Абу-Даби (араб.: ابوظبي , «гәзел әкесі») — Біріккен Араб Әмірліктері мен Абу-Даби әмірлігінің Ел ордасы, 67 мың км2 ауданды алып жатқан (ол федерацияның бүкіл аумағының 86%-ы) саяси және әкімшілік орталығы.
Географиясы
Материктен ширек километр орналасқан Парсы шығанағының солтүстік-шығыс бөлігінде аралда орналасқан. Арал материкпен үш үлкен көлік көпірімен жалғасып жатыр. (2010 жылдың соңындағы күйі бойынша)
Климаты
Мұнда климат ылғалды субтропиктік, сондықтан да жаз айларындағы ыстыққа шыдау өте қиын. Абу-Дабиде жауын өте сирек жауады, кейде қыс айларында (ақпан, наурыз) ғана жауады. Қыс мезгілдерінде ауа райы салқындау. Ең жылы уақыт - тамыз айы, орташа температура - +35,2 °C.
Мұнда жылына орта есеппен 13 мм ғана жауын-шашын түседі, бұл Еуропадағы 3-4 жауынды күнмен барабар.
Халқы
Абу-Даби БАӘ-нің құрамына кіретін әмірліктердің ең үлкені. Әмірлік Абу-Даби қаласының өзі және Аль-Айн (Абу-Дабиден 140 км жерде) мен Лива (245 км) қала шұраттарынан құралады. Соңғы есептеулер бойынша әмірлік халқының саны 1108 мың адамды құрайды, оның жартысы Абу-Даби қаласында тұрады.
Жергілікті тұрғындар (арабтар) халықтың тек 20%-ын ғана құрайды. Қалада ең көп санды шетелдік қауымдар: үнділер, пәкстандықтар, басқа араб елдерінің азаматтары, ағылшындар тұрады. Жергілікті тұрғындардың басым көпшілігі банияз тайпасынан шыққандар.
Тілі
Ресми тілі — араб тілі болып табылады, астана тұрғындарының көпшілігі ағылшын тілінде еркін сөйлейді.
Тұрғындардың негізгі көпшілігі сүннит бағытындағы исламды ұстанады. Дінге сенушілердің 20%-ына жуығы шииттерге жатады.
Транспорты
Көліктің негізгі түрі такси болып табылады. Автобус жүйесі де бар, кейбір аялдамалар салқындатылған. Ориталық автовокзалдан Әбу-Дабиге кіретін қалаларға (Аль-Айн, Медина Заед), сол сияқты басқа да әмірліктерге жүреді. 2015 жылы қолдануға берілуді жоспарлаған метро құрылысы жүргізілуде. Қалада заманауи жол төсемдерімен және әр бағытқа қарай үш жолақты қозғалыс орындарымен жабдықталған кең көшелері бар. Әдетте, оңтүстіктен солтүстікке қарай Жол созылып жатса, батыстан шығысқа қарай көше орын алған. Көшенің ортасында пальма отырғызылған бөлінген жолақ жатыр.
Экономикасы
Қаланың негізгі іскерлік өмірі Әбу-дабидің солтүстік бөлігіндегі бернеше орамнан кейін әдемі жағалауға жапсарласа орналасқан қала Корниште топтастырылған. Қаланың бұл бөлігі Әбу-Дабиді "Таяу Шығыстың Манхеттені" деген атауға іліктірген заманауи биік ғимараттар мен зеңгір үйлерімен ерекшеленеді. Қаланың қалған бөлігі - бұлар қамтамасыз етілген қалалықтаға арналған виллалар мен тауанхаустар. Қала өзінің заманауи келбетін XX ғасырдың 80-ші жылдарында сәулеттілігі мен құрылысы жағынан қуып жетіп оза түскен Дубайдан бұрын алған болатын.
Тарихы
Абу-Дабидің негізі 1761 жылы қаланды. Осы жерде б.з.д. 3 мың жыл бұрын болғандығы туралы археологиялық деректер бар. Жергілікті тұрғындардың арасында қаланың құрылу тарихы жөнінде әдемі бір аңыз тараған. Шұраттардың біріндегі аңшы
арабтар қарақұйрықтың соңына түседі. Жануар шөл даламен ұзақ шиырлап, аңшыларды Парсы шығанағы жағалауына шығарады. Сол жерде суға секіріп, аралға
жүзіп өтеді. Аңшылар қарақұйрықты қуа береді. Қарақұйрық оларды тұщы судың тамаша бұлағына алып келеді.
Аңшылар алғыс ретінде негізі салынған қонысты "қарақұйрық атасы" деп атады, ол арабша Абу-Даби дегенді білдіреді.
Абу Даби ұзақ уақыт бойы қамал бекінісі мен теңіз арасында орналасқан лашық үйлердің шағын шоғыры болып келеді.
Халықтың негізгі күнкөріс көзі балық ау лау мен маржан теру болды.
1950 жылы Рас Садр деген жерден мұнайдың бірінші ірі кен орны табылды.
Бүгінгі қала
Абу-Дабидің кішкентай қоныстан аспанмен тілдескен көп қабатты үйлері, ұшқыр магистралі, гүлденген бақтары мен тамаша бұрқақтары бар ең қазіргі заманғы мегаполиске айналауына бар жоғы үш онжылдық қажет болды. Абу-Дабиді Таяу шығыстың Манхэттені деп атайды. Абу-Дабидің ерекшелік белгісі астана орталығын безендіріп тұрған мешіттердің көптігі екендігін батыл мойындауға болады. Қаланың кез келген нүктесінен бірден бірнеше ғажап безендірілген мұнараларды көруге болады.
Сырттан келгендердің көпшілігі 10 км-ге созылып жатқан Корнич Роуд жағалауында болғанды ұнатады. Мұнда астанадағы 90 бұрқақтың арасында бірегей архитектура қолданылып жасалған: "Кофе ыдысы", "Аққу", "Жанартау", "Маржан" сияқты ең әйгілілері бар көпшілік бөлігі орналасқан. Абу-Даби — дүние жүзіндегі ең сән-салтанатты қалалардың бірі. Бұл мегаполисте ең қазіргі заманғы қала белгілері мен шығыстың бет-бейнесі таңғаларлықтай үйлесім тапқан. Орасан зор мұнаралар — көп қабатты ғимараттар, ұшқыр магистральдар жағалауда орналасқан гүлденген бақтар мен тамаша бұрқақтар мұнда мыңдаған туристерді тартады. Қалалық жеміс базары Аль-Итихад орталық алаңында, ал балық базары порттан алыс емес жерде орналасқан. Халида мен Хамдан сауда көшелері шығыстың шағын дүкендерін аралауды ұнататындар үшін жұмақ болып табылады.[1]
Дереккөздер
↑Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5
*Трансқұрлықтық мемлекеттер. † Иерусалим қаласы Израильдың да, Палестинаның да астанасы болып табылады. Тель-Авив — Израильдың халықаралық түрде мойындалған астанасы; Рамалла Палестина автономиясының әкімшілік орны болып табылады.