Bayer 04 Leverkusen Fußball GmbH
Die Werkself (11 жұмысшы)Die Löwen (Арыстандар)Фармацевтер
1 шілде 1904
Бай-Арена, Леверкузен
30 210
Bayer AG
Михаэль Шаде
Петер Босс
Ларс Бендер
УЕФА рейтингісі бойынша 18-ші орын[1]
Бундеслига
3.
Байер 04 (нем. Bayer 04 Leverkusen Fußball GmbH) — Германияның Леверкузен қаласының футбол клубы. 1 шілде 1904 жылы Bayer фармацефтикалық компаниясының қолдауымен құрылды. Германияның ең жоғарғы дивизионында, Бундеслигада өнер көрсетеді. "Бай-Арена" стадионында қарсыластарымен футбол ойнайды, бұл стадион 30 210 адамды сыйғыза алады.
2001/02 жылғы маусымда "Ливерпуль", "Манчестер Юнайтед" секілді клубтарды ұтып, УЕФА Чемпиондар лигасының финалына шықты да, "Реал Мадридтен" 1:2 есебімен ұтылып қалды. Сол маусымда Германия чемпионатында да клуб екінші орынға табан тіреді. Сондай-ақ Германия кубогында да финалда сүрінді. Бір қызығы, сол жылғы әлем чемпионатына "Байер" сапынан Михаэль Баллак, Ханс-Йорг Бутт, Карстен Рамелов, Бернд Шнайдер, Оливер Нойвилль секілді футболшылар қатысып, олар да (Германия құрамасы) финалда сүрінді.