Араб тілінің диалектілері

Араб тілі.

Араб тілінің диалектілері (араб.: اللهجات العربية‎) деп әлемнің араб тілді тұрғындарының арасында тараған араб тілінің нұсқаларын атайды. Заманауи араб тілінің диалектілері үлкен бес топқа бөлінеді — Арабия, Месопотамия, Сирия-Палестина, Мысыр және Мағриб диалектілері. Бұл топтарға аз ғана халықтың арасында таралған, жойылып кету қаупі төнген, Араб әлемінен оқшауланған диалектілер кірістірілмейді. Араб тілінің нұсқаларының бір-бірінен және классикалық «Құран тілінің» жалғасы боп табылатын қазіргі әдеби тілден біршама айырмашылықтары бар, тіпті әр түрлі диалектіде сөйлейтін адамдар арасында өзара түсініспеушілік туындауы мүмкін.

Көптеген ғалымдар қабылдаған дәстүрлі сыныптауға (классификация) сәйкес, араб диалектілері бес топқа бөлінеді[1][2]:

Араб әлемінен оқшау орналасқан жерлерде таралған араб тілінің нұсқалары бұл топтарға кірістірілмейді (мысалға: Кипр марониттерінің тілі немесе Орта Азия арабтарының диалектілері).

Дереккөздер

Әдебиет

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!