Қазақ рулары — қазақ халқының негізін құраушы ру-тайпалар. Бір атадан өрбіген туыстас адамдардың жиынтығы.
Ұлы жүз: Жалайырлар (110 мың), Ошақты (20 мың), Дулаттар (250 мың), Суандар (30 мың), Албандар (81 мың), Қаңлылар (әдетте шанышқылымен қосып есептеледі) (50 мың), Сары үйсіндер (10 мың), Шапырашты (60 мың), Сіргелі (40 мың) және Ысты (45 мың). Шамамен XIX ғасырдың аяғында ұлы жүз халқы 700 мыңдай болса, 1989 – 2 милиондай болған. Дулат, Жалайыр және Суандарды ұлы жүздің саны көп рулары деп атауға болады.
Орта жүз: XIX ғасырдың аяғында 1 милион 300 мың болған, ал 1989 – 3.1 милион. Соның ішінде: Арғындар 510 мың, Наймандар 430 мың, Қыпшақтар 150 мың, Керейлер 110 мың, Уақтар 60 мың, Тарақты 10 мың және Қоңыраттар 45 мың. Орта жүздің ірі рулары деп Арғындар, Наймандар, Қыпшақтар және Керейлерді айтуға болады.
Кіші жүз: XIX ғасырдың аяғында 1 милион 100 мың адам болды. Кіші жүз үш бірлестіктен тұрады: Әлімұлы, Байұлы және Жетіру. Соның ішінде Әлімұлы жалпы 350 мың, Әлімнің рулары Шектілер 80 мың, Шөмекейлер 100 мың, Төртқара 60 мың, Кете 60 мың, Қаракесек 25 мың және Қарасақал 15 мың құрайды.
Байұлының жалпы саны 550 мың. Байұлының ішінде: Адайлар 100 мың, Байбақтылар 40 мың, Беріштер 40 мың, Таздар 20 мың, Шеркештер 45 мың, Масқар 20 мың, Тана 25 мың, Қызылқұрт – 40 мың, Алтын – 30 мың, Жаппас – 50 мың, Ысық – 20 мың, Есентемір 20 мың, Алаша – 40 мың.
Жетірудің жалпы саны 300 мың. Соның ішінде: Табын 80 мың, Жағалбайлы 70 мың, Керейт 33 мың, Тама – 45 мың, Телеу - 20 мың, Кердері 20 мың және Рамадан 5 мыңға жуық, Ноғай-Қазақ cоның ішінде: үйсін-ноғай, қояс, қазанқұлақ, қостаңбалы 34 мын. 1989 жылы кіші жүз шамамен 1,4 милион адам болды. [1]
Кіші жүздің ірі рулары деп Шөмекейлер мен Адайларды айтуға болады.
Саны 200 мыңнан асатын руларды қарасақ, жалпы қазақ халқындағы ең ірі рулар деп Арғын, Найман, Дулаттарды айтуға болады.
Бірінші деңгей (Ел) - Арғын, Найман және т.б. Барлығы 20 шақты ру.
Екінші деңгей (Тайпа, округтік, уездік деңгей) - Қаракесек, Қуандық және т.б. Барлығы 200 шақты ру. Жарты немесе бір округ, уезді құрады. Сыртқы округті аға сұлтандар, ал уезді орыс уезд бастықтары басқарды.
Үшінші деңгей (Ру, болыстық деңгей) - Керней, Қояншы тағай, Сарым, Қареке және т.б. Жарты, бір, екі болысты құрады. Болыс басқармасы басқарды.
Төртінші деңгей (Ата, ауылық деңгей) - Жарты, бір, екі административты ауылды құрады. Ауыл старшындарымен, 1868 жылдан сон билермен басқарылды.