Басқа мағыналар үшін Қайрат деген бетті қараңыз.
Қайрат — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Аса ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 83 км-дей жерде, Шелек өзенінің сол жағалауында, бұта аралас сұлыбас, бетеге, қылқанбоз, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен тау алдының қоңыр, бозғылт қоңыр топырақты құрғақ даласында орналасқан.
Халқының саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
1656 |
▲1717 |
▲1822 |
106,1 |
849 |
▲913 |
107,5 |
868 |
▲909 |
104,7
|
Тарихы
1962–97 жылдары темекі өсіретін “Асы” кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылы Қайратта шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Дереккөздер