Менделевий, 101
Актиноидтар
III, 7, f
[258] 258,1 м. а. б. (г/моль)
[Rn] 5f137s2
2, 8, 18, 32, 31, 8, 2
287 пм
1,3 (Полинг шкаласы)
Md ← Md3+: −1,7 В Md ← Md2+: −2,4 В
+2, +3
636 кДж/моль (эВ)
Қатты дене
1100 K (827 °C, 1521 °F)
7440-11-1
Менделевий [1] (лат. Mendelevіum; Md) — элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы, жасанды жолмен алынған радиоактивті химиялық элемент, атом номері 101, атом молшері 258,0986; актиноидтар тобына жатады. Тотығу дәрежелері +1, +2 және +3, тұрақтысы +3. Оны 1955 жылы америкалық ғалымдар А.Гиорсо, Б.Харви, Г.Чоппин, С.Томпсон және Г.Сиборг ашқан.
Олар 253Es (, п) 256Md ядролық реакциясы нәтижесінде Менделевийдің 17 атомын алған. -бөлшектерімен атқылау арқылы шыққан Менделевий атомдары алтын фольга бетіне жиналып, одан ион алмасу бағанасында бөлініп алынған. Массалық сандары 252, 254 – 258 болатын 6 изотоптары бар. Тұрақты изотопы 258Md (Т1/2 56 тәулік, -сәуле шығарғыш) Менделевий изотоптары U және Pu атомдарын Ne, т.б. жеделдетілген ядроларымен сәулелендіру арқылы түзіледі, сонымен қатар экстракция және сорбция әдістермен бөлінеді. Менделевий көп мөлшерде алынбаған және барлық зерттеулер Менделевийдің аз концентрациясымен жүргізілген.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.Суретті мыннан табуға болады: