Жаңашар — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Жаңашар ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-батысқа қарай 15 км-дей жерде, жусан аралас астық тұқымдасты әр түрлі шөп өскен қоңыржай ылғалды белдемде орналасқан.
Халқының саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
2878 |
▲3561 |
▲5645 |
158,5 |
1769 |
▲2803 |
158,5 |
1792 |
▲2842 |
158,6
|
Инфрақұрылымы
Жаңашарда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқу-тәжірибе шаруашылығы, шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтер жұмыс істейді. Ауылда орта мектеп, аурухана, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.[3]
Дереккөздер