Церий (лат. Cerіum; Ce) — элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы хим. элемент, ат.н. 58, ат.м. 140,116. Сұр металл; тығызд. 6,768 г/см3; балқу t – 798°С. Негізгі минералдары – монацит пен бастнезит.
Церидің тұрақты 4 изотобы бар. Жасанды радиоктивті изотоптарының ішіндегі маңыздысы Се(Т1/2=33,1 күн). Церийді 1803 жылы швед химигі И.Я.Берцилиус ашқан. Ол бос күйінде1806 жылы церийдің үш хлоридін(Се,Сi) электролиздеу арқылы алынған. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 4,5*10-3%.
Табиғатта негізінен минерал моноцит түрінде , жерде сирек ұшырасатын элементтермен, ториймен бірге кездеседі. Церий - сұр түсті, жұмсақ металл, тығыздығы 6,77г/см3, балқу температурасы 804*С, қайнау температурасы 3600*С. Химиялық активті қосылыстардағы тотығу дәрежесі 3, 4. Ылғал ауада оңай тотығады. Церийді 160-180*С-қа дейін қыздырғанда қос тотықСеО2 түзе тотығады. Онда сұйытылған қышқылдар да ериді. Жоғары температурада галогендер азот, күкірт, т.б. элементтермен тікелей реаакцияласады.
Құрамына церий қосылған болат, шойын және түсті металдар қорытпаларының механикалық қасиеті жақсарады, алюминий, магний қорытпаларының жоғары температураға беріктігі артады. Церий қосылыстары шыны өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылады , оның сульфаты фотографияда , көлемдік талдауда , т.б. қолдаланылады.