ИракИрак
Астана
Бағдат
Зикра әл-Виш [1]
33°21′ с. е. 44°25′ ш. б. / 33.350° с. е. 44.417° ш. б. / 33.350; 44.417 (G) (O) (Я)Координаттар: 33°21′ с. е. 44°25′ ш. б. / 33.350° с. е. 44.417° ш. б. / 33.350; 44.417 (G) (O) (Я)
762
204,2 км²
34 м
UTC+3, жазда UTC+4
9 028 000 адам (2015)
25 751 адам/км²
8 000 000
10001–10090
baghdadgov.com
Бағдат (араб: بغداد — «құдайдың берген сыйы») — Ирактың астанасы, Бағдат мухафазының әкімшілік орталығы. Тигр өзенінің екі жағасын бойлай Дияла өзенінің сағасына дейінгі аралықта, Жерорта теңізі, орталық және Оңтүстік Азия елдерін жалғастыратын жолдар тоғысында орналасқан. Халқы 3 млн. (1996).
Бағдатты 762 жылы Мадинатус Салам (Бейбіт қала) деген атпен халиф Мансұр салдырып, Аббас халифатының астанасына айналдырады. Бұрын оның орнында шағын елді мекен болған. IX ғасырда қала қолөнер кәсібі мен сауда-саттықтың, ортағасырлық араб мәдениетінің ірі орталығына айналған. Бағдат арқылы Үндістаннан, Арабиядан, Еуропа елдерінен тауарлар тасылды. Аббас әулетінің халифаты ыдырағаннан кейін өзінің саяси маңызын жоғалтқанымен, күллі шығыс жұрты табынған ғылым орталық болып қала берді.
XIII ғасырда Бағдатта 30-дан астам кітапхана болған. 945 жылы Буида әулетінің, 1055 жылы Селжүк әулетінің қол астына өткен. 1258 жылы Бағдатты Шыңғыс хан әулеті басып алып, қаланы қиратып, тонады. XIV ғасырдың соңы мен XV ғасырдың басында Әмір Темір бұл қаланы екі рет жаулап алды. XVI-XVII ғасырларда Бағдат біресе османлылардың, біресе парсылардың билігіне өтіп отырды. 1638-1917 жылдары қала Ұлы Османлы Мемлекетінің құрамында болды. 1917 жылы ағылшын әскерлері басып алды. 1920 жылдан бастап Ұлыбританияның мандатымен басқарылатын аймақтың әкімшілік орталығы, 1921-1958 жылдары Ирак әмірлігінің астанасы.
Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың (1948, 1949, 1952, 1954 жылғы ірі көтерілістердің) ошағы болды. 1958 жылдан Ирак Республикасының астанасы.
Ирактағы барлық өндіріс орнының, әсіресе, тоқыма, тері өңдеу, тамақ өнеркәсібінің 25%-і Бағдатқа шоғырланған. Ірі электр техника зауыты бар. Қала жанында ірі мұнай зауыты орналасқан.
Бағдатта әлемге белгілі сәулет ескерткіштері: Аббас әулетінің сарайы (12-ғасырдың соңы — 13 ғасырдың басы), Зүбайда кесенесі (13 ғасырдың басы), Сұқ әл-Ғазал мұнарасы (1279), Маржан ханның керуен сарайы (1358/59), Мұса әл-Қадамның «Алтын мешіт» кесенесі (1515) және т. б. жақсы сақталған. Сондай-ақ мұнда университет, Ғылым Академиясы, 6 музей, кітапхана ғимараты бар.
Ежелгі Қазақ топырағынан шығып, бүкіл түркі жұртының мақтанышына айналған ойшыл ғалымдар — Әбу Наср әл-Фараби (870—950), Әлам әд-Дин әл-Жауһари (шамамен 1008 ж.ө.), Бурһан әд-Дин Ахмад әл-Фараби (шамамен 1174 ж.ө.), Махмұт Қашқари (11 ғасыр), Әбу Абдаллаһ әл-Баласағұни (1040/50 —1112), Абд әл-Ғафур әл-Кердери (шамамен 1166 ж.ө.) және т. б. білімдерін толықтыру үшін Бағдатқа барып, дәріс алған, ғылым еңбектер жазған.[2][3][4]
Қала мен оның төңірегіндегі жердің ауа райы субтропиктік жерортатеңіздік климаттың ықпалымен қалыптасады. Қаңтардағы ауаның орташа температурасы шамамен +10°С-ты, шілдеде — шамамен +34°С-ты құрайды. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 160—180 мм аралығында болады.
Мамыр-маусым айларында солтүстік-батыстан жел соғып тұрады. Бұл кезеңде Бағдат пен оның айналасында шаңды және құмды дауылдар жиі болады.
АҚШ-пен әскери қимылдар басталғанға дейін (2003 ж.) Бағдаттағы халық саны 5,1 млн-нан астам адамды құрады. Алайда қала тұрғындарының бір бөлігінің опат болуы, сондай-ақ Бағдаттықтардың елдің басқа қалалары мен шет елдерге саяси себептермен қоныс аударуының нәтижесінде қала халқы айтарлықтай кеміді.
Қала халқының ұлттық құрамы, негізінен, арабтардан (75%-ы), сондай-ақ күрдтерден, түріктерден, ассириялықтардан, армяндардан, еврейлерден, т.б. тұрады. Араб тілі мемлекеттік тіл болып табылады, ресми мәртебе алған күрд тілі де кең таралған. Бағдаттың дінге сенуші тұрғындарының арасында шииттік және сунниттік бағыттағы мұсылмандар (90%-дан жоғары) басым, шамалы бөлігі христиан және иудея дінін ұстанады.[5]
• Астана, Қазақстан* • Ашхабад, Түрікменстан • Бішкек, Қырғызстан • Душанбе, Тәжікстан • Мәскеу, Ресей* • Ташкент, Өзбекстан
• Бейжің, Қытай • Гонконг, Гонконг, (Қытай) • Макао, Макао, (Қытай) • Пхеньян, Солтүстік Корея • Сеул, Корея Республикасы • Тайбэй, Тайвань • Токио, Жапония • Ұланбатыр, Моңғолия
• Дакка, Бангладеш • Диего-Гарсия, ҮМБТ, (Ұлыбритания) • Исламабад, Пәкістан • Кабул, Ауғанстан • Катманду, Непал • Мале, Мальдивтер • Нью-Дели, Үндістан • Тхимпху, Бутан • Шри-Джаяварденепура-Котте, Шри-Ланка
• Бандар-Сери-Бегаван, Бруней • Бангкок, Тайланд • Вьентьян, Лаос • Джакарта, Индонезия* • Дили, Шығыс Тимор • Куала-Лумпур, Малайзия • Манила, Филиппин • Нейпьидо, Мьянма • Пномпень, Камбоджа • Сингапур, Сингапур • Уэст-Айленд, Кокос аралдары, (Аустралия) • Флайинг-Фиш-Коув, Кристмас аралы, (Аустралия) • Ханой, Вьетнам
• Абу-Даби, БАӘ • Амман, Иордания • Анкара, Түркия* • Бағдат, Ирак • Баку, Әзербайжан • Бейрут, Ливан • Дамаск, Сирия • Доһа, Қатар • Ереван, Армения • Иерусалим, Израиль † • Каир, Мысыр* • Манама, Бахрейн • Маскат, Оман
• Никосия, Кипр* • Рамалла, Палестина † • Сана, Йемен* • Солтүстік Никосия, Солтүстік Кипр • Степанакерт, Таулы Қарабақ Республикасы • Сухум, Абхазия • Тбилиси, Грузия • Тегеран, Иран • Цхинвал, Оңтүстік Осетия • Эль-Кувейт, Кувейт • Эпископи, Акротири мен Декелия, (Ұлыбритания) • Эр-Рияд, Сауд Арабиясы