Футболдан 1938 жылғы әлем біріншілігі (іріктеу турнирі) (ағылш.1938 FIFA World Cup qualification) — 1938 жылғы футболдан әлемнің үшінші чемпионатына жолдама беретін жарыс. Жарысқа 37 команда қатысты.
Үшінші чемпионат та әлемнің үздік командаларының басын түгел қоса алмады. Британдықтардың әлі де ФИФА-мен қарым-қатынасы онша емес еді, Уругвай бастаған Оңтүстік Америка елдерінің де осыдан төрт жыл бұрынғы өкпесі сол күйі жазылып үлгермеген болатын. Ал әу баста чемпионатты ұйымдастыруды Буэнос-Айреске сеніп тапсыруға ыңғай білдірген Халықаралық федерация жеме-жемге келгенде кезектің ретін бұзып, футболрнирді қатарынан екінші рет Еуропада өткізу футболралы шешім қабылдаған соң, ол бойкотқа Аргентина да қосылды.
Азаматтық соғыстың жалыны шарпып жатқандықтан, күшті командасы бар Испания чемпионатқа қатыса алмады. Бұл доп додасында сондай-ақ тұңғыш рет оны ұйымдастырушы ел (Франция) мен сол уақытта әлем чемпионы атанып тұрған құрама (Италия) іріктеу ойындарынан босатылып, финалдық футболрнирге бірден жолдама алды. Тағы үш команда – Бразилия, Куба және Индонезия (ол кездегі атауы – Нидерланд Үндістаны) қарсыластары ойнаудан бас тартқан соң бірде-бір іріктеу ойынынсыз-ақ финалистер қатарына қосылды[1].