Үлкен Алматы каналы – гидротехникалық құрылыс. Шілік және Шамалған өзендері аңғарларын қосады.
Географиялық орны
Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Қарасай аудандары жерімен ағады, Алматы қаласын шығыстан батысқа қарай қиып өтеді. Алматы облысы тұрғындарын ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуді түбегейлі жақсарту үшін салынған. Құрылысы 1979 жылы басталды.
Гидрологиялық сипаты
Бастауындағы бөген (алғашқы кезегі 1982 жылы іске қосылған) теңіз деңгейінен 1010 м жоғары жатқан Бартоғай шатқалында. Шілік өзенінің жайылмасындағы бөгеттің биіктігі 60 м, ұзындығы 330 м. Бартоғай бөгенінің сыйымдылығы 320 млн. м3, су айдынының ауданы 14 км2. Каналдың жалпы ұзындығы 170 км, тереңдігі 4 — 4,5 м, ені 6 — 25 м. Алматы қаласы шегіндегі арнасының ені 30 м-ге дейін жеткізілді, тереңдігі 1,5 — 2,0 м-дей. Каналдың бас жағындағы су ағымы 87 м3/с, қала ішіндегі телімінде 25 м3/с. Су қаланың өнеркәсіпті аймақтарының тұсынан құбырмен ағады. Каналдың ұзына бойында 550-ден астам гидротехникалық қондырғылар (су жинауыш, су бөлгіш, тұндырғыш, т.б.) іске қосылған.[1]
Дереккөздер