Багам аралдары

Координаттар: 23°55′00″ с. е. 77°40′00″ б. б. / 23.91667° с. е. 77.66667° б. б. / 23.91667; -77.66667 (G) (O) (Я)
Багам аралдары достастығы
ағылш. Commonwealth of the Bahamas
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Forward Upward Onward, Together!»
«Ілгері, Жоғары, Алға, Бірге!»
Әнұран: «March On, Bahamaland»
«(Алға, Багам жері)»
(тыңдау )
Тарихы
Тәуелсіздік күні 10 шілде 1973 жыл (Ұлыбританиядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі ағылшын тілі
Елорда Нассау
Ірі қаласы Нассау
Үкімет түрі Унитарлы парламенттік конституциялық монархия
Патшасы
Генерал-губернаторы
Премьер-министрі
III Чарльз
Корнелиус Э. Смит
Филип Дэвис
Мемлекеттік діні зайырлы мемлекет
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 155 орын
13 878 км²
28
Жұрты
• Сарап (2016)
• Санақ (2010)
Тығыздығы

391 232 адам (177)
351 461 адам
25,21 адам/км² (181)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

12 612 млрд.[1] $ (148)
33,494[1] $ (40)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

12,803 млрд.[1] $ (130)
34,002[1] $ (26)
АДИ (2017) 0,807[2] (өте жоғары) (54)
Этнохороним багамдық, багамдықтар[3]
Валютасы Багам доллары (BSD)
АҚШ доллары (USD)
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .bs
ISO коды BS
ХОК коды BAH
Телефон коды +1-242
Уақыт белдеулері UTC-5 және America/Nassau

Багам аралдары (ағылш. Bahamas), толық ресми атауы — Багам аралдары достастығы (ағылш. Commonwealth of the Bahamas) — Атлант мұхитындағы Флорида түбегінің Оңтүстік-шығыс жағалауынан Кубаның шығыс жағалауына дейінгі аумақта жатқан 700-ден астам аралдарды қамтитын мемлекет.

Жерінің аумағы 13,9 мың км². Халқы 276 мың (1995), 85%-і зәңгілер мен мулаттар, 15%-і ақ нәсілділер. Астанасы — Нассо қаласының мемлекеттік тілі — ағылшын тілі. Негізгі діні — протестанттық. Британия достастығына енеді. Багам аралдарының билеушісі Ұлыбритания королевасы болып есептеледі де, елді оның өкілі — генерал-губернатор басқарады. Үкімет басшысы — премьер-министр. Заң шығару билігін сенат пен өкілдер палатасынан тұратын парламент жүргізеді. Ең ірі аралдары: Андрос, Үлкен Абако, Үлкен Багам. Жер бедері жазық. Теңіз деңгейінен орташа биіктігі 60 м. Климаты тропиктік, пассаттық. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 1100 — 1600 мм. Қыс айларының орташа температурасы 19ӘС, жаздағы орташа температура 31оС. Шілдеден қазан айына дейін дауылдар болып тұрады. Топырағы қызыл қоңыр және қызғылт сары. Аралдардың басым көпшілігін тропиктік ормандар алып жатыр.

Тарихы

Багам аралдарын 1492 жылы Христофор Колумб ашқан. Аралдарда 17 ғасырдың 70-жылдарында ағылшын қоныстары пайда бола бастады. 1783 жылдан бастап Англияның отарына айналды. 2-дүниежүзүлік соғыс жылдарында АҚШ Багам аралдарында бірқатар соғыс базаларын орнатты. Багам аралдары 1973 жылы 10 шілдеден бастап дербес мемлекет болып есептеледі. Багам аралдары БҰҰ-на, Американ мемлекеттері ұйымына мүше болып табылады.

Экономикасы

Экономикасының негізін туризм (60%-і), қаржы операциялары және сауда құрайды. Мұнай өңдеу, цемент, дәрі-дәрмек өндіру салалары бар. Ананас, цитрус, кокос пальмасы, қант құрағы өсіріледі. Теңізден лангуст, устрица, теңіз тасбақасы ауланады. 80%-ке жуық тауарлар шеттен келеді. Негізгі сауда серіктестері — АҚШ, Жапония. Багам аралдары дүние жүзіне әйгілі демалыс орны болып табылады.[4]

Дереккөздер

  1. a b c d World Economic Outlook Database, April 2019. International Monetary Fund.
  2. 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 27 қазан 2018.
  3. Багам аралдары туралы пайдалы ақпарат. Багам аралдары қай жерде орналасқан? Мемлекеттік астана, Багам аралдарының көрікті жерлері
  4. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!