Араб тілі — семит тілдерінің ішіндегі сөйлеушілер саны жағынан бірінші орын алатын, әлемде 422 миллионға жуық адам сөйлесетін тіл. Араб тілі негізінен араб елдерінде және Сенегал, Чад, Эритрея елдерінде таралған. Араб тілі Құранның тілі болғасын мұсылмандардың арасында қасиетті тіл саналады және кейбір құлшылықтар (мыс.: намаз) араб тілінен басқа тілде орындалмайды. Сонымен қатар араб тілі кейбір араб елдеріндегі христиандардың діни жоралғылары орындалатын тіл. Орта ғасырлық яһуди дініне арналған еңбектердің көбісі осы араб тілінде жазылған. Ислам дінінің таралып, мұсылмандардың көптеген елдерді билеуіне байланысты араб тілінің да мәртебесі жоғарылап, араб тілі саясат, әдебиет пен ғылымның тіліне айналды. Араб тілі түркі тілдерге және урду, албан, малай мен индонезия тілдеріне, кейбір африкалық тілдерге (хауса, суахили), европалық тілдерге (испан, португал, мальта тілдері) көп әсер етті.
Араб тілі араб елдерінде, Эритрея, Чад пен Израиль елдерінде ресми тіл саналады. Араб тілі БҰҰ-ның алты ресми тілінің бірі боп табылады.
Араб тілі 28 әріптен құралған. Бірақ кейбір тіл ғалымдары «һамза» белгісін әріп ретінде санап, араб әліппесі 29 әріптен тұрады деп санайды. Араб тілінің басқа тілдерден айырмашылығы — парсы және иврит тілдері сияқты араб жазуы оңнан солға жазылады. Араб тілінің ерекшеліктері: тілде және әліпбиде "ч, п" дыбыстары, әріптерінің болмауы. Прото семиттік (барлық семит тілдерінің бабасы) тілдегі п араб тілінде ф-ға ауысқан.
Араб тілінің атаулары
Құранның тілі — мұсылмандардың қасиетті кітабы Құран араб тілінде болғандықтан осылай аталып кеткен.
«Дад» әрпінің тілі — «дад» (ض) әрпі тек қана араб тілінде кездескендіктен, бұл тілді осылай атап кеткен. Бұған Әбу Таийб әл-Мутанаббидің сөзі мысал бола алады:
Олардың мақтанышы «дад»-ты айту
Араб тілінің классификациясы
Тіл ғалымдарының тұжырымы бойынша араб тілі Афро-Азиялық семит тілдері тобынан шыққан. Бұл тіл батыс семит тілдерінің орта бөліміне жатады, сондықтан араб тіліне ең жақын тілдер: иврит және арамей тілі. Араб тілі пайда болу және тарихы жағынан семит тілдерінің ең жас тілдерінің бірі саналады, бірақ кейбіреулер оны бастапқы семит тілдерінің негізі болған тілге ең жақын тіл санайды. Бұлай айтудың себебі араб тілі тек Арабия түбегінде қолданылып, басқа семит тілдері сияқты шет тілдерден әсер алмаған.
Араб тілінің пайда болуы
Араб тілінің пайда болуы туралы көптеген пікір бар. Біреулер араб тілін ең алғаш қолданған Йариб (араб.: يعرب) деген адам болып, осы тіл соның атымен байланысты аталған деп санайды. Мұхаммед пайғамбардан ﷺ жеткен хадисте анық араб тілімен ең бірінші сөйлеген Ибраһимның ұлы Исмаил пайғамбар болған деп айтылған. Ал кейбіреулер араб тілі жұмақтағы Адам ата сөйлеген тіл деп санайды, бірақ бұған дәлел ететін діни мәтіндер жоқ.
Басқа семит тілдерінен айырмашылығы
Араб диалектілерінің бірігуі
Араб тілінің шарықтауы
Араб тілінің құлдырау кезеңі
Қайта қалпына келуі және қазіргі замандағы жағдайы
Араб тілі Қазақстан аумағына 7-9 ғасырлардан бастап, негізінен, діни әдебиеттер, діндарлар, мешіт-медреселер ықпалымен кең тарады.[2] Қазан төңкерісіне дейін (1917) Қазақстанда араб тілін еркін меңгерген сауатты адамдар көп болған. Кеңес өкіметі дәуірінде бұл дәстүр әлсіреді. Тек XX ғасыр соңғы ширегінде Қазақстанда араб тілін оқып үйренуге арналған бірқатар оқулықтар, анықтамалықтар, арабша-қазақша сөздіктер жарық көре бастады.
↑Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3