ТүрікменстанТүрікменстан
Астана
4 этрап
Дурдылыев Шаһмұхаммет[1]
37°57′ с. е. 58°23′ ш. б. / 37.950° с. е. 58.383° ш. б. / 37.950; 58.383 (G) (O) (Я)Координаттар: 37°57′ с. е. 58°23′ ш. б. / 37.950° с. е. 58.383° ш. б. / 37.950; 58.383 (G) (O) (Я)
1881
1881-1919 — Ғашықабат1919-1927 — Полторацк
700 шамасы[2] немесе 830 шамасы[3] км²
273 м
Континенттік
UTC+5
1 млн[4] адам (2018)
түрікмендер (77%),орыстар, өзбектер, армяндар
Мұсылмандар, православтар, буддистер, яһудилер, католиктер
ашхабадтық, ашхабадтықтар
Түрікмен
+(993 12)
744000 — 744040[5]
AG
ashgabat.gov.tm (түрікм.)
Ашхабад (түрікм. Aşgabat) — Түрікменстандағы қала, 1924 жылдың қазанынан бастап елдің елордасы. Копетдақ тауының етегінде орналасқан, халық саны — 941 221 адам.
"Ақ мәрмәрлы елорда" — түрікмендер өз елордаларын осылай дәріптейді. Копетдақ тауының етегіндегі Ахал алқабы мен Қарақұм шөлінің шетінде, теңіз деңгейінен 214-240 м биіктікте орналасқан.
Ашхабад деген атау арабтың "ъәшқ" (араб.: عشق — махаббат) және парсының "абад" (парсы: آباد — мекен) деген сөздерінен шықты.
Ашхабад ежелгі дәуірлерде қаланың орнында шағын елді мекен болған. Ұлы Жібек жолының бойында тұрғандықтан ертеден маңызды қоныс болып саналған. Қаланы М.Д.Скобелев басқарған Ахалтеке жорығы кезінде орыс отарлаушылары басып алып (1881 жылы 18 қаңтар), әскери бекініске айналдырды. 1885 жылы Түрікменстан аймағында құрылған Ресейдің әкімшілік бөлігі — Каспий облысының орталығы болды. 1885 жылы Ғашықабат—Каспий және 1899 жылы Ғашықабат—Ташкент темір жол желісі салынуы нәтижесінде Ғашықабат Орта Азиядағы ірі сауда орталықтарының біріне айналды. 1919 жылы 9 шілдеде Түркістан АКСР-інің орталығы болды. 1919-1927 жылдары қала ақ гвардияшылармен шайқаста қаза тапқан Түркістан АКСР-інің Еңбек комиссары П.Г.Полторацкийдің есімімен "Полторацк" деп аталды. 1927 жылы тарихи-ұлттық атауы қайта берілді.
1920-1980 жылдары қала Түрікменстандағы ең ірі өнеркәсіп орталығына айналып, өндіріс орындар шығаратын өнімдері 1913 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 100-ге жуық пайызға артты. Металл өңдеу және машина жасау, электротехникалық, құрылыс материалдарын шығару, шыны жасау, мата тоқу, тамақ өнеркәсібі орындары, электростанциялары салынды. Әсіресе, қаладағы кілем тоқу кәсіпорындарының бұйымдары дүние жүзіне белгілі. 1969 жылы Байрамәли—Ғашықабат—Безмеин газ құбыры іске қосылды. Ғашықабат бірнеше рет зілзаланы бастан кешті (1893, 1895, 1929). 1948 жылы 6 қазанда болған зілзаладан түгелдей қираған қала қайта салынды. 1950-1960 жылдары заманауи сәулет өнерін шығыстық әсем әдіспен ұштастырған Үкімет үйі, көпшілік кітапхана бой көтерді. Ғашықабат — Республиканың мәдени және ғылыми орталықтарының бірі. Мұнда жалпы және арнаулы орта білім беретін мектептер, жоғары оқу орындар, Ғылым Академиясының ғылыми-зерттеу мекемелері бар. Мақтымұлы атындағы опера және балет театры, драма, қуыршақ театрлары, мұражайлар, газет-журнал редакциялары жұмыс істейді[6][7].
• Астана, Қазақстан* • Ашхабад, Түрікменстан • Бішкек, Қырғызстан • Душанбе, Тәжікстан • Мәскеу, Ресей* • Ташкент, Өзбекстан
• Бейжің, Қытай • Гонконг, Гонконг, (Қытай) • Макао, Макао, (Қытай) • Пхеньян, Солтүстік Корея • Сеул, Корея Республикасы • Тайбэй, Тайвань • Токио, Жапония • Ұланбатыр, Моңғолия
• Дакка, Бангладеш • Диего-Гарсия, ҮМБТ, (Ұлыбритания) • Исламабад, Пәкістан • Кабул, Ауғанстан • Катманду, Непал • Мале, Мальдивтер • Нью-Дели, Үндістан • Тхимпху, Бутан • Шри-Джаяварденепура-Котте, Шри-Ланка
• Бандар-Сери-Бегаван, Бруней • Бангкок, Тайланд • Вьентьян, Лаос • Джакарта, Индонезия* • Дили, Шығыс Тимор • Куала-Лумпур, Малайзия • Манила, Филиппин • Нейпьидо, Мьянма • Пномпень, Камбоджа • Сингапур, Сингапур • Уэст-Айленд, Кокос аралдары, (Аустралия) • Флайинг-Фиш-Коув, Кристмас аралы, (Аустралия) • Ханой, Вьетнам
• Абу-Даби, БАӘ • Амман, Иордания • Анкара, Түркия* • Бағдат, Ирак • Баку, Әзербайжан • Бейрут, Ливан • Дамаск, Сирия • Доһа, Қатар • Ереван, Армения • Иерусалим, Израиль † • Каир, Мысыр* • Манама, Бахрейн • Маскат, Оман
• Никосия, Кипр* • Рамалла, Палестина † • Сана, Йемен* • Солтүстік Никосия, Солтүстік Кипр • Степанакерт, Таулы Қарабақ Республикасы • Сухум, Абхазия • Тбилиси, Грузия • Тегеран, Иран • Цхинвал, Оңтүстік Осетия • Эль-Кувейт, Кувейт • Эпископи, Акротири мен Декелия, (Ұлыбритания) • Эр-Рияд, Сауд Арабиясы