Аланд аралдары (швед.Åland — Оланд, фин.Ahvenanmaa, Ахвенанмаа - «алабұға елі») — Балтық теңізінде орналысқан архипелаг, Скандинавия елдерінің бірі. Финляндия құрамындағы автономия болып табылады. Халық саны - 28 501 (2012 ж.). Провинцияның жалғыз қаласы әрі астанасы - Мариехамн (11 мың тұрғын 2008 жылы).
Ресми тілі - Швед тілі: 91,2 % халық үшін - бұл ана тілі, тұрғындардың 5 % үшін ана тілі Фин тілі; басқа тілдердің үлесі - 3,8 %.
Солтүстіктен оңтүстікке қарай архипелагтың ұзындығы - 130 км. Архипелаг 6757 аралдардан құралған, олардың ішінде 60-сы - елді мекен. Әлемдегі ең үлкен архипелаг болып саналады. Жалпы аумағы - 1552 км²,оның ішінде 27 км² аумағын өзендер мен көлдер алады. Архипелагтың ең ірі аралы - Аланд аралы, аумағы - 685 км². Архипелагтың ең биік жері - Оррдальсклинт белесі, биіктігі 129 м.
Климаты қоңыржайлы, солтүстік елдерінің арасында күн көзін көбірек көретін аймақ болып есептеледі. Мұздар қаңтардың ортасында қатады да сәуірдің ортасы-мамырдың басында ериді. Қаңтардың орта температурасы - —4 °С, шілдеде 15 °С; жауын-шашын мөлшер - 550 мм в год[2]. Аралдарда бірнеше табиғи қорықтар бар.
Әкімшілік бөлінуі
Әкімшілік бірлік - коммуна. Жалпы Аланд аралдарында 16 коммунна бар