1990 жылғы футболдан әлем чемпионатының шешуші матчы. 8 шілдеде Римдегі "Олимпико" стадионында өтіп, ГФР Аргентинаны 1:0 есебімен ұтты[1].
Матч
Шолу
Ойында немістер айқын басымдық танытты. Финалға дейінгі алты кездесуде 14 гол соққан Германия футболшылары бұл матчтағы басты фаворит еді. Оны матч барысында дәлелдеді де. Олар өте көптеген қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Оның үстіне 65-минутта аргентиналық Педро Монсон алаңнан қуылды да, латынамерикандықтар тек қорғанумен болды.
85-минутта бәрібір есеп ашылды. Төреші пенальти белгілеп, оны Андреас Бреме дәл орындады. Осы есеп ойын соңына дейін өзгерген жоқ.
87-минутта тағы бір аргентиналық ойыншы — Густаво Десотти алаңнан қуылды. Ойыннан соң төрешілерге ренжіген атақты Диего Марадона көзіне жас алды, күміс алқаны алудан бас тартты.
Протокол
Фактілер
- Тарихта тек бір рет қана чемпионат финалистері араға төрт жыл салып, жұбын жазбай финалға шыққан. 1986 жылы да финалда немістер мен аргентиналықтар ойнаған болатын.
- Немістер қатарынан үш рет финалға шыққан тарихтағы тұңғыш құрама атанды. Кейін, 1994-98-2002 жылдары бұл жетістікті Бразилия қайталады.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Шолу