1869 жылы ағылшын химигі Г.Роско хлорлы ванадиді (VCL2 ) сутекпен әрекеттестіріп, таза 95%- дық ванадий бөліп алады. Ванадий – ашық сұр түсті металл. Қалыпты жағдайда химиялық активтігі өте нашар, ал жоғары температурада ұнтақ күйіндегі ванадий оттек, азот, хлор, күкірт т.б. элементтер мен оңай әрекеттеседі, болатқа қосқанда оның мықтылығы артады.
Ванадий шашыраған элементтерге жатады және табиғатта еркін түрде кездеседі. Жер қыртысындағы ванадий мөлшері 1,6⋅10-2%, мұхиттар суда 3⋅10-7%. Магмалық жыныстардағы ванадийдің ең жоғары орташа құрамы габбро мен базальттарда (230-290 г/т) байқалады. Шөгінді жыныстарда ванадий биолиттерде (асфальттарда, көмірлерде, битуминозды фосфаттарда), битуминозды тақтатастарда, бокситтерде, сондай-ақ оолитті және кремнийлі темір кендерінде кездеседі. Ванадийдің ионды радиустарының жақындығы және темір мен титанның магмалық жыныстарында кеңінен таралған гипогенді процестерде ванадий толығымен шашыраңқы күйде болуына және өз минералдары құрмауына әкеледі.