Бельгия |
Логотип |
Лақап аты |
Rode Duivels, Diables Rouges (Қызыл сайтандар)
|
---|
Конфедерация |
УЕФА
|
---|
Федерация |
Бельгия Футбол қауымдастығы
|
---|
Бас бапкері |
Роберто Мартинес
|
---|
Капитаны |
Эден Азар
|
---|
Ең көп ойын саны |
Ян Вертонген (97)
|
---|
Үздік бомбардир |
Ромелу Лукаку (31)
|
---|
Үй стадионы |
Бодуэн Король стадионы
|
---|
ФИФА рейтингі |
6 (18.07.2024)[1]
|
---|
ФИФА коды |
BEL
|
---|
|
|
Бельгия 3:3 Франция (Брюссель, Бельгия; 1 мамыр, 1904 жыл)
|
Бельгия 9:0 Замбия (Брюссель, Бельгия; 4 маусым, 1994 жыл) Бельгия 10:1 Сан-Марино (Брюссель, Бельгия; 28 ақпан, 2001 жыл) Бельгия 9:0 Гибралтар (Льеж, Бельгия; 31 тамыз, 2017 жыл)
|
Бельгия 1:9 Англия (Брюссель, Бельгия; 11 мамыр, 1927 жыл) Нидерланд 8:0 Бельгия (Амстердам, Нидерланд; 29 наурыз, 1936 жыл) Нидерланд 9:1 Бельгия (Роттердам, Нидерланд; 4 қазан, 1959 жыл)
|
|
Футболдан Бельгия ұлттық құрамасы — барлық халықаралық турнирлер мен матчтарды Бельгия мүддесін өкілдік ететін ұлттық құрама.
Тарихы
Бельгия Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі үш әлем чемпионатына да қатысты, бірақ пәлендей жетістікке жете алмады. Оған дейін 1920 жылы Олимпиада чемпионы атанған. Соған қарамастан құрама әлем чемпионаттарындағы алғашқы жеңісін тек 1970 жылы Мексикада ғана тойлады. Турнир дебьютанты Сальвадорды ұтқанымен қалған екі қарсыласынан (КСРО мен Мексика) ұтылып, 1/4 финалға өте алмады. Екі жыл өткен соң Еуропа чемпионатының финалдық турниріне шыққан төрт құраманың бірі болды. Чемпионатқа алаң иелері ретінде қатысқан бельгиялықтар үшінші орын үшін болған ойында мажарларды ұтып, тырнақалды тұңғыш халықаралық жүлдесін иеленді. Арада сегіз жыл өткен соң Италиядағы Еуропа чемпионатында финалға шықты, бірақ ГФР футболшыларынан 1:2 есебімен ұтылып қалды.
Мұнан соң құрама әлем және Еуропа чемпионаттарында жүлде ала алмай келеді. 1986 жылғы әлем чемпионатында жартылай финалға дейін жетті. Үшінші орын үшін матчта Француздарға жол берді: 2:4. Арада төрт жыл өткен соң Италия-90 әлем біріншілігінде 1/8 финалда Англиямен кездесіп, 120 минут бойы аянбай айқасты. Ойынның бітуіне санаулы секунд қалғанда (119-минутта) гол жіберіп алды. Осы турнирден соң құраманың 70-80 жылдардағы табысына септігі тиген бапкер Ги Тис құрамамен қоштасты.
1994, 2002 жылдарғы әлем чемпионаттарында Бельгия 1/8 финалда сүрінді. Бұл екі аралықтағы Еуропа чемпионаты (2000 жылғы) Бельгия мен Нидерландыда өтті. Ол турнирде де Бельгия жарқырай алмады, топтық турнирден аса алған жоқ.
Араға бірталай уақыт салып құрама 2014 жылы әлем чемпионатына қатысып, ширек финалға дейін жетті, бұл жолы бұларға Аргентина тосқауыл болды: 0:1.
2016 жылғы Еуропа чемпионатында ширек финалда турнир дебьютанты Уэльстен ұтылды - 1:3.
2018 жылғы әлем чемпионатында құрамына Маруан Феллайни, Ромело Лукаку, Дрис Мертенс, Эден Азар, Томас Вермален, Тибо Куртуа секілді мықтыларды топтаған Бельгия жартылай финалға дейін жетті. Топтық турнирде Тунис, Анлия, Панама құрамаларымен бір топқа түсті де, үшеуінде де ұтты. 1/8 финалда 0:2 есебімен ұтылып тұрып, Жапонияға үш доп соқты - 3:2. Ширек финалда Бразилияны 2:1 есебімен ұтты. Жартылай финалда болашақ чемпион Францияға жол берді. Үшінші орын үшін матчта 2:0 есебімен Англияны ұтты.
Жетістіктері
- Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы: 1920
- Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері: 1900
- Еуропа чемпионатының финалисі: 1980
- Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 1972
- Әлем чемпионатында 3-орын: 2018
- Әлем чемпионатында 4-орын: 1986
Құрамы
- 9 қыркүйек 2019
Соңғы 20 жылдағы бапкерлері
- 20. 08. 1999 — 30. 06. 2002: Робер Васеж
- 21. 08. 2002 — 31. 12. 2005: Эме Антунис
- 1. 01. 2006 — 30. 09. 2009: Рене Вандерейкен
- 1. 10. 2009 — 15. 04. 2010: Дик Адвокат
- 4. 05. 2010 — 13. 05. 2012: Жорж Лекенс
- 3. 09. 2012 — 15. 07. 2016: Марк Вильмотс
- 3. 08. 2016 — Роберто Мартинес
Құрама ардагерлері
2017, 10 қазан күнгі
Дереккөздер
Сілтемелер
|
---|
| Қазіргі құрамалар | |
---|
| Бұрынғы құрамалар | |
---|
|