Кюрасао (нидер.Curaçao, папьяменто:Kòrsou) — Венесуэланың жағалауының маңында Кариб теңізінің оңтүстік бөлігінде орналасқан арал және 2010 жылдан бастап Нидерланд корольдігінің тәуелді аймағы. Аймақ аумағы — 444 км². Халқы — 154 843 адам (2014). Астанасы және ірі қаласы Виллемстад.
Арал Кіші Антилья аралдарының тобындағы үлкендігінен Маргарита аралынын кейін екінші болады. Кюрасао аралының маңында, 11 км қашықтықта кішкене елсіз арал - Кіші Кюрасао - орналасқан. Бұл арал да әкімшілік бағынуы Кюрасаоға карайды.
Климаты — субэкваториалды, орта жылдық температура +30 °C. Қаңтар айындағы ең төмен температура: +26…+28 °C. Жаңбырлы кезең: қыркүйектен желтоқсанға дейін. Жауын-шашын көлемі жылына 500—600 мм.