2000 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрінің бірінші орынбасары болып тағайндалды.[1]
2003 жылдан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатындағы өкілі.
2007 жылдан – төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
2012 жылдың қаңтар айынан бастап – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халық-тық-Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
2012 жылдың қыркүйегінен – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары болып сайланды.
2014 жылдың 3 сәуірінен бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды.
II дәрежелі Әулие Даниил ордендерімен марапатталған.
ҚР Құрметті құрылысшысы.
Отбасы
Үйленген. Жұбайы - Жақыпова Баян Сейсенқызы (1949 жылы туған). Ұлдары - Жақыпов Жаслан (1974 жылы туған), Жақыпов Аслан (1977 жылы туған). Немерелері - Темірлан (1998 жылы туған), Ерлан (2001 жылы туған), Алан (2002 жылы туған), Дана (2004 жылы туған), Мәдина (2007 ж.т.), Лаура (2008 ж.т.).[2][3]
Дереккөздер
↑Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8