Одан кейін де екі рет финалға шықты. 2000 жылы Ливанда өткен турнирде финалда Жапноиядан 0:1 есебімен жеңілді. 2007 жылғы Азия кубогында да дәл осындай есеппен Ирак құрамасынан жеңіліп қалды.
1994 жылғы әлем чемпионатында Сауд Арабиясы өте жақсы өнер көрсетті. Бірінші ойында Нидерланд құрамасын 50 минутқа дейін 1:0 есебімен ұтып тұрып, екі доп жіберіп алды. Екінші турда Мароккомен ойнап, 2:1 есебімен ұтты. Бұл - Әлем чемпионаттары тарихындағы тұңғыш мұсылман клубтарының дербиі еді. Сосын Бельгияның қақпасына чемпионаттың ең әдемі голы соғылды: Алаң ортасынан доп алған Саид Овайран жол жөнекей 5-6 футболшыны алдап өтіп, есеп ашты, бұл есеп арабтарға жеңіс әперді - 1:0.
1/8 финалда шведтерден 1:3 есебімен ұтылып қалса да, Сауд Арабия құрамасы мамандар тарапынан жоғары баға алды. Кейінгі әлем чемпионаттарында құрама топтан шыға алмады.
Құрама жайлы деректер
Жетістіктері
- Азия чемпионы: (3) 1984, 1988, 1996
- Азия кубогының финалисі: (3) 1992, 2000, 2007
- Араб Ұлттарының кубогы: (2)
- Парсы шығанағы кубогы: (3) 1994, 2002, 2003
- Конфедерациялар кубогының финалисы: (1) 1992
Әлем чемпионаттарындағы мергендері