Пауль Брайтнер (нем. Paul Breitner; 5 қыркүйек 1951, Кольбермор, ГФР) — германиялық (ГФР-лік) футболшы, қорғаушы.
Футболшы жайлы мәліметтер
1974 жылғы әлем чемпионы. 1972 жылғы Еуропа чемпионы. ГФР ұлттық футбол құрамасында доп тепкен.
Қазір Германия телеарналарында спорт журналисі ретінде жұмыс істейді.
1974 жылғы әлем чемпионатының финалында пенальтиден Нидерланд қақпасына гол соғып есепті теңестірді (кейін ГФР 2:1 есебімен жеңіске жетті). Брайтнер сегіз жылдан соң да ӘЧ финалында гол соқты. Бірақ бұл жолы немістер Италиядан 1:3 есебімен ұтылып қалды.
Карьерасында "Бавария", "Реал" секілді белді клубтарда доп тепті. 2004 жылы ФИФА-ның жүз жылдығына орай Пеле анықтаған үздік 125 футболшының қатарына енді.
Жетістіктері
- Клубтық
Бавария
- ГФР чемпионы: 1972, 1973, 1974, 1980, 1981
- ГФР кубогы: 1971, 1982
- Чемпиондар кубогы: 1974
Реал Мадрид
- Испания чемпионы: 1975, 1976
- Испания кубогы: 1975
- ГФР құрамасы
- Еуропа чемпионы: 1972
- Әлем чемпионы: 1974
- Әлем чемпионатының финалисі: 1982
- Жеке
- ГФР-дің үздік футболшысы: 1981
- Әлем чемпионаттарының екі финалында гол соққан бірінші футболшы (1974, 1982).
- ФИФА-100 тізіміне енген.
Қатысқан турнирлері
- 1972 - Еуропа чемпионаты
- 1974 - Әлем чемпионаты
- 1982 - Әлем чемпионаты
Сілтемелер