Мьянма Ұлттық футбол құрамасы

Мьянма Ұлттық футбол құрамасы
Логотип
Лақап аты

Burma

Конфедерация

АФК (Азия)

Федерация

Мьянма Футбол Федерациясы

Бас бапкері

Германия Антуан Хей

ФИФА рейтингі

157 (+6) (6 шілде 2017)

Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма

 Иран 2 : 0 Бирма Мьянма
(Үндістан; 6 наурыз, 1951 жыл)

Мьянма Бирма 9 : 0 Сингапур Сингапур
(Куала-Лумпур, Малайзия; 9 қараша, 1969 жыл)

 Кувейт 9 : 0 Мьянма Мьянма
Кувейт; 3 қыркүйек, 2015 жыл)

Мьянма Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық жарыстарда Мьянманың намысын қорғайтын ұлттық құрама. 1989 жылға дейін "Бирма" деп аталған. Басқарушы ұйым — Мьянма Футбол Федерациясы.

Тарихы

Әзірше әлем чемпионатына қатыспаған. Азия кубогының финалдық кезеңінде бір рет ойнады, 1968 жылы Иранда өткен турнирде екінші орынға ие болды.

Турнирге бес құрама қатысты да, өзара бір реттен ойнап шықты. Бирма құрамасы әуелі Тайваньмен 1:1 есебімен тең ойнады. Екінші турда 1:0 есебімен сол кездегі күшті құрамалардың бірі Израильді тізе бүктірді. Үшінші турда алаң иелерімен ойнап, есеп 1:1 боп тұрғанда екі гол жіберіп алып, 3:1 есебімен тізе бүкті, осы нәтижеден соң Иран соңғы тур нәтижесіне қарамай Азия чемпионы атанды.

Соңғы турда бирмалықтарға Иран көмектесті, Израильді ұтып (4:1), олардың екінші орында тұрақтап қалу мүмкіндігін азайтты. Бирмалықтар өз кезегінде Гонконгты 2:0 есебімен ұтып, күміс жүлдеге қол жеткізді. Осыдан соң құрама қайтадан Азия кубогының финалдық кезеңіне қатысқан жоқ.

Құрама бұдан бөлек Оңтүстік Шығыс Азия ойындарына қатысып тұрады, бірақ ол жарыста 1-раундтан асқан емес.

Әлем чемпионаттарында

  • 1930 — 1938 — қатыспады
  • 1950 — бас тартты
  • 1954 — 1990 — қатыспады
  • 1994 — ұсынысын қайтып алды
  • 1998 — қатыспады
  • 2002 — ұсынысын қайтып алды
  • 2006 — дисквалификцияға ұшырады
  • 2010 — 2018 — іріктеуден өте алмады

Азия кубогынде

  • 1956 — 1964 — қатыспады
  • 1968 — 2 орын
  • 1972 — 1992 — қатыспады
  • 1996 — 2004 — іріктеуден өте алмады
  • 2007 — 2011 — қатыспады
  • 2015 — іріктеуден өте алмады

Сілтемелер

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!