Гуам Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Гуамның намысын қорғайтын құрама. ФИФА және АФК мүшесі. Басқарушы ұйым — Гуам Футбол Қауымдастығы.
Тарихы
Құрама алғашқы ойынын 1975 жылы өткізсе де, ФИФА-ға тек 1996 жылы мүше болды. Әлем чемпионатының іріктеуіне 2015 жылы ғана қатыса бастады. Бұған дейін бірнеше рет Азия кубогының іріктеуіне, Оңтүстік Азия ойындарына және Тынық Мұхит ойындарына қатысқан.
Басты жетістігі — 1998 жылғы Микронезия ойындарындағы алтын медаль.
Бапкерлері
- Уилли Макфаул (1999–2003)
- Сугао Камбе (2003–2005)
- Норио Цукитате (2005–2009)
- Казуо Утида (2011–2012)
- Гэри Уайт (2012–2016)
- Даррен Шаватски (2016–2017)
- Карл Додд (2017- )
Стадионы
Ұлттық құрама өз алаңындағы матчтарын Хагатна қаласындағы (бұрынғы аты Аганья) кішігірім стадионда өткізеді. Атауы — Ұлттық стадион. Сыйымдылығы 1000 адам.
Дереккөздер
Сілтемелер