Мысыр Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Мысырдың намысын қорғайтын ұлттық құрама. Басқарушы орган - Египет футбол қауымдастығы. 1934, 1990, 2018 жылдары әлем чемпионатына қатысқан. Африканың жеті дүркін чемпионы (соңғы рет 2010 жылы). Үйдегі ойындарын Каирдегі Халықаралық стадионда өткізеді. ФИФА және КАФ мүшесі.
Тарихы
Алғашқы матчын 1920 жылы 28 тамызда Италияға қарсы өткізді - 1:2. Матч Бельгияның Гент қаласында ойналды. Арада сегіз жыл өткен соң Жазғы Олимпиадалық ойындарда құрама үшінші ойын үшін тартыста тағы да Италиямен ойнады. Бұл жолы 3:11 есебімен ойсырай ұтылды.
Әлем чемпионатына алғаш рет 1934 жылы қатысты. Алғашқы раундта Мажарстан құрамасына 2:4 есебімен жол беріп, жарыстан шығып қалды.
1990 жылғы әлем чемпионатында Англия, Нидерланд, Ирландия құрамаларымен бір топқа түсті. Алғашқы матчта сол кездегі Еуропа чемпиондары Нидерланд құрамасымен тең ойнады - 1:1. Мысырлықтар сапынан Магди Абдельгани көзге түсті. Бұл құраманың осы әлем чемпионатындағы жалғыз голы еді. Ирландиямен ойында да тең тарқасты - 0:0. Соңғы турда ғана Англияға кіші есеппен жол берді - 0:1. Египет құрамасы екі ұпай жинады. Бірақ ол 1/8 финалға шығуға жеткіліксіз болды.
Бұдан кейін құрама тек 2018 жылы ғана Ресейде өтетін әлемдік форумға жолдама ала алды. Бірақ осы аралықта бірнеше рет 2006, 2008, 2010 Африка Ұлттары кубогында топ жарды. Ал 2017 жылы аталмыш кубоктың финалына шықты.
Құрамы. ӘЧ-2018
Құрама жайлы фактілер
Дереккөздер
Сілтемелер