Бутан корольдігі (тиб. འབྲུག་ཡུལ་) — Азияның оңтүстігінде, Шығыс Гималайда орналасқан мемлекет. Друкюл немесе “айдар елі” деп те аталынады. Жер аумағы 47 мың км². Астанасы — Тхимпху (50 мың). Халқы — 1,8 млн. (1998). Тибеттен шыққан моңғол расасына жатады. Мемл. тілі — дзонг-кэ (бхотия) тілі. Халқының көпшілігі будда дініндегі ламашылдық сенімді ұстанады. Заң қабылдаушы органы — Ұлттық Ассамблея (Цонгду). Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында.
Бутан — Шығ. Гималайдың биік тау аңғарларында, Брахмапутра өз. бойында орналасқан. Климаты муссонды, төм. белдеулерде тропиктік. Жерінің 64%-ін мәңгі жасыл орман алып жатыр. Бутанның ежелгі және орта ғасырлардағы тарихы толық зерттелмеген. 6 — 7 ғ-ларда Бутан территориясы қазіргі Үндістанның Ассам штатын қамтыған Брахмапутра өңіріндегі Камарупа мемлекетінің құрамында болған деген жанама деректер кездеседі. Камарупа құлағаннан кейін Бутанға бірнеше рет тибеттіктер басып кіріп, олардың едәуір бөлігі осында тұрақтап қалған. Тибеттіктер Бутанда өз мәдениеті мен ламашылдықты ұстанды. Біртұтас діни ұйымға біріктірілген Бутан 17 ғ-дың ортасында тәуелсіз теократиялық мемлекет болып қалыптасты. 19 ғ-дан 1947 жылға дейін Британия протектораты болды. 1907 ж. ағылшындардың көмегімен мұрагерлік монархия — Вангчуктер әулетінің билігі орнады. Ағылшын отарлық үкіметі Бутанның сыртқы саясатын қадағалағанымен, ішкі өміріне араласқан жоқ. 1949 ж. Бутан тәуелсіздік алды, бірақ шет мемлекеттермен байланысы Үндістанның бақылауымен жүргізіледі. 1954 ж. заң қабылдаушы органы — Цонгду құрылды. 1971 ж. БҰҰ мүшелігіне қабылданды. Оңт. Азияның барлық елдерімен, Үндістанмен, Жапониямен, Германиямен, т.б. елдермен дипломатиялық қарым-қатынастары бар.
Елдің ұлттық атауы - Друк-Юль (дзонг-кэ འབྲུག་ ཡུལ་, вайли ʼbrug-yul, лат. Juk yü) - «айдаһар елі», сөз жоқ, Шығыс халықтары арасында белгілі ежелгі айдаһар табынуын су құдайы және ауыл шаруашылығының қамқоршысы сияқты көрсетеді. «Бутан» атауы тибеттік «Bod + anta» атауларының қосылуы нәтижесінде пайда болды деп саналады, мұндағы Bod - «Тибет», ал anta - «соңы, шеті», яғни «Тибеттің шеті». Bhutan түріндегі бұл атау хинди, непал, бенгал тілдерінде қабылданған және Тибеттің аты ретінде қолданылады.
Ауғанстан • Бангладеш • Бутан • Мальдив Республикасы • Непал • Пәкістан • Үндістан • Шри-Ланка