Әбіш Кекілбайұлы

Әбіш Кекілбайұлы
Әбіш Кекілбайұлы
Астанадағы үйінде, 2011 жыл
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты
Ту
Ту
24 ақпан 2002 — 11 наурыз 2010
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Ту
Ту
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы
Ту
Ту
30 қазан 1996 — 26 қаңтар 2002
Ізашары Ахметжан Смағұлұлы Есімов
Ізбасары Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Ту
Ту
Парламент Мәжілісінің депутаты
Ту
Ту
9 желтоқсан 1995 — 30 қазан 1996
Ту
Ту
Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы
Ту
Ту
5 ақпан 1994 — 11 наурыз 1995
Ізашары Серікболсын Әбділдаұлы Әбділдин
Ізбасары лауазым жойылды
Өмірбаяны
Партиясы КОКП
Білімі Қазақ ұлттық университеті, Филология факультеті,
Мамандығы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Діні ислам
Дүниеге келуі 6 желтоқсан 1939 (1939-12-06)
Оңды ауылы, Маңғыстау ауданы, Маңғыстау облысы
Қайтыс болуы 11 желтоқсан 2015 (2015-12-11) (76 жас)
Астана
Жерленді Қазақстан Ұлттық пантеоны
Әкесі Кекілбай Қоқымұлы
Анасы Айсәуле Жұмабайқызы
Жұбайы Жумабаева Клара Калекенқызы
Балалары ұлдары: Әулет Қожаназар (1965-2013), Дәулет (1975); қыздары: Заузат (1967), Сәулет (1971)
Сайты www.kekilbayev.kz
Марапаттары
Қазақстанның Еңбек Ері
Қазақстанның Еңбек Ері
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені Знак Почета
Тыңға 50 жыл ҚР Конституциясына 20 жыл
Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері
Содружество ордені

Әбіш Кекілбайұлы (6 желтоқсан 1939 жыл, Оңды ауылы, Маңғыстау облысы11 желтоқсан 2015 жыл, Астана) — Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының тұңғыш Мемлекеттік хатшысы (1996-2002), Парламент Сенатының депутаты (2002-2015).

Өмірбаяны

Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған.

1947 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948–1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956–1957 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.

1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі.

Ол Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері (2009) көрнекті мемлекеттік, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2009), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Л. Гумилев атындағы Ұлттық Университетінің, Ақтау, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жезқазған Университетінің және ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті профессоры, АҚШ-тың Кентуки штатының құрметті полковнигі, Маңғыстау, Атырау обылысындарының, сондай-ақ республикамыздың бірқатар аудандырының құрметті азаматы. 2015 жылдың 11 желтоқсанында дүниеден өтті. Мүрдесі ұлттық пантеонға жерленді. Шыққан руы Адай.[1]

Лақап аты – Әбіш Таған.[2]

Отбасы

Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі, білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған.

19281931 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай мекеннен көшіп Түрікменстанның Красноводск портында жүкші, Бекдаш химия кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937 жылы Баку мен Махачқала арқылы оралған соң Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде шахтер болды. 1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болады. Алайда Кекілбайдың дүниеден өткенін үй ішіне бірнеше жылдан соң ғана хабарлайды. Кекілбай соғысқа аттанған жылы анасының ішінде қыз бала қалады. Оның есімін Тілектес деп қояды.

Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942–1945 жылдар аралығында стахановшы шахтер, 1945–1962 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді.

Әбіш Кекілбайұлы 1947 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948–1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956–1957 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды.

Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.

Кітапты, бұрынғының кітаптарын көп оқитын. Бала болып алысып-жұлысу дегенді, бұрқырап беталды жүру, темекі тарту дегенді білмейтін. Балалардан гөрі үлкен кісілерге үйір еді. Олар да бетінен қақпайтын. Оныншы класты бітіргесін ауылдан да, ауданнан да қызмет ұсынды. Мен оған «былай бол» деп бір ауыз сөз, ақыл айтқан емеспін. Қызметке тұрып, ауылда қалайын деп жатқан жерінде жалғыз немере ағасы «Жас та болсаң, бассың оқы. Қызмет қайда қашады? Алматыға бар» деді. Алматыға да жалғыз кетті. Дәм айдап келген ғой, оқуын бітірген соң, осында қалды.

Айсәуле Жұмабайқызы, Ана сұхбатынан [3]


Жазушының жұбайының есімі – Клара Жұмабаева. Екеуі орта мектепте бірге оқыған. Бір күні жазда мектеп оқушыларының аудандық байқауы өтеді. Кекілбайдың Әбіші де тамашалау үшін концертке барған. Сахнада ән айтып тұрған ақ көйлек киген қызға жазушының көзі түседі. Сол жылы күзде Әбіш әлгі қызды қайта көреді. Сөйтіп танысады. Оқу орнын бітірген соң екеуі үйленеді. Клараның мамандығы – дәрігер.

Ерлі-зайыпты төрт бала – Әулет (1965–2013) пен Дәулет (1975) есімді екі ұл, Зәузат (1967) пен Сәулет (1971) есімді екі қыз тәрбиелеп өсірді. 2013 жылы Маңғыстауда үлкен ұлы Әулет жол апатынан қаза тапты. Әпкелері: Дыбыс пен Қаркөз Маңғыстауда тұрады, қарындасы Тілектес Қызылордада тұрады.

Қызмет жолы

1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады.

1962–1965 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.

1965–1968 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрлігінде.

1968–1970 жылдары Кеңес армиясының қатарында.

1970–1975 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор.

1975–1984 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі.

1984–1986 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрінің орынбасары.

1986–1988 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының 2-ші хатшысы.

1989–1990 жылдары ҚазКСР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы.

1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі.

1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы.

1992–1993 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы.

1993–1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.

1994–1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы.

1996–2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді.

2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады.

2015 жылдың 10 желтоқсан күні Әбіш Кекілбайұлы дүниеден озды.

Ұлттық пантеондағы әйелі екеуі қабірлері бастарына орнатылған бірыңғай құлпытас

2020 жылдың 5 шілдесінде Әбіш Кекілбайұлының жары Клара Жұмабайқызы өмірден өтті.

Шығармашылығы

Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді.

Әбіш Кекілбайұлы

Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. 2010–2013 жылдары «Жазушы» баспасында 20 томдық “толық” шығармалар жинағы шықты.

Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.

2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты.

Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының (1986), Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының (1995), «Отан» орденімен (1999), Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.

Романдар
  • «Шандоз»
  • «Аңыздың ақыры»
  • «Үркер»
  • «Елең-Алаң»
  • «Конец легенды»
  • «Плеяды – созвездие надежды»
  • «Всполохи»
Аудармалар

Повестер
  • «Бір шөкім бұлт»
  • «Күй»
  • «Бәйгеторы»
  • «Шыңырау»
  • «Бәсеке»
  • «Ханша дария хикаясы»
  • «Құс қанаты»
  • «Бір шоқ жиде»
  • «Шеткері үй»

Әңгімелер
  • «Аш бөрі»
  • «Ең бақытты күн»
  • «Ажар»
  • «Жүнді барақ»
  • «Ақ қайың»
  • «Ор теке»
  • «Ауыз»
  • «Көлденең көк атты»
  • «Есболай»
  • «Тасбақаның шөбі»
  • «Керек адам»
  • «Міне, керемет!»
  • «Ақырғы аялдама»
  • «Галстук сатушы қыз»
  • «Абылай хан»
  • «Белая береза»
  • «Встречный-поперечный»
  • «Есболай» (рус.)
  • «Ну и чудеса!»
  • «После встречи»

Марапаттары

Мемлекеттік наградалар

Халықаралық марапаттар

Марапаттар
  • Қазақстанның халық жазушысы
  • Маңғыстау облысының құрметті азаматы [4]

Әбіш Кекілбай атында

2019 жылы Маңғыстау өңірінде халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлына ескерткіш ашылды. Ақтау қаласында бой көтерген ескерткіштің авторы – мүсінші, суретші Көшер Байғазы. Қоладан тұрғызылған ескерткіштің биіктігі – 3,5 метр. Салмағы – 3,5 тонна.

  • Әбіш Кекілбайұлы атындағы көше (Астана)
  • Әбіш Кекілбайұлы атындағы көше (Алматы)( бұрынғы атауы Коблукова) [5].
  • Әбіш Кекілбайұлы атындағы көше (Орал)( бұрынғы атауы Комсомольская) [6],[7].
  • Әбіш Кекілбайұлы атындағы Оңды орта мектебі (Маңғыстау облысы) [8].
  • Әбіш Кекілбайұлы атындағы BINOM мектебі (Астана) [9].
  • Ә. Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі (Ақтау) [10].
  • Әуе қалашығындағы 900 орындық №72 Әбіш Кекілбайұлы атындағы жалпы білім беретін ІТ мектеп-лицейі (Ақтөбе) [11].
  • Әбіш Кекілбайұлы атындағы ғылыми-зерттеу зертханасы (Ш.Есенов университеті)[12].
  • Әбіш Кекілбайұлы атындағы аудитория ашылды (Еуразия ұлттық университеті)
  • Әбіш Кекілбайұлының атындағы оқу залы (Ұлттық академиялық кітапхана) [13].
  • Әбіш Кекілбайұлы атындағы аудитория (Қазақ ұлттық университеті) [14].
  • Әбіш Кекілбайұлы атындағы аллея (Астана) [15].
  • Әбіш Кекілбайұлы атындағы мәдени орталық (Ақтау)[16].

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

  1. https://boz.kz/article/82617171357894.html Мұрағатталған 8 сәуірдің 2019 жылы.
  2. Қазақстан жазушылары. Анықтамалық. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1982, 124 бет
  3. Әлия Бөпежанова, Әбіштің анасы
  4. "Қазақ энциклопедиясы"
  5. Алматыда Әбіш Кекілбаев пен Фариза Оңғарсынова атындағы көшелер пайда болды
  6. Батыс өңірінде 12 елді мекен, 52 көше атауы өзгертілді
  7. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V20Z0006095Орал(қолжетпейтін сілтеме) қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы]
  8. Онды орта мектебіне Әбіш Кекілбайұлы есімі берілді
  9. Әбіш Кекілбаев атындағы BINOM мектебі
  10. Ақтауда Әбіш Кекілбайұлы атындағы музей ашылды
  11. Әбіш Кекілбаев атындағы мектеп ашылып, Фариза Оңғарсынова атындағы білім ошағында мемориалдық тақта орнатылды
  12. Әбіш Кекілбаев атындағы ғылыми-зерттеу
  13. «Әбіш Кекілбайұлы» атындағы оқу залы ашылады
  14. Алматыда Әбіш Кекілбаев атындағы аудитория ашылды
  15. Астанада Әбіш Кекілбаев атындағы аллея ашылады
  16. Тоқаевтың тапсырмасы: Әбіш Кекілбаевтың Ақтаудағы музейінің құрылысы 2020 жылы аяқталады

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!