Германия
9
99
16
ГФР (2-ші рет)
Нидерланд
Польша
Бразилия
38
97 (2,55 бір ойында)
Футболдан әлем чемпионаты 1974 — 1974 жылы бұрынғы Германия стадиондарында өткен ерлер арасындағы футболдан 10-шы чемпионаты. Чемпионатқа 16 елдің құрамасы қатысты. Чемпионатты өткізілу формасы өзгеріске ұшырады: 16 құрама бастапқы кезде бұрынғыдай 4 топқа бөлінгенімен, озып шыққан сегіз құрама тағы да екі топқа бөлінді. Ол жерде озғандар тікелей финалға өтсе, екінші орын алғандар бірден үшінші орын үшін таласа беретін болды.
Финалда Нидерланд құрамасын 2:1 есебімен ұтқан Германия (ГФР) құрамасы араға 20 жыл салып, екінші рет әлем чемпионы атанды.
Бірнеше жылдардан бері әлем чемпионаты футбол королі Пелесіз өтті. Пелемен бірге бірқатар футболшылар құрамамен қоштасып, 1974 жылы Бразилия құрамасы онша жарқырай алмады. Тіпті үшінші орын үшін таласта Польшадан ұтылып қалды.
Әлем футболы тарихында бірінші әрі соңғы рет финалдық турнирге қос Германия құрамалары — ГДР және ГФР құрамалары қатысты, бірге қатысып қоймай, бір топқа да түсті. Бұл екеуі "А" тобында соңғы турда өзара кездесіп, тарихи ойында демократ (ГДР) немістер 1:0 есебімен жеңске жетті.
Бұл әлем чемпионатында допинг-тест жүргізіліп, алғашқы турдағы Италия-Гаити кездесуінде Гаити футболшысы Жан-Жозеф әшкереленді. Сөйтіп ол чемпионаттан мүлде аластатылды.
7 гол
4 гол