Мәскеу
206
1974
47
10 тамыз 2013
18 тамыз 2013
Лужники
Жеңіл атлетикадан XIV әлем чемпионаты — Ресей астанасы Мәскеу қаласында 2013 жылдың 10 тамыз - 18 тамыз күндері аралығында өткізілді.[1] Жарыстар «Лужники» стадионында өтті.
2013 жылдың жеңіл атлетикадан әлем чемпионатын өткізуге 4 қала өз ниеттерін білдірген: Барселона (Испания), Брисбен (Австралия), Тэгу (Оңтүстік Корея) және Мәскеу (Ресей). 2007 жылдың 27 наурызында ИААФ 2011 және 2013 жылдың жеңіл атлетикадан әлем чемпионаттарының ұйымдастырушы қалаларын атады.[1]
Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 7 194 000 АҚШ долларды құрды. Әлем рекордын жаңартқан спортшыларға 100 000 АҚШ доллары сыйға берілген.[2].
Әлем рекордын орнатушылар мен жүлдегерлер үшін берілетін сыйақылардан бөлек, Toyota әлем чемпионатына қатысатын атлеттер мен ресми тұлғаларға екі жүзден аса автокөлік құрастырған.
Жеке біріншілік: Алтын медаль — 60 000$, күміс медаль— 30 000$, қола медаль — 20 000$, 4-ші орын — 15 000$, 5-ші орын — 10 000$, 6-шы орын — 6000$, 7-ші орын — 5000$, 8-ші орын — 4000$.
Эстафета (командаға): Алтын медаль — 80 000$, күміс медаль— 40 000$, қола медаль — 20 000$, 4-ші орын — 16 000$, 5-ші орын — 12 000$, 6-шы орын — 8000$, 7-ші орын — 6000$, 8-ші орын — 4000$.
Қатысушылар тізімінде ИААФ-қа мүшелік ететін 206 федерациядан 1973 спортшы (1106 ер адам және 867 әйел) тіркелген. Спортшылар саны жағынан АҚШ 155 атлетпен бірінші орында, екінші орында Ресей (118) және үшінші орында Германия (71). Олардан кейін Ұлыбритания (68), Украина (61), Италия (57), Польша, Қытай (55 спортшыдан) және Франция (51). 17 спортшы Қазақстан атынан өкілдік етеді. 87 ел тек қана бір спортшыдан тіркеген.
Әр бір елдің спортшылар саны жақшада көрсетілген.
Ауғанстан (1) Сауд Арабиясы (11) Бангладеш (1) Бахрейн (10) Мьянма (1) Бахрейн (1) Бутан (1) Камбоджа (1) Катар (5) Қытай (55) Тайвань (7) Солтүстік Корея (4) Корея Республикасы (16) БАӘ (1) Палестина (1) Филиппин (1) Гонконг (6) Үндістан (15) Индонезия (1) Ирак (1) Иран (6) Жапония (44) Иордания (1) Қазақстан (17) Қырғызстан (2) Кувейт (1) Лаос (1) Ливан (1) Макао (1) Малайзия (1) Мальдив Республикасы (1) Моңғолия (2) Оман (1) Пәкістан (1) Филиппин (1) Сингапур (1) Сирия (1) Шри-Ланка (8) Тайланд (2) Тәжікстан (2) Шығыс Тимор (1) Түрікменстан (1) Өзбекстан (3) Вьетнам (1) Йемен (1)
Ангола (1) Алжир (11) Бенин (1) Ботсвана (11) Буркина-Фасо (1) Бурунди (1) Кабо-Верде (1) Камерун (1) Чад (1) Коморлар (1) Кот-д’Ивуар (3) Мысыр (4) Эфиопия (46) Эритрея (10) Габон (2) Гамбия (1) Гана (1) Гвинея (1) Гвинея-Бисау (1) Экваторлық Гвинея (1) Кения (48) Лесото (3) Мадагаскар (2) Малави (1) Мали (1) Марокко (21) Маврикий (1) Мавритания (1) Мозамбик (1) Намибия (6) Нигер (1) Нигерия (17) Орталық Африка Республикасы (1) Конго Республикасы (1) Конго Демократиялық Республикасы (1) Руанда (2) Сан-Томе және Принсипи (1) Сенегал (5) Сейшель аралдары (1) Сьерра-Леоне (1) Сомали (1) Эсватини (1) ОАР (28) Судан (1) Танзания (2) Того (1) Тунис (4) Уганда (12) Джибути (1) Замбия (3) Зимбабве (2)
Аргентина (8) Боливия (2) Бразилия (32) Чили (7) Колумбия (20) Эквадор (12) Гайана (3) Панама (1) Парагвай (1) Перу (2) Суринам (1) Уругвай (1) Венесуэла (15)
Албания (2) Германия (71) Андорра (1) Армения (1) Аустрия (2) Әзербайжан (2) Бельгия (17) Беларусь (27) Босния және Герцеговина (2) Болгария (10) Кипр (2) Хорватия (7) Дания (2) Словакия (11) Словения (9) Испания (45) Эстония (9) Финляндия (13) Франция (51) Грузия (2) Гибралтар (1) Грекия (17) Мажарстан (11) Ирландия (11) Исландия (1) Израиль (3) Италия (57) Латвия (11) Литва (14) Люксембург (1) Мальта (1) Молдова (4) Монако (1) Черногория (2) Норвегия (11) Нидерланд (23) Польша (55) Португалия (12) Ұлыбритания (63) Чехия (28) Солтүстік Македония (1) Румыния (19) Ресей (118) Сан-Марино (1) Сербия (8) Швеция (24) Швейцария (19) Түркия (10) Украина (61)
Ангилья (1) Антигуа және Барбуда (1) Аруба (1) Багам аралдары (26) Барбадос (9) Бермудалар (2) Канада (46) Коста-Рика (1) Куба (25) Доминика (1) Сальвадор (1) АҚШ (155) Гренада (2) Гватемала (6) Гаити (1) Гондурас (1) Кайман аралдары (1) Туркс пен Кайкос (1) Виргин аралдары (3) Америкалық Вирджин аралдары (1) Ямайка (45) Мексика (16) Монсеррат (1) Никарагуа (1) Пуэрто-Рико (4) Сент-Китс және Невис (6) Сент-Винсент және Гренадиндер (2) Сент-Люсия (3) Доминикан Республикасы (10) Тринидад және Тобаго (29)
Австралия (47) Фиджи (2) Гуам (1) Кирибати (1) Кук аралдары (1) Солтүстік Мариан аралдары (1) Маршалл аралдары (1) Соломон аралдары (1) Микронезия (1) Науру (1) Жаңа Зеландия (9) Палау Республикасы (1) Папуа — Жаңа Гвинея (2) Француз Полинезиясы (1) Самоа (1) Америка Самоасы (1) Тонга (1) Тувалу (1) Вануату (1)
Әлем рекорды | Чемпионат рекорды | Олимпиада рекорды | Ұлттық рекорд | Жеке рекорд | Маусымның үздік нәтижесі | Әлемдегі жылдың ең үздік нәтижесі