Басқа мағыналар үшін Қаратұрық деген бетті қараңыз.
Қаратұрық — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Қаратұрық ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы — Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 52 км-дей жерде, жусан, ши аралас бетеге, боз, баялыш, бұйырғын өскен Іле аңғарының сұр, бозғылт қоңыр, қоңыр топырақты шөлейт жазығында орналасқан.
Халқының саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
2708 |
▲3565 |
▲3755 |
105,3 |
1741 |
▲1888 |
108,4 |
1824 |
▲1867 |
102,4
|
Тарихы
Ауыл 1963-97 жылдары А.Саттаров атындағы темекі өсіретін кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде 400 Қаратұрықта және округке қарасты Ащысай, Достық, Тауқаратұрық және Лавар ауылында 1997 жылдан Саттаров атындағы өндірістік кооператив және 400-ге жуық шаруа қожалығы құрылды.
Инфрақұрылымы
Ауылдарда 4 орта, 1 бастауыш мектеп, 4 кітапхана, 2 мәдениет үйі, 2 клуб, 4 фельдшер-акушерлік пункт, 1 медпункт бар. Қаратұрық арқылы Алматы-Нарынқол автомобиль жолы өтеді.[3]
Дереккөздер