Грекия Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Грекияның намысын қорғап, осы мемлекеттің атынан сынға түсетін ұлттық құрама. Басқарушы орган — Грекия Футбол федерациясы.
2004 жылғы Еуропа Чемпиондары, УЕФА, ФИФА мүшесі.
Тарихы
Алғаш қатысқан ірі жарысы — 1980 жылғы Еуропа Чемпионаты. Арада 14 жыл өткен соң, 1994 жылы АҚШ-та өткен Футболдан Әлем Чемпионатына қатысты. Топтық турнирдегі үш ойында да жеңіліп, бір доп та соға алмай, сәтсіздікке ұшырады.
2004 жылғы Еуропа чемпионаты
Келесі ірі жарысты 10 жыл күтті. 2004 жылы Португалияда өткен құрлықтық додада күтпеген жерде гректер алтын жүлдені иемденіп кетті. Олар Португалия, Ресей, Испаниямен бір топқа түсті. Әуелі, алаң иелерін 2:1 есебімен ұтты. Карагунис пен Басинастың голына 90-минутта тек Криштиану Роналду ғана қарымта қайыра алды. Келесі турда тағы бір пиренейлік құрама — испандармен ұпай бөлісті. 28 минутта есеп ашқан Морьентестің голына 57-минутта Харистеас жауап берді — 1:1.
Соңғы турда Ресей құрамасынан 1:2 есебімен ұтылса да, келесі сатыға жолдама алды. Ширек финалда оларды Еуропаның сол кездегі чемпионы — Франция құрамасы күтіп алды. Зидан, Анри секілді жұлдыздары бар құрама гректерден өте алмады: 64 минутта құрама капитаны Теодорос Загоракистің асырған добын Ангелос Харистеас дәл соқты — 1:0 Жартылай финалда Чехиямен болған тартысты ойында тағы да Грекияның бағы жанды. 105-ші минутта Траянос Деллас баспен соғып, "күміс голдың" авторы атанды.
Финалда тағы да Португалия құрамасымен тоқайласты. 90 минут бойы португалдар басымдық танытса да, соңында гректер 1:0 есебімен жеңіске жетті де, Еуропа Чемпионы атанды. Голды 57-минутта тағы да Ангелос Харистеас соқты.
"Шынымды айтсам, біз 2:0 есебімен ұтуымыз керек еді. Қанағатсыздығым емес, гол соғатын мүмкіндіктерді толық пайдаланған жоқпыз" деген болатын сонда гректердің бапкері Отто Рехагель.
"Гол соғылған сәттен бастап қуанышым қойныма сыймай жүрді. Ойынның бітуіне жарты сағаттан астам уақыт бар болса да жеңіске жететінімізге сендім" дейді финалдағы жалғыз голдың авторы Ангелос Харистеас.
Кейінгі жылдары
2008 жылғы Еуропа Чемпионатында құрама топтық кезеңнен өте алмады. 2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен Әлем чемпионатына қатысып, үш ойыннан үш ұпай ғана алды. Бұл көрсеткіш 1/8 финалға шығуға аздық етті. Есесіне екінші ойында Нигерияны ұтып, әлем чемпионатындағы алғашқы голын соқты және алғашқы жеңісін тойлады.
2012 жылғы Еуропа Чемпионатына да қатысып, ширек финалда Германия құрамасына жол берді — 1:4.
Рекордшылар
Көп матч өткізгендер
Мергендер
Әйгілі футболшылары
Әйгілі жаттықтырушылары
Сілтемелер
|
---|
| Қазіргі құрамалар | |
---|
| Бұрынғы құрамалар | |
---|
|