Италия Ұлттық футбол құрама командасы (итал.Nazionale di calcio dell'Italia) Италияны халықаралық матчтар мен футболдан турнирлерде ұсынады. Елдегі футбол ұйымының негізгі басқарушысы Итальян футбол федерациясының қол астында бақылауда болады. Федерация 1905 жылдан бастап ФИФА мүшесі болса, 1954 жылдан бастап УЕФА мүшесі болып табылады.
Тарихы
Ұлттық құраманың алғашқы матчы 1910 жылы 15 мамырда Милан қаласында Францияға қарсы өткізілді. Ойын 6:2 есебімен италиялықтардың пайдасына шешілді. 1928 жылы тұңғыш рет Жазғы Олимпиада (Ойындар Амстердамда өтті) чемпионы атанды. Бұл табысын сегіз жылдан соң Берлинде тағы қайталады.
Құрама 1930 жылғы тұңғыш әлемдік мундиальға жолды алыссынып қатыспады. Ал, 1934 жылы белгілі диктатор Бенито Муссолинидің араласуымен Әлем Чемпионаты Италияда өтті. Бір қызығы, турнир қожайыны болса да, іріктеу ойындарына қатысып, Грекияны 4:0 есебімен ұтты да, финалдық турнирге жолдама алды. Әйгілі аңыз-бапкер Витторио Поццо баптаған құрама финалда Чехословакия құрамасын 2:1 есебімен ұтып, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Арада төрт жыл өткен соң тағы сол Витторио Поццо жаттықтырған құрама екінші рет әлем чемпионы атанды. Бұл жолғы турнир Францияда өтті. Бұл жолғы жүлде оңайға түспеді: ә дегеннен оларға Норвегия футболшылары қатты қарсылық көрсетіп, қосымша уақытта әзер ұтты, келесі қарсылас — алаң иелері Франция болатын. Оларды да 3:1 есебімен ұтып, жартылай финалда турнирдің жалғыз "еуропалық емес" қатысушысы Бразилиямен кездесті. 2:1 есебімен жеңіске жеткен италиялықтар финалда Венгрия құрамасын ұтты — 4:2. Осылайша тарихта қатарынан екі рет әлемдік додада топ жарған тұңғыш құрама атанды. Кейін бұл жетістікті 1958-62 жылдары Бразилия қайталады.
Бұдан кейінгі әлемдік турнир1950 жылы өтті. Бірақ бұл жолы да, бұдан кейінгі чемпионаттарда да Италия құрамасы жарқырай алмады. Тек жетпісінші жылдары ғана әлемдік элитаға қайта көтеріле алды. 1968 жылғы Еуропа чемпионатында алтын жүлдеге қол жеткізді. Арада екі жыл өткен соң Мексикадағы Әлем чемпионатында финалға шығып, Бразилиядан 1:4 есебімен ойсырай ұтылды.
1974 жылғы турнирде топтық турнирден шыға алмады. 1978 жылы үшінші орын үшін таласта тағы да Бразилиядан 1:2 есебімен ұтылып қалды. Бірақ 1982 жылғы чемпионатта Бразилиядан есе қайырып, оларды жартылай финалға барар жолда 3:2 есебімен тізе бүктірді. Бұл ойында осыған дейінгі матчтарда бір гол да соқпаған Паоло Россихет-трик жасады. Паоло Росси Польшамен өткен жартылай финалдық матчта да екі гол соқты, сосын финалда Германияның қақпасын дәл көздеп, есеп ашты. Осылайша ол Италия үшін қатарынан алты гол соғып, чемпионаттың сұрмергені атанды. Финалда 3:1 есебімен ұтқан Италия үшінші рет әлем чемпионы атанды.
Араға 24 жыл салып, осы жетістігін қайталады. 2006 жылы Германияда өткен чемпионатта тек екі матчта ғана тең ойнап, қалған ойындарда түгел жеңіске жетті.
2012 жылғы Еуропа чемпионатында финалға дейін жетіп, Испаниядан 0:4 есебімен ойсырай ұтылып қалды.
1974-1990 жылдары қатарынан бес Әлем чемпионатында Аргентина құрамасымен кездескен.
Ит жылдары өткізілген Әлем Чемпионаттарында тек Италия мен Бразилия чемпион атанып келген: 1934, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006. Бұл дәстүр 2018 жылы ғана бұзылды.