Ресми тілдері – ағылшын тілі, пиджин, моту тілдері де қолданылады. Тұрғындарының 50%-ы протестанттар, 22%-ы католиктер, қалғандары жергілікті дәстүрлі наным-сенімдерді ұстанады. Елбасы – Ұлыбритания монархы тағайындайтын жергілікті генерал-губернатор. Билік басындағы Үкімет басшысы – премьер-министр. Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлттық парламенті. Әкімшілік жағынан 19 провинцияға және 1 астаналық округке бөлінеді. Ұлттық мейрамы – 16 қыркүйектегі Ұлт күні (1975). 1975 жылдан БҰҰ мүшесі. Ақша бірлігі – кина.
Ел аумағы негізінен таулы, қыратты. Жағалау бойындағы ойпаттар мен жайпақ тау бөктерлері тау сілемдерін құрайды. Кейбір тау жоталарының биіктігі 3000 – 4000 м. Елдің ең биік нүктесі – Вильгельм тауы (4509 м).
Климаты
Климаты субэкваторлық және ылғалды.
Жылдық орташа температура 25 – 28ӘС.
Жауын-шашынның орташа мөлшемі жазық жерлерде 1000 – 4000 мм, таулы жерлерде одан да көп. Тайфун дауылы жиі болып тұрады.
Өсімдік әлемі бай, әр түрлі. 1000 – 2000 м биіктікте қылқан жапырақты орман басым. Аралдың оңтүстігінде эвкалипт және акация ағаштары, жағалауларда саго пальмасы мен қант қамысы өседі.
Австронезийліктердің (меланезийліктердің) алғашқы қоныстары б.з.б. 3-мыңжылдықта пайда болған. Жаңа Гвинея аралын 16 ғасырдың 1-жартысында португалдар ашты. Жергілікті тұрғындардың африкалықтармен ұқсастығына байланысты арал осылай аталды.
1828 ж. Голландия аралдың батыс бөлігін өз меншігі деп жариялады.
1862 ж. аралдың бұл бөлігі Индонезия қарамағына өтті.
1884 ж. Жаңа Гвинея аралының оңтүстік-шығыс бөлігі Ұлыбританияның протекторатына айналды, ал солтүстік-шығыс бөлігін Германия басып алды.
1906 ж. Аустралия неміс протекторатының жерін басып алды.
Аралдың Жаңа Гвинея деп аталатын бұл бөлігі 1920 ж. Ұлттар лигасының мандатты аумағы ретінде Аустралия Одағына берілді.
1946 ж. мемлекет БҰҰ қамқорлығындағы аумаққа айналды.
1973 ж. желтоқсанда Папуа — Жаңа Гвинея ел ішінде өзін-өзі басқару құқығын алды.