Араб тілінің Мысыр диалектісі (араб.: اللهجة المصرية немесе мысыр-араб тіліараб.: اللغة المصرية الحديثة, өзіндік атауы — масри, مصري) — Мысыр халқының көп бөлігі сөйлейтін араб тілінің диалектісі.
Классификация
Бұл тілдің шығу тегі араб тілінен бе, әлде бұл бөлек тіл ме деген тақырып талас-тартыстың себебіне айналып отыр. Ресми түрде ол афразиялық тілдердіңсемит тобына жататын араб тілінің диалектісі саналады.
Қазіргі халі
Шамамен 76 миллион мысырлық араб тілінің диалектілері тобында сөйлеседі. Мысыр диалектісі мысырлық БАҚ-тардың басымдылығына байланысты барлық араб әлеміне түсінікті, ең көп таралған және көп зерттелетін диалект саналады.