Басқа мағыналар үшін Ават деген бетті қараңыз.
Ават — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Ават ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-батысқа қарай 18 км жерде, Талғар өзенінің оң жағалауында, Іле Алатауының қоңыржай-ылғалды белдемінде жатыр.
Халқының саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
3811 |
▲5670 |
▼4314 |
76,1 |
2793 |
▼2130 |
76,3 |
2877 |
▼2184 |
75,9
|
Тарихы
Іргесі 1964 жылы Абай құс өсіру өндірістік бірлестігі негізінде қаланды. 1983 жылдан асыл тұқымды құс өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Аватта "Ават" құс өсіру АҚ, Сеймар, Тукшир Әлше шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
Инфрақұрылымы
Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, тағы басқа мәдени және денсаулық сақтау мекемелері бар. Ават арқылы республикалық маңызы бар Алматы-Нарынқол және халықаралық маңызы бар Алматы-Жаркент автокөлік жолдары өтеді. [3]
Дереккөздер