Орта жүздегі Найман, біздің қазақтың ескі сөзінше, Софы мырза дегеннің нәсілі. Оны Баба мырза деген інісі өлтіргенде, Софы мырзаның тоқалының жалғыз баласы Өкіреш қазақ ішіне көшіпті. Осы сөз Әбілғазы ханның сөзіне тура келеді. Себебі Әбілғазының әкесі араб Мұхамедханды өлтіріп, «орнына хан қоямын» деп Софы мырза Самарқандтан Хысырау деген хан нәсілді біреуді алып келгенде, араб Махмұд біліп Хысырауды өлтіріп, Софы мырзаны өзіне нөкер болып тұрған Софының інісі Баба мырзаға бергенде, «мен ханға дұшпан кісіні аға қылмаймын» деп өз ағасын өзі өлтірді деп жазады. Орта жүздегі найманның бергі аталары туралы жазылған Спасский, Аристов, Маевский деген орыс жазушыларының сөзінде жауынгер болып жазылды. Біздің білуімізше, орта жүздегі Найман атасы - Софы мырза, оның баласы - Өкіреш, оның үш баласы - Домбауыл, Сүгірше, Саржомарт. Домбауыл тұқымы жылқысына теріс жағынан таңба басып Терістаңбалы атанды.
Терістаңбалы – Найман елінің ноқта ағасы,
ол ішінен екі руға бөлінеді Бағаналы, Балталы екеуі ағайынды емес бірақ ата қонысы бір болғандықтан екеуі бірге айтылады, арғы аталары туыстас Найман. Сүгіршенің баласы - Қытай, оның баласы - Төлегетай, оның төрт баласы - Қаракерей, Матай, Садыр, Төртұл, бұл төртеуі:
Төлегетайдың төрт арыстаны
Қаракерейдің екі баласы - Байторы, Ерторы. Байторының баласы - Мейрам және асырап алған Ақнайман бұл Найман ішінде жеке ру атанды. Мейрамның баласы Байыс.Ерторының баласы - Байсиық және асырап алған Қарамолда, Байыстың бәйбішеден төрт баласы - Мәмбетқұл, Сыбанқұл, Ахмедқұл, Сары. Мәмбетқұл жас күнінде өкпешіл болып, қыржиып отыра бергеннен Қыржи атанды. Сыбанқұл Сыбан атанып, Ахмедқұл Ақымбет атанды. Байыстың тоқалынан екі баласы - Тума, Тоқбақ және тоқалынан екі бала - Бошатчы, Байғана. Және Байыстың баласы Тоқтарқожа одан Байжігіт, Жанжігіт деген екі бала дүниеге келеді. Жоғарыдағы Сарының қатынының аты Мұрын екен, Сарының нәсілі сол шешелерінің атымен Мұрын атанды; жоғарғы Байсиықтың төрт баласы - Жанғұлы, Меңлібай, Төбет, Ақбелбеу. Бұл төртеуіменен Қарамолда және асыранды Семіз Найман атанды. Жоғырғы Матайдың үш баласы - Аталық, Кенже, Қаптағай - Аталықтың қатыны Қызай дегеннің атымен тұқымы Қызай атанды.
Найманның тағы бір үлкен елі Сарыжомарт, Сары мырза еліне қаһарман, жомарт болғаннан кейін Сары атына Жомарт жұрнағы қосылып Сарыжомарт атанды
Жоғарғы Сарыжомарттың бәйбішесінен - Қаратай және тоқалдың төрт баласы - Бұйдалы, Жансары, Баржақсы, Шайгөз. Бұл төртеуі нағашысы Уақ ішіне кетіп, күні бүгін ергенекті уақ атанып кетті. Оның себебі, Саржомарттың нәсілі Ергенек таңба салып:
Ергенекті Найман
аталды. Сол себептен бұлар Ергенекті деді. Бірақ халықтың көбі оларды Уақ деп кетті. Саржомарттың тоқалының балалары - Бура және Көкжарлы.
[2]
Қаптағай батыр ұрпақтары (Көлдей-Қарауылжасақ, Жұмбай-Жарылқамыс, Қыдыралы, Құлшан, Төртқара, Толыбай, Төртсары, Ақтілес, Қаржау, Бөрте) Лепсі, Қапал өзендерінің және Ақсу, Сарқант, Бүйен өзендерінің алқабын қоныстанған. Қаптағай батырдың – Бөрібай батыр бесінші ұрпағы болса, оның аты шыққан тағы бір ұрпағы ол – Асанның алты ұлының бірі – Сары батыр. Сары батыр болса, ол да Бөрібай батырдың әкесі екендігі және бұл жалғастық ұрпақтардың батырлық жалғасы іспеттес.
Матайдан тараған ұрпақтың бәрі Шынжырлы тұқым.
"Найман болсаң Матай бол" деп Бұқар жырау бекер айтпаған.
Матайдың көп болысы тобықты елімен көршілес тұрды бәрі Шыңғыстау етегінде.
Тарихы
Шежіре бойынша Найман ақсақалдан Төлегетай баба,Өкіреш баба,Сарыжомарт, Терістаңбалы тарайды,Төлегетай бабадан Найманның белгілі де атақты рулары Матай,Қаракерей,Төртуыл,Садыр тарайды.
Ал енді тарих бойынша б.з.б. II ғасырда
Қытай мен Қазақстан жерінде алып Матай-Шан Найман империясы болған және бірнеше хандықтарға бөлінген.
Ұлан-ғайыр алып жатқан жеріне сай халқы да көп әрі дәулетті, жуан сіңір ел болған.
Матай жотасы - Жетісу (Жоңғар) Алатауының қиыр оңтүстік шетіндегі жоталар тобы. Оңтүстік-батысында Шолақ тауымен, солтүстік-шығысында Алтынемел жотасымен шектеседі. Ол ендік бойымен 40-45 км-ге созылып жатыр.
Аңыз бойынша Жоңғар шыпқыншылығында Матайлар осы таумен Ұлы жүзге көмек берген делінеді.