Серік Смайылұлы 23 наурыз, 1927 жылыҚарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа (Атасу) кентінде туған. Арғын тайпасы Қуандық руы Алсай бөлімінен шыққан[1].
1951 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітіргеннен кейін аспирантурада оқи жүріп, Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы, «Әдебиет және искусство» журналының бөлім меңгерушісі болып істеген. 1952—1955 жылдары «Пионер» журналында редактор, 1955—1958 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі ((Егемен Қазақстан») газетінде меңгеруші, редакциялық алқа мүшесі болды. 1958 жылдан Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында 30 жыл бойы доцент, профессор, филология факультетінің деканы, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, институт ректорының оқу ісін басқаратын орынбасары қызметтерін атқарды. 1988—1995 жылдары Қазақ КСР ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры болып істеді. Қазір сол институтта бөлім меңгерушісі.
Шығармашылығы
Қазақ әдебиетінің өзекті мәселеріне арналған сын мақалалары мен рецензиялары 1948 жылдан бастап жарық көре бастады. Содан бергі уақытта 800-ден астам әдеби сын, ғылыми мақалалары мен еңбектері жарық көрді. С.Көбеевтің жазушылық жолы жайында кандидаттық диссертация қорғады (1957), «Сә Сейфуллин» монографиясы негізінде докторлық диссертация (1964) қорғады. «Жүсіпбек Аймауытов» атты кітабы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығына ие болды (1994).
1952 жылдан бері қазақ әдебиетінен орта мектепке арналған (IX—X сыныптар) оқулықтар жазумен шұғылданып келеді.
Ол КСРО Жоғарғы Аттестациялық Комиссияның сараптамалық кеңесінің мүшесі, Қазақстан ЖАК-тың төралқа мүшесі, Қазақ энциклопедиясының ред. алқасының мүшесі және әдебиет жөніндегі кеңестің төрағасы болған. КСРО Жазушылар одағы басқармасы тексеру комиссиясының, КСРО Жазушылар одағы жанындағы Сын кеңесінің мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, одақтың хатшысы, төралқа мүшесі, сын кеңесі төрағасы болып бірнеше жыл істеген. Көп жылдар бойы Қазақстан Білім министрлігі жанындағы оқу-әдістемелік кеңесінің әдебиет секциясының төрағасы ретінде орта және жоғары мектепке арналған оқулықтар мен бағдарламаларды жаңғырту, жетілдіру ісіне басшылық жасады. «Қазақ әдебиеті және мектеп», "Қазақ әдебиеті оқулығына методикалық нұсқау" (Қ.Мырзағалиевпен бірге), т.б. көптеген оқулықтары жарық көрді.[2][3]
Жеке өмірі
Әскери атағы - отставкадағы капитан. Үйленген. Жұбайы - Бейсенова Әлия Сәрсенқызы,ҚР ҰҒА академигі. Ұлдары - Қирабаев Нұр, философия ғылымдарының докторы, профессор; Қирабаев Әлім, ҚР СІМ Америка департаменті директорының орынбасары.[4]
Шығармалары
Ғабиден Мұстафин. Сын-библиографиялық очерк. А., ҚМ КӨБ, 1956;
Габиден Мустафин. Критико-биографический очерк. А., КИХЛ, 1957;
Спандияр Көбеев. А., ҚМКӘБ, 1960;
Өрлеу жолында. Әдеби-сын мақалалар. А., ҚМКӘБ, 1960;
Сә Сейфуллин. А., «Жазушы», 1962;
Сә Сейфуллин. А., «Жазушы», 1966;
Октябрь және қазақ әдебиеті. Мақалалар мен зерттеулер. А., «Жазушы», 1968;
Өнер өрісі. Мақалалар мен зерттеулер. А., «Жазушы», 1971;
Сакен Сейфуллин. Монография. М., Советский писатель. 1973;
Әдебиет және дәуір талабы. Мақалалар мен зерттеулер. А., «Жазушы», 1976;
Революция және әдебиет. Екі томдық. А., «Жазушы», 1977;
Қазақ әдебиеті және мектеп. Зерттеу. А., «Мектеп», 1979;
Революцией призванный. Статьи исследования. А., «Жазушы», 1980;
Шындық және шығарма. Мақалалар мен зерттеулер. А., «Жалын» 1981;
Шындық пен шеберлік. Зерттеулер мен мақалар. А., «Жазушы», 1983;
Высокое назначение. Статьи, критические очерки. А., «Жазушы», 1985;
Талантқа құрмет. Зерттеулер мен мақалалар. А., «Жазушы», 1988;
Таңдамалы шығармалары. Екі том. А., «Жазушы», 1990-1991;
Жүсіпбек Аймауытов. Өмірі мен шығармашылық. А., «Ана тілі», 1993;
Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. А., «Білім», 1995;
Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті. Зерттеу. А., «Білім», 1998;
Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. Зерттеулер мен мақалалар. А., «Ғылым», 2001;
2007 жылыдың 30 наурызында ҚР тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке қабылдауында болып, қазақ ғылымына сіңірген айрықша еңбектері үшін еліміздің ең жоғарғы «Отан ордені» мен марапаттады.
2012 жылы президент жарлығымен ІІ дәрежедегі «Барыс ордені» мен марапатталды.
Көптеген мемлекеттік медалдармен марапатталған.
Дереккөздер
↑Алтай шежіресі, жауапты редактор -- Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014