Зинедин Язид Зидан (фр. Zinédine Yazid Zidane, араб.: زين الدين زيدان; 23 маусым 1972, Марсель, Франция) — франциялық футболшы, кабиль тегінен, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. 1998 жылғы әлем, 2002 жылғы Еуропа чемпионы. Үш рет әлемнің (1998, 2000, 2003), бір рет Еуропаның үздік футболшысы (2000) атанды. 2004 жылы УЕФА-ның 1954 жылдан бергі үздік футболшысы атағын иеленді.
Карьерасы
Клубтық
Зиданның ата-анасы Алжирдің Кабилия облысынан 1953 жылғы Тәуелсіздік соғысынан соң Францияға көшіп өтті. 1960 жылдары Парижден Марсельдің солтүстігіндегі Ла-Кастеллан қалашығына қоныс аударды да, 1972 жылы Зидан сол жерде дүниеге келді.
Зидан футболдан бөлек дзюдомен де айналысқан, айналысып қана қоймай жасыл белдік иесі де болды.
1988 жылға дейін "Сан-Анри", "Сетем-ле-Валлон", "Кан" клубтарының академясында дайындалды.
1989 жылы жасы 17 толуға бір ай қалғанда "Кан" сапында тұңғыш рет "Нант" клубымен ойында алаңға шықты. Бұл 1988/89 жылғы маусымның соңғы туры болатын. Ол командада Зиданның Ұлттық құрамадағы болашақ достары Дидье Дешам және Марсель Десайи ойнайтын.
1991/92 жылғы маусым қорытындысында "Кан" екінші лигаға түсіп кетті де, Зидан "Бордоға" ауысты. Зидан жаңа клубына тез үйренісіп кетті. Зидан 1992/93 жылғы маусымда 10 гол соғып, клубтың үздік мергені атанды.
1996 жылы жазда "Ювентуске" ауысты. Алғашқы маусымда клуббтастарымен бірге Құрлықаралық кубокты ұтып алды, УЕФА Суперкубогында "Пари Сен-Жерменді" тізе бүктірді. 1997, 1998 жылдары Италия чемпионы атанды.
2001 жылы жазда Зидан 75 млн еуроға "Реал Мадридке" ауысты (бұл сол кездегі рекордтық баға). Жаңа клубына үйренісу 30-ға таяп қалған футболшыға оңайға соқпады, соған қарамастан гол да соғып жүрді. 2001/02 жылғы маусымда "Реал Мадрид" УЕФА чемпиондар лигасын ұтып алды, 2002 жылы 15 мамырда "Байерге" қарсы финалдық кездеуде Зидан әуелеп келе жатқан допты тоқтатпай теуіп, қақпаның тоғыздығын дәл көздеді. Бұл еурокубоктердегі үздік гол боп саналды, ал матчта "Реал" 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Зидан "Реал" сапында әр жылдары Рауль Гонсалес, Дэвид Бекхэм, Луиш Фигу, Майкл Оуэн, Роналдо секілді жұлдыздармен тізе қосып ойнады.
2005/06 жылғы маусымнан соң карьерасын аяқтады.
Ұлттық құрама
Футболшылық ғұмырында үш әлем чемпионатына, үш Еуропа чемпионатына қатысты. Жұлдызды шағы 1998 жылы Францияда өткен әлем чемпионатына тұспа-тұс келді. Топтық турнирдің екінші матчында Сауд Арабиясы құрамасымен (4:0) ойында алаңнан қуылды да, ширек финалда бір-ақ ойынға оралды. Финалда Бразилияның қақпасына бірінші таймда-ақ екі гол соғып, құраманы жеңіске жақындатып қойды. Бұдан соң француздар тағы бір гол соғып, 3:0 есебімен жеңіске жетті де, тарихта бірінші рет әлем чемпионы атанды.
2000 жылғы Еуропа чемпионатында да Зидан айрықша өнер көрсетті, екі гол ғана соққанымен (ширек финалда Испанияға, жартылай финалда Португалияға) құраманың Еуропа чемпионы атануына өлшеусіз үлес қосты.
2002 жылы Жапония мен Кореяда өткен әлем чемпионатында Зидан жарақатының кесірінен екі турды өткізіп жіберуге мәжбүр болды, үшінші турда Даниямен ойынға алаңға шықты, бірақ жарақатынан толық айыға алмай, команданың 1/8 финалға шығуына көмегі тимеді.
2004 жылғы Еуропа чемпионатында Франция 1/4 финалда Грекиядан ұтылды, Зидан топтық турнирде үш доп енгізді: соның екеуін Англиямен матчтың соңғы минуттарында соғып, Францияға жеңіс әперді. Үшінші турда Швейцария қақпасына бір гол соқты.
Осы турнирден соң Зидан құрамамен қоштасты, бірақ Франция құрамасының ӘЧ-2006 іріктеуіндегі сүреңсіз ойындарынан соң оны құрамаға қайта шақырып алды да, Зидан қайта оралды. Франция құрамасы оның тәп-тәуір ойыны арқасында әлем чемпионатына жолдама алды.
Зидан ӘЧ-2006 турнирінен соң футболмен мүлде қоштасатынын бірнеше рет мәлімдеді. 34-ке келген футболшыдан ешкім жақсы ойын күте қоймады, алайда, Зидан плей-оффтан бастап керемет ойнай бастады. 1/8 финалда Испанияға бір доп соқты, ширек финалда оның берген пасын Анри Бразилия қақпасына енгізіп, ойын тағдырын шешті, жартылай финалда Зидан соққан пенальти Портургалия құрамасын тізе бүктірді. Финалда да Зидан 7-минутта есеп ашып Францияны алға шығарғанымен, кейін италиялықтар есепті теңестірді. 110-минутта өзіне әлдебір ауыр сөз айтқан Марко Матеррациді баспен соғып құлатты да, алаңнан қуылды.
Расымен де Зидан осы турнирден соң футболмен мүлде қоштасты.
Бапкерлік карьерасы
Зидан әуелі "Реал" клубында бапкер көмекшісі боп қызмет атқарды. "Реал Мадрид Кастилья" клубын да жаттықтырды. 2016 жылы қаңтарда "Реал" клубына бапкер міндетін атқарушы боп тағайындалды да, сол жылы-ақ Чемпиондар Лигасын жеңіп алды. Келесі маусымда "Реал" оның жаттықтыруымен Еуропа суперкубогын, Клубтар арасындағы әлем чемпионатын, Испания чемпионатын, тағы да Чемпиондар Лигасын ұтты.
2017/18 жылғы маусымды "Реал" қатарынан үшінші рет чемпиондар Лигасын ұтумен қорытындылады да, 31 мамыр күні Зидан өз еркімен ол қызметтен кетті.
2019 жылы 11 наурыз күні "Реалға" жаттықтырушы ретінде қайта оралды. Бұл қызметті 2021 жылы мамыр айына дейін атқарды.
Жеке өмірі
Әйелінің аты Верoника, екеуі 1989 жылы танысқан. Төрт ұлы бар, төртеуі де футболшы: Энцо Зидан (1995), жартылай қорғаушы, Лука Зидан (1998), қақпашы, Тео Зидан (2002), шабуылшы, Элиас Зидан (2005),
Футболшы ретінде жетістіктері
Командалық
- «Бордо»
- «Ювентус»
- Италия чемпионы (2): 1996/97, 1997/98
- Италия суперкубогы: 1997
- УЕФА суперкубогы: 1996
- Құрлықааралық кубок: 1996
- Интертото кубогы: 1999
- «Реал Мадрид»
- Испания чемпионы: 2002/03
- Испания суперкубогы (2): 2001, 2003
- Чемпиондар Лигасы: 2002
- УЕФА суперкубогы: 2002
- Құрлықаралық кубок : 2002
- Франция құрамасы
- Әлем чемпионы: 1998
- Еуропа чемпионы: 2000
- Әлемнің Вице-чемпионы: 2006
Жеке
- ФИФА-100
- 2006 жылғы әлем чемпионатының үздік футболшысы
- Италияның үздік легионер футболшысы: 1997, 2000, 2001
- ЕУРО-2000 үздік футболшысы
Бапкер ретінде
Командалық
- «Реал Мадрид»
- Испания чемпионы: 2016/17, 2019/20
- Испания суперкубогы: 2017, 2020
- Чемпиондар Лигасы (3): 2015/16, 2016/17, 2017/18
- УЕФА суперкубогы (2): 2016, 2017
- Клубтар арасындағы әлем чемпионаты (2): 2016, 2017
Жеке
- Ла Лиганың үздік бапкері (2): сәуір 2016, мамыр 2017\
- Еуропаның үздік бапкері (2): 2016/17, 2017/18
- ФИФА версиясы бойынша жыл бапкері: 2017
Карьера статистикасы
Клубтық
Клуб
|
Маусым
|
Чемпионат
|
Кубок
|
Еурокубоктер
|
Барлығы
|
Ойы |
Гол |
Ойын |
Гол |
Ойын |
Гол |
Ойын |
Гол
|
Канн
|
1988/89
|
2 |
0 |
- |
- |
- |
- |
2 |
0
|
1989/90
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
-
|
1990/91
|
28 |
1 |
3 |
0 |
- |
- |
31 |
1
|
1991/92
|
31 |
5 |
3 |
0 |
4 |
0 |
38 |
5
|
Барлығы
|
61 |
6 |
6 |
0 |
4 |
0 |
71 |
6
|
Бордо
|
1992/93
|
35 |
10 |
4 |
1 |
- |
- |
39 |
11
|
1993/94
|
34 |
6 |
3 |
0 |
6 |
2 |
43 |
8
|
1994/95
|
37 |
6 |
4 |
1 |
4 |
1 |
45 |
8
|
1995/96
|
33 |
6 |
1 |
0 |
15 |
6 |
49 |
12
|
Барлығы
|
139 |
28 |
12 |
2 |
25 |
9 |
176 |
39
|
Ювентус
|
1996/97
|
29 |
5 |
2 |
0 |
13 |
2 |
44 |
7
|
[1997/98
|
32 |
7 |
5 |
1 |
11 |
3 |
48 |
11
|
1998/99
|
25 |
2 |
5 |
0 |
10 |
0 |
40 |
2
|
1999/2000
|
32 |
4 |
3 |
1 |
6 |
0 |
41 |
5
|
2000/01
|
33 |
6 |
2 |
0 |
4 |
0 |
39 |
6
|
Барлығы |
151 |
24 |
17 |
2 |
44 |
5 |
212 |
31
|
Реал Мадрид
|
2001/02
|
31 |
7 |
9 |
2 |
10 |
3 |
50 |
12
|
2002/03
|
33 |
9 |
1 |
0 |
15 |
3 |
49 |
12
|
2003/04
|
33 |
6 |
7 |
1 |
10 |
3 |
50 |
10
|
2004/05
|
29 |
6 |
1 |
0 |
10 |
0 |
40 |
6
|
2005/06
|
29 |
9 |
5 |
0 |
4 |
0 |
38 |
3
|
Барлығы |
155 |
37 |
23 |
3 |
49 |
9 |
227 |
49
|
Мансап бойынша барлығы
|
506 |
95 |
58 |
7 |
122 |
23 |
686 |
125
|
Ұлттық құрама
Ұлттық құрама
|
Жыл
|
Оындар
|
Голдар
|
Пас саны
|
Франция ұлттық құрамасы
|
1994 |
2 |
2 |
0
|
1995 |
6 |
2 |
3
|
1996 |
12 |
2 |
4
|
1997 |
8 |
1 |
0
|
1998 |
15 |
5 |
3
|
1999 |
6 |
1 |
1
|
2000 |
13 |
4 |
4
|
2001 |
8 |
2 |
0
|
2002 |
9 |
1 |
2
|
2003 |
7 |
3 |
3
|
2004 |
7 |
4 |
1
|
2005 |
5 |
2 |
1
|
2006 |
10 |
3 |
1
|
Мансап бойынша барлығы |
108 |
31 |
23
|
Дереккөздер
Сiлтемелер