Басқа мағыналар үшін Қызылшарық деген бетті қараңыз.
Қызылшарық — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Аса ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 90 км-дей жерде, Бақай тауының солтүстік баурайында.
Халқының саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
3464 |
▲3758 |
▲4300 |
114,4 |
1910 |
▲2223 |
116,4 |
1848 |
▲2077 |
112,4
|
Тарихы
Ауыл 1963-95 жылдары жүзім өсіретін Шелек кеңшарының, 1995-1997 жылдары “Қызылшарық” ӨК-нің орталығы болып келді. Оның негізінде Қызылшарық және округке қарасты Асысаға, Қайрат, Жаңашаруа, Диқан, Таусүгір ауылдарында 2 ӨК, 6 ЖШС және 900-ге жуық шаруа қожалығы құрылды. Ауылдың төбелі-жонды келген оңтүстік жағынан Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы өтеді. [3]
Дереккөздер