Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев (18 ақпан1938 жылы туған, Қостанай облысыныңЖангелді ауданы — 25 шілде 2020 жыл) — экономист-ғалым. Экономика ғылымдарының докторы (1977), профессор (1978), ҚР ҰҒА академигі (1994), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері (1996).
1963 — 66 жылы Мәскеу халық шаруашылығы институтының аспиранты
1966 жылдан Алматы халық шаруашылығы институтында ғылыми-педагогикалық және басшылық қызметтер атқарды.
1982 — 90 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының ректоры
1990 — 94 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетінің (1993 жылдан Қазақ мемлекеттік басқару академиясы) ректоры
1994 — 96 жылы ҚР ҰҒА президенті.
1996 — 2004 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университеттің
Халықаралық бизнес университетінің ректоры
2004 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
2007 жылдан бері - «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі. Салық салу «КагЕпегду» ассоциациясы үйлестіру кеңесінің төрағасы.
Ғылыми еңбектері
Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты: материалдық-техникалық жабдықтаудың экономикалық тиімділігін арттыру мәселелері, Қазақстандағы экономикалық реформа теориясы мен әдіснамасы. 150-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген.
Марапаттары
Кембридж өмірбаяндық орталығының “Жыл адамы — 1992” атағын алды.
Еңбек Қызыл Ту (1971)
“Халықтар достығы” (1987)
“Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған.[1]
Қазақстанның Еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (2003).