Михалис Капсис |
Жалпы мағлұмат |
---|
Туған күні |
18 қазан 1973 (1973-10-18) (51 жас)
|
---|
Туған жері |
Пирей, Грекия
|
---|
Азаматтығы |
|
---|
Бойы |
182
|
---|
Позиция |
қорғаушы
|
---|
Клуб жайлы ақпарат |
---|
Клуб |
карьерасын аяқтады
|
---|
|
- ↑ Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
- ↑ Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.
|
|
Михалис Капсис (гр. Μιχάλης Καψής; 18 қазан 1973 жыл[1], Пирей, Грекия) — грекиялық футболшы, қорғаушы. Грекия Ұлттық футбол құрамасы сапында 2004 жылы Еуропа чемпионы атанды.
Карьерасы
Клубтық
Әкесі Антимос Капсис те футболшы болған, "Панатинаикос" сапында ойнаған.
Михалис 1990 жылы "Арис" сапында кәсіпқой карьерасын бастады. Кейін басқа бірнеше грекиялық клубтарда ойнап, 1998 жылы АЕК клубына ауысты да, осы клубтан ұлттық құрамаға шақырту алды.
Кейінгі карьерасында Франция, Грекия, Кипр клубтарында ойнады.
Ұлттық құрама
Грекия құрамасында 30-ға жақындағанда ғана шақырту алып, дебют ойындарын ЕУРО-2004 іріктеуінде Украина және Испания құрамаларына қарсы өткізді. Рауль Гонсалес пен Андрей Шевченконы тұсап ұстай алды да, құрамаға пайдалы ойыншы екенін дәлелдеді.
2004 жылы Еуропа чемпионатында да құраманыің негізгі фигураларының бірі болды.
2005 жылы Конфедерациялар кубогына қатысты.
Жетістіктері
- Грекия чемпионы: 2006
- Грекия кубогы: 2000, 2002, 2006
- Кипр чемпионы: 2007
- Кипр кубогы: 2008
- Еуропа чемпионы: 2004
Дереккөздер
Сілтемелер