Қаражота — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Қаражота ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы — Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 81 км-дей жерде, Шілік өзенінің атырауында, жусан, ши, баялыш, сарсазан, көде, құрақ, қамыс өскен сортанды сұр, шалғынды сұр топырақты жазьгқ далада орналасқан.
Халқының саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
2737 |
▲3728 |
▼2391 |
64,1 |
1875 |
▼1240 |
66,1 |
1853 |
▼1151 |
62,1
|
Тарихы
Ауыл 1962-97 жылдары қой өсіретін "Қызылжиде" кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Қаражотада және округ аумағындағы Ақтоған, Сарыбұлақ ауылыдарыңда бірнеше серіктестік пен шаруа қожалығы құрылды.
Инфрақұрылымы
Әлеуметтік құрылымда 3 орта мектеп, 3 кітапхана, мәдениет үйі, 2 фельдшер-акушерлік пункт, 1 фельдшер пункт бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.[3]
Дереккөздер