Англия
7
8
74
16
Англия (1-ші рет)
Германия
Португалия
КСРО
32
89 (2,78 бір ойында)
Ерлер арасындағы футболдан әлемнің 8-ші чемпионаты — 1966 жылы Англия стадиондарында өтті. Турнирдің өткізілу ережесі дәл 1962 жылғыдай болды. Финалда ГФР құрамасын 4:2 есебімен ұтқан Англия тұңғыш рет әлем чемпионы атанды.
Чемпионат басталардан үш жарым ай бұрын, 1966 жылы наурыз айында Лондондағы Вестминистер сарайында сақтаулы тұрған әлем кубогі аяқ астынан ұшты-күйлі жоғалды. Бүкіл полиция аяғынан тік тұрып іздейді. Бірақ кубокты олар емес, Лондонның 26 жасар тұрғыны Дэвид Корбеттің "пиклз" атты иті қаланың ішіндегі бұталардың арасынан тауып алады. Артынша күдікті саналған Эдвард Блетчли есімді жігіт екі жылға сотталып кетеді.
Бұл чемпионат — әйгілі португалдық футболшы Эйсебио қатысқан жалғыз әлемдік біріншілік еді. Эйсебио барынша жарқырады, алты матчта тоғыз гол соғып, чемпионат сұрмергені атанды, ал Португалия құрамасы әлем чемпионатына бірінші рет қатысып отырса да, күміс жүлдені иемденді.
Толық мақаласы: Футболдан 1966 жылғы әлем біріншілігі (финал)