Ұлттық пантеон — аса көрнекті мемлекет, ғылым, мәдениет қайраткерлерін, сондай-ақ Қазақстанның дамуына үлес қосқан адамдарды мәңгі есте сақтау мақсатында салынған, мемориалдық маңызы бар сәулет объектісі болып табылатын, қайтыс болған (қаза тапқан) адамдарды жерлеуге арналған орын. Пантеон Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы маңында, Астана қаласынан оңтүстікке қарай 17 шақырым жерде орналасқан.
Тарихы
Пантеон Қабанбай батыр кесенесінің айналасында құрылған. Пантеон құру туралы шешім 2014 жылы қабылданған, ал құрылыс 2015 жылы басталды. Пантеон ресми 2020 жылғы маусым айынан бастап жұмыс істей бастады. Оның қызметін Астана қаласыЕсіл ауданының әкімшілігі реттейді.[1]
Ережесі
Пантеонға келесі санаттарға кіретін қайтыс болған адамдар жерлене алады:
Қазақстан Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган басшылары; министрлер; республикалық маңызы бар қала, елорда және облыс әкімдері;
Клара Жұмабаева (1941-2020) — халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың жұбайы;
Саяхат Қонақай (3 маусым 1955 — 21 қыркүйек 2014) — Сара Назарбаеваның ағасы;
Сергей Дьяченко (18 қыркүйек 1952 — 26 қазан 2016) — Ақмола облысының бұрынғы әкімі;
Қозы-Көрпеш Жаңбыршин (02 шілде 1960 — 12 Ақпан 2017) — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бұрынғы төрағасы;
Зейнолла Шайдаров (14 қараша 1933 — 25 маусым 2020) — қоғам қайраткері;
Ибрагим Жанғоразов (1937 жылғы 19 шілде — 2020 жылғы 15 қаңтар) — ауыл шаруашылығы қайраткері, Социалистік Еңбек Геро (1981 жыл);
Әнес Сарай (21 қараша 1937 — 2 ақпан 2021) — қазақ жазушысы, драматург, журналист. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
Баян Сисенқызы Жақыпова (18 желтоқсан 1949 — 24 сәуір 2021) — Парламент Мәжілісінің бұрынғы спикері Қабиболла Жақыповтың әйелі;
Серік Смайылұлы Қирабай (23 наурыз 1927 – 26 қазан 2021) – кеңестік, қазақстандық көрнекті әдебиеттанушы ғалымдардың бірі, сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚазКСР мен Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, КСРО Педагогика Ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі;
Қожахмет Балахметов (26 маусым 1926 — 6 қараша 2021) — Еңбек ардагері және Қазақ КСР бұрынғы Білім министрі;
Мнаура Әбиқызы Сағындықова (Қорғұлова) (28 қаңтар 1951 — 19 маусым 2022) — Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Елеусін Сағындықовтың жұбайы;
Қажымұрат Нағыманов (1 маусым 1948-2 шілде 2022) - мемлекет қайраткері, 2002-2005 жылдары Қазақстанның көлік және коммуникация министрі;
Мария Ғабдуллина (15 шілде 1938 — шілде 2022) — мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтың әйелі[4];
Бази, Клара Қайсарқызы (24 шілде 1939 – 15 сәуір 2023) – Ибрагим Байгораздың әйелі.
Несіпбек Айт (22 қыркүйек 1950 – 16 қазан 2023) – қазақ ақыны, аудармашы, журналист;
Анар Жайылғанова (10 шілде 1969 – 12 ақпан 2024) – қазақстандық мемлекеттік, саяси қайраткер;
Сейдахмет Рысқожаұлы Құттықадам (9 мамыр 1946 – 2 наурыз 2024) – көрнекті қазақстандық саясаттанушы, публицист, қоғам қайраткері;
Өмірбек Байгелді (15 сәуір 1939 — 3 сәуір 2024) — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (30 қаңтар 1996 — 1 желтоқсан 1999).[5]
↑tengrinews.kzКак выглядит Национальный пантеон сейчас(орыс.). Главные новости Казахстана - Tengrinews.kz (30 марта 2023). Басты дереккөзінен мұрағатталған 23 шілде 2023.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 23 шілде 2023.